Ғылым философиясы – тар мағынада – қазіргі замандағы батыс
философиясындағы ағым. Ол ғылыми танымның ерекшеліктерін
айқындау,
оның құрылымын зерделеу, ғылымның даму
заңдылықтарын көрсетумен айналысады. Ғылым философиясын
зерттейтін философиялық мектептер
ішінен позитивизм мен
неопозитивизм, сыншылдық рационализм, постпозитивизм,
ғылыми
танымның философиясы мен
методологиясы және т.б. атауға болады.
Ғылым философиясының басталу кезеңін шартты түрде XYIII
ғасырдың екінші жартысына, ал толық
қалыптасуын XX ғасырға
жатқызуға болады. Оның эволюциясының 4 кезеңін атауға болады.
Ғылым философиясының пәні, яғни зерттеу объектісі мыналар
болады:
- ғылымның шығу тегі;
- ғылымның табиғаты мен мәні;
- ғылыми даму заңдылықтары;
- ғылым мен қоғам қатынасы;
-
ғылыми қызметті ұйымдастырудың әлеуметтік формаларын
дамыту;
- ғылыми қызметтің этикасы;
- ғылыми дамудың келешегі.
120
1.Ғылым философиясының эволюциясы
Бірінші кезең – О.Конт, Дж.Ст. Милль, Г.Спенсер, Уэвеллдың еңбектеріндегі
идеялар.
Екінші кезең – ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. басында ғылымдағы революциялық
өзгерістердің (жаңалықтардың) нәтижелерін түсінумен байланысты (Э.Мах,
А.Пуанкаре, Дюгем, Н.Бор).
Үшінші кезең – ғылыми білімдердің құрылымын эмпириялық талдауды кеңейтумен
байланысты (логикалық эмпиризм, логикалық атомизм). Бұл кезеңде әсіресе ғылым
тілін талдау үстемдік алды («Вена үйірмесі», Берлин тобының өкілдері – О.Шлик,
Р.Карнап, Л.Витгенштейн, К.Гедель, Г.Рейхенбах, К.Гемпель және басқалары).
Төртінші кезеңде зерттеулер ғылыми білімдердің қалыптасу, өзгеру процестерін
және құрылымының эволюциясын тануға бағытталды (постпозитивистер К.Поппер,
Т.Кун, И.Лакатос, М.Полани, Ст. Тулмин, Дж.Агасси, П.Фейерабенд ).
Ғылым генезисі (шығу тегі) туралы әр түрлі ұғымдар бар:
-
Ғылым адам бітімімен бірге пайда болған. «Неолиттік
революция», яғни тағылықтан варварлыққа өту дәуірінде протоғылым
(ғылымның бастамасы) адаммен бірге дүниеге келген (Г.Спенсер,
А.Гурштейн);
-
Ғылым ежелгі шығыс өркениетінде пайда болған.
-
Ғылым антикалық дәуірдің жемісі.
-
Ғылым ортағасыр заманының
аяқталуымен іспеттес пайда
болды.
-
Ғылым Жаңа заман (XYII ғ.) құбылысы.
- Ғылым тек ХХ ғ. толық айқындалды.
Ғылым адам қызметінің ерекше формасы, әлеуметтік – мәдени
құбылыс, феномен, тұтастық ретінде шын мәнінде ХҮІІ ғасырдан бері
қалыптаса бастады. Ол дербестігіне ие болып, қоғамда ғылыми
институт
қалана бастады, ғалымдар (ғалымдар қауымдастықтары),
яғни ғылыми қызметтің субъекттері пайда болды.
Ғылымның дамуы күрделі диалектикалық процесс, ол
эволюциялық дамумен бірге революциялық (күрт, секіріс) түрінде де
Достарыңызбен бөлісу: