Философия және мәдениеттану: Оқу құралы


«Қазақ елі мәңгілік» ұстыны аясындағы қазақстандық ұлттық идея



бет18/22
Дата22.09.2022
өлшемі1,7 Mb.
#39867
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
4.3 «Қазақ елі мәңгілік» ұстыны аясындағы қазақстандық ұлттық идея
Ұлттық идея жәдігөйлердің ашқан жаңалығы емес, миллиондаған адамдардың өздерінің міндеттерінің түсінуінің жемісі болып табылады. Біздің міндетіміз – қоғамның көп ұлттылығын тұрақты бірлестіруші факторға айналдыру, яғни мықты ұлттық идея қалыптастырып, бүкіл халықтың арман-мүддесін жүзеге асыру.
Елдер мен елдердің, ұлттар мен этностардың мақсат мұраты ескерілмеген жағдайда, бір елдің екінші елге дұрыс қарамауы, бір халықтың екінші халықты кемсіту, намысын қорлау, бір тілдің екінші тілді қыспаққа алу, бар болмысын, құндылықтарын аяқ-асты ету орын алса, ұлттық идеяға қауіп төнері анық. Сондықтанда ондай өрескелдікке жол бермеуіміз керек. Сол себепті еліміздің ұстанымы өз-ара тату, бейбіт өмір сүру, ауызбіршілік, ынтымақтастықта әр халықтың рухани үйлесімділігін сақтап, еліміздің абыройын асқақтата отырып, әлемдік деңгейге көтеру үшін елімізідің әр бір азаматы бойындағы бар күш жігерін салып, жаңа заманда жаңаша өмір сүруі қажет.
Ол үшін Елбасымыздың «Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан» атты халқымызға жолдаған жолдауында ең бастысы білім саласына баса назар аударып, ел болашағы жастардың білім деңгейінің әлемдік стандартпен тең болу керек екендігіне зор көңіл бөлгендігі аса қуанышты жағдай екені баршаға аян. Ел болашағын тереңнен ойлай білу үшін ұлттық идеяның өзегі ретінде қазақтың тілін, рухын, мәдениетін көтеру міндет. Бұл ұлттық мүдде мен ұлттық идеологияның астасар тұсы. Ұлттық идеология туралы әңгіме, ең алдымен, қазақ мемлекеті туралы әңгіме. Бүгінгі ұлттық идеология - ұлттық мемлекет құру. Ал, кез-келген мемлекетте ең алдымен мемлекеттік идеология жүреді. Бұл идеология мемлекеттің ішкі-сыртқы саясатын пәрменді жүргізуге бағытталған ең басты қаруы, ең басты қондырғысы.
Тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстанның негізігі идеясы – Ел Тәуелсіздігін баянды ету, халықтық, ұлттық бірлікті нығайту, әлеуметтік, экономикалық жағдайларды жақсарту, көрші елдермен тату-тәтті өмір сүру, Республикаға сырттан инвестиция тарту сияқты аса маңызды мемлкеттік мүдделерді жүзеге асыруға бағытталады. Біздің мемлекетік идеологияның ауқымы 2030-ға дейін аралықты қамтып жатыр.
Ал, ұлттық идеологиямыз қандай мазмұнда болуы қажет ?
• Ең бірінші ұлттық идеологиямыз табиғи, ойдан шығарылмаған, қазақ ұлтының нақты болмысынан туындаған болуы.
• Екіншіден, ол біздің Ата заңымызға қайшы келмеуі тиіс. Яғни нәсілдік, ұлттық, діни кемсітуден алыс тұрғаны абзал.
• Үшіншіден, ұлттық идеология Қазақстандікі болғандықтан, қазақ халқының мақсаты мен мұратын ұлықтаумен қатар, басқа диаспоралардың тарихи, дәстүрлі, этникалық ар-намысына тимейтін болуы.
• Төртіншіден, ұлттық идеология ұзақ мерзімді, мәнді, баянды болуы қажет.
Бүгінгі заман - мәдениеттердің жаһандану кезеңі. Жаңа сапаға көшер алдындағы, яғни, өз дамуының ең биік сатысы - біртұтас адамзаттық өркениеттке құйылар алдындағы қарбалас шағы. Жаһандану - өркениеттің кезекті даму сатысы. Қазіргі әлемдік мәдениет пен өркениетте ерекше ықпал тигізіп отырған жаһандану-өмірдің барлық салаларын қамтып отырған күрделі процесс. Ол дүниежүзілік адамзат қоғамының даму заңдылықтарын айқындайтын факторлардың бірі ретінді қоғамда тіл мен дінімізге, рухани кеңістігімізге әсер етеді. Жаһанданудың бір жағынан дәуір үрдісі екенін мойындай отырып, екінші жағынан, мәдениет пен өркениет тоғысуына алып келер күрделі тұстары барын айтуға тиіспіз. Бұл, әсіресе, бір қоғамнан екінші бір қоғамға өтудің күрделі қиындықтарын басынан өткеріп жатқан, жаңаға ойы, бойы толық үйреніп кете алмай отырған Тәуелсіз елдер өмірінен анық аңғарылады. Жаһандану мен қатар өркениетте өріс ашар жаңалықтар да келіп жетті. Технология дамыды, модернизация құлаш жайды, ақпараттық кеңістік кеңейді, өмір сүру салтымыз бен мінез - құлқымызда да өзгеріс нашандары байқалды. Дүниенің төрт қырымен байланыс күшейіп, орныға түсті. Қазақ елі еркіндікке бет түзеді. Бұл, сөз жоқ, жаһандану алып келген игілікті, табысты өзгерістер. Халықтар өзінің бұрынғы, бүгінгі, ертеңгі-әр кездегі дамуын терең тануда өзіндік бағыт-бағдар алды. Әр халықтың өркениет әлеміндегі орнын білу мүмкіндігіне ие болып қалыпты жағдайда өмір сүруін қамтамасыз етеді.. Біздің әлемдік өркениетке қол жеткізуімізге мүмкіндік туды. Бұл орайда әлемдік өркениеттің өрісне шыққан, дамудың сара жолына түскен елдердің тәжірибесіне баса назар аудара отырып, өз жолымызды табудың маңызы зор болмақ. Демек, біз, таяудағы жылдарда дәстүрімізге сай халықтық қалпымызға оралып, әлемдік білімді игеруге қол жеткізу арқылы біздің де өркениетті елдердің қатарына қосылуымызға, яғни адамзат өркениеті биігіне көтерілуімізге толық мүмкіндігіміз бар екендігі ақиқат. Оған көптеген шаралар жасалып, алғашқы қадамы жүзеге асып та жатыр. Қазақ халқының рухани түлеуінің тарихи жағдайларды түгендеусіз мүмкін еместігі, тарихи, ділдік, діни және тілдік сабақтастықтың ұлттық идеологияның негізі екендігі де барынша сезіле бастады. Әлем тарихында дәл қазақ тәрізді біртұтас, біртекті халық ұшыраса қоймайды, яғни бар қазақ бір кісінің баласы! Біздің бабаларымыз бөлшекке емес, бірлікке сенген, бөтендікке емес, туыстыққа бас ұрған. «Бәріміз Қазақ байдың баласымыз», «Керегеміз ағаш, ұранымыз Алаш», «Киіз туырлықты, Алаш ұранды қазақпыз!» ( М. Мағауин ).
Дүниеде бостандыққа, еркіндікке пара-пар келетін не бар?
Сол бостандықтан көп жылдар көз жаздырып кетіп, қолымызға қайта қонғанда, қадіріне жетіп, иелік ете алмасақ, келер ұрпақ бізді кешірмейді, - деп Жұмаділ ағамыз айтқандай қолда бар мүмкіншілікті дер кезінде пайдаға асыру міндет.
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты,
Қырандай күшті қанатты,
Мен жастарға сенемін, -
деп Мағжан атамыз жырлағандай келешек жастарға еліміз, халқымыз, Отанымыз зор үмітпен сенім артуда. Болашақ жастардың қолында. Адамның жігерін арттырып, құлшындыратын нәрсе - болашаққа сену. Болашаққа сену - адамдар жасап жатқан тіршілікке өркениетті елдің өмір өрнектеріне, жеке адамның қайрат-жігеріне байланысты. Болашаққа сенім біздің арманымызды биіктетіп, мақсат-мүдделерімізді айқындатып, алға бастайды. Ұлтаралық келісімді нығайту, Қазақстан қоғамының бірлесу идеясын жүзеге асыра отырып, ел ішіндегі бірлікті сақтау өте маңызды. Қазір бұл мәселе орын алып отыр, сондықтан да басты міндет – ұлттық идеологияның біріктіруші, сындарлы рөл атқаруында жатыр.
Еліміздің болашақта өркениетті дамуының, өзміз бара жатқан қоғамның негіздері нақ бүгін қалануда. Бұл Қазақстандағы ұлттық идеологияның басты идеялары болып табылады. «Алдыңда не күтіп тұр соны ойла, игі мақсатқа тура жүрген жетеді»- деп Фирдоуси айтқандай, осы бағыттарды нақты ұстасақ, 2030 қарай Қазақстан Орталық Азия барысына айналады, өзге дамушы елдер үшін үлгі болары анық. Біздің халқымыз қазір ғасырда бір болатын шешуші кезеңде, үлкен жолдың айрығында тұр. Бұл жолды таңдауда қапы соғатын жөніміз жоқ (Қ. Жұмаділов).
Дұрыс идеологиялық бағдарды ұстанып, болашаққа сеніммен аяқ басайық. Көп ұлтты, көп конфессиялы республикамызда мемлекеттік тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бергі салыстырмалы аз мерзімнің ішінде берілген конституциялық құқық негізінде идеологиялық ағымдардың түрлі нұсқалары қалыптасып үлгерді. Еліміздегі этно-демографиялық, саяси-әлеуметтік жағдайдың дамып, өзгеруіне байланысты осы идеялардың арасынан басталған реформалардың табысты жүргізіліп, оған қоғам мүшелерінің белсенді қатысуын қамтамасыз ететін, халықгың көпшілік бөлігінің рухани сұранысын қамтамасыз ете алатын ұлттық дәстүрін, құндылықтарын мемлекеттік дәрежеге көтерудің қажеттілігі барынша сезіле бастады.
Ұлттық мемлекет – еліміздің негізін құраушы, ұйыстырушы қазақ ұлты және қазақ ұлтының қалыптасқан тарихи мекені болғандықтан міндетті түрде қазақ ұлтының мемлекеттігі орын алуы шарт.
Дәстүрлі дін – халқымыздың сонау ғасырлар елегінен еленіп, екшеліп өткен дәстүр, ғұрып, дүниетаным, наным – сенімнің ислам дінімен астасып біртұтас қазақ халқының дәстүрлі ислам дінін құрауы. Қазақ даласында ислам дінін орнықтырғандардың бірі – данышпан бабамыз Қожа Ахмет Ясауи осы жағдайларды ескере отырып, түркі жұртындағы ислам дәстүрлерін қалыптастырды. Ясауидің тікелей жанқиярлық еңбегінің арқасында ғана қазақ тайпаларының ұлттық ортасында Ислам канондары мен далалық дәстүр үндестік тапты. Осы дәстүрмен мінекей ата бабаларымыз ғасырлар бойы өздерінің ұлттық сана сезімдерін қалыптастырып келеді. Сондықтан ұлттық сипатқа айналған дәстүр мен дүниетанымымызға сырттан келіп түзету жасағысы келетіндерге жол бере алмайтынымызды ашық айтамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет