Философия және мәдениеттану: Оқу құралы



бет20/22
Дата22.09.2022
өлшемі1,7 Mb.
#39867
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
ҚОРЫТЫНДЫ

Қаншама жылдар біз ел болып қалыптасуды арман еттік. Бізге Қазақ елі атану арман болды. «Ел болу биік әрі мағыналы сөз, оның ірге тасы мемлекет». Қазақстан Республикасы - тәуелсіз егеменді мемелекет. Тек мемлекеті бар ел ғана өркениет жолына түсе алмақ, сондықтан Қазақ өркениеті деген ұғымды қоғамдық білімдер жүйесінде қолдануға мүмкіндік туды. Өркениетті елдер қатарына ену барысында ұлттық идеология - халықтың, бүкіл елдің әдет - ғұрып, салт-дәстүр, санасын ғасырлар бойы дамытып, жетілдіру арқылы ұрпақтан - ұрпаққа таралып, Тәуелсіз мемлекетіміздің қалыптасуына өз үлесін қосуда. Ұлттық идеологияның қалыптасуының қазақ ұлтының да, қазақ мемлекеттігінің де, жас ұрпақтың да болашақ тағдыры үшін әсері өте үлкен. Өз азаматтарына дұрыс идеологиялық бағыт-бағдар ұсынған мемлекеттің ғана өмірі тұрақты, болашағы баянды. Қазақ елі – мәңгілік ұлттық идея .


Сонымен, зерттеу жұмысын қорытындылай келе, оның басты тұжырымдарын түйіндейік.
- Ертедегі көшпелілер әлемінің мәдени тарихына үңілгенде оны қазақ халқының тіршілік тынысымен салыстыра зерделеу тәсілі тек шығыстанушы ғалымдар ғана емес, тарихтың сан алуан салаларын зерттеуді барша қоғамтанушы ортасында дәстүрге айналды. Еуразияның ұлы даласында жүздеген, бәлкім мыңдаған жылдар бойы асығын алшысынан түсіріп, дүниенің төрт тарабын өз үйінің төріндей билеген салт атты көшпелілер өркениеті біздің жыл санауымыздың бірінші мың жылдығын тауысар шақта жойқын бөлшектену кезеңін басынан кешті. Дәлірек айтсақ, мәдени-рухани біртұтастықты түркі әлемінен осы күнгі түркі тілдес ұлттар өз алдына жеке-жеке отау тігіп, дара этникалық нышан қалыптастыра бастады. Демек, аталмыш дәстүр бүгінгі Қазақстан – киелі шаңырақ иелері қазақ этносымен өз жалғасын тапты.

  • Сан ғасырлық шежіресі бар, өзіндік тарихи даму сатысынан өткен қазақ халқының дәстүрлі мәдениеті көшпелілік тұрмыс салтымен қатар далалық қала мәдениетін, металл, алтын өңдеу өндірістерін, нақтылай айтқанда, ұсталық пен зергерлік өнер түрін дамыта білді.

  • Қазақ өркениетінің пайда болуы мен қалыптасуына ықпал еткен үрдіс қоғам мен табиғат арасындағы тығыз қарым-қатынас. Көшпенділер қоғамының өркениеттілік қуаты әлеуметтік организмнің айнала табиғи ортаға икемделе білуіне негізделген.

- Зерттеуіміздің арқау болған өркениет дүниетанымының бірлігі мен әртүрлілігі заман талабына сай туындап отырған мәселе болғандықтан осы процестегі үйлесімділіктер мен қайшылықтар жаңа мәдени құндылықтар көзі ретінде қарастырылды. Әлемдік тарихи-мәдени даму қоғамда қайшылық тудырып отырған төмен деңгейдегі құнсыздықтар мен келеңсіздіктер проблемасымен күресіп келеді. Өркениеттік дәстүрдің жаңа бағытқа бет алуы заңдылық, бірақ қазіргі өркениет жетістігіне негіз болған бастапқы идеялар мен алғашқы туындылар одан тысқары қалмауы тиіс. Себебі, өркениет жағдайында дәстүрлі мәдениет жаңа өркениет талаптарымен ұштасып жатады.
- Біз қазақ өркениетінің тарихын, мәдениетін жаңа дүниетанымдық позиция тұрғысынан қарастыра отырып, әлемдік тарих аясындағы қазақ өркениетінің алатын орнын анықтап, объективті түрде бағалай білуіміз керек. Қазақ мәдениетінің және өркениетінің өзіндік болмысын тану жаһандану кезеңінде егеменді Қазақстанның тұрақты дамуының негізгі шарттарының бірі болмақ.
- Еуразия ұлы дала кеңістігінде орын алған этностардың өркениеттік дәстүрін жалғастырушы қазақ өркениетінің өзіндік болмысы айрықша сипатқа ие. Отырықшы, жартылай отырықшы және көшпелі өмір салтын үйлестіре білген түркі мәдениетінің негізінде номадалардың мәдени-дүниетанымдық философиясы жатыр.
- Қазақ мәдениеті мен өркениетінің кеңістік-уақыттық сипаттамаларын философиялық және ғылыми тұрғыда қарастырудың, уақыттың статикалық және динамикалық, субстанционалды және реляционалды тұжырымдамаларын, уақыттың объективті және субъективті, айналмалылығы мен бірбағытты қайтымсыз, абсолюттілігі мен салыстырмалылығы, үздіксіздігі мен дискреттілігі, шектеулілігі мен мен мәғңгілі сияқты қасиеттерін сараптау негізінде тарихи сананың қалыптасуы мен дамуына уақыт туралы көзқарастардың тигізген әсері зерделенді.
- Қазақ мәдениеті мен өркениеті ұғымдарын әлеуметтік жады, мәдени ес, этностық зейін, мнемониялық уақыт пен кеңістік, әлеуметтік, мәдени, тарихи, этностық амнезия түсініктерімен байланыстырып, еуразиялық көшпелі өркениет тарихының тарихи реконструкциясын беруге талпыныс жасалды.
- Қазақ өркениеті феноменінің өзіндік әлеуметтік-мәдени ерекшеліктерін ескере отырып, дәстүрлі қазақ мәдениетіндегі өркениеттік сана көрінісінің формалары қалыптасуы мен дамуының этномәдени және этноәлеуметтік компоненттері қазақ тарихы аясында қарастырылды.
- Дала өркениеті ең алдымен түркі нәсілді халықтардың ортақ мұрасы. Ал ол болса – сақ, ғұн, түркі, қыпшақ,қазақ, созақ (қарақалпақ), татар, башқұр, ноғай халықтары болып өрбиді. Оның еншісіне шығыста Қытай, батыста орыс империяларын құдайым көрші етіпті. Еуразиялық кеңістікте Түрік қағанаты, Моңғол ұлысы (Алтын орда), Ресей империясы (кейін Кеңестер Одағы) пайда болды.
- Біз 3000 жыл ішінде көптеген өзгеріске ұшырадық. Түркі әлемі 40 жуық этностарға бөлінді, олардың тарихи болмысы да, тағдыры да әрқилы. Түркі, оғыз, қырғыз, қыпшақ тарамдарына бөлінген олардың негізі бір екені есінде. Бірақ, бұл күнде түркі әлемі бір. Діні бір, ділі бір, түбі бір бұл этностар әрқашан да бір болуы күмән тудырмайды.
- Түркі әлемі байтақ кеңістікте өскенімен оларды қоршаған басқа өркениетке жататын халықтар баршылық. Сондықтан оларды кең болуды үйренді. Қыпшақ этносы бүкіл Евразия сахарасындағы этностардың құрамына енді. Ұлы Жібек жолы кезінен саудаға, саттыққа, мәдени қатынасқа үйренген олар бейбітшіліктің жоғары бағасын біледі. Түркі әлеміне нәсілдік, ұлттық менменділік жат. Олар діни соғыс жүргізіп көрген емес. Қазақ әлемі соңғы 300 жыл ішінде діни қырғи қабақтылықты білген емес.
- Өркениет шындығына келгенде мәдениет. Ал мәдениет болса тірнек (материальная), көрнек (духовная) мәдениеті болып, барша өмірдің саласын қамтиды. Ол ел билеу мәдениеті, ол еңбек мәдениеті, ол рухани мәдениет, ол экалогия мәдениеті, адам мен адамдар қатынасының мәдениеті, ол махаббат мәдениеті, ол мемлекетаралық, халықаралық қатынастар мәдениеті. Еуразия сахарасында орналасқан Қазақстанда ұлттық мәдениет басқа мәдениеттермен байланысып, ұштасып жатады, ол азиялық және еуропалық мәдениеттің қосындысы бола тұра ұлттық болмысын сақтайды, ұлттық асқақтылық сипаты түрленіп, нәрленіп байи түскенімен негізгі қасиетін жоғалтпай келеді, оның ұлттық сипаты жоғалсаұлттың өмір сүруі мүмкін емес. Қазақ мәдениетінің ХХІ ғасыр жаңғыру дәуірі, тәуелсіздік рухына сүйенген шағы.
Қазақстан көп ұлтты ел, ал сол көпұлттылық мемлекетте өркениеттік тарихи мәдени мұраға жауапты халық – қазақ халқы. Ол халық Қазақстанның болашағына ерен еңбек етуге тиіс. Ол көпұлтты елді біріктіретін де, еңбекке жұмылдыратын да күш. Ұлттық болмыс Отанға деген сүйіспеншіліктен, оның алдындағы азаматтық қарыз бен парыздан туындайды. Біздің Отанға деген адал еңбегіміз барша әлемдік өркениеттен алар орнымызды, жарқын болашағымызды анықтайтын фактор екені хақ.
Оның мазмұнын ашуда тың түсініктер керек, олардың біразын атап айтсақ, өркениеттік өлшем, өркениетік шешім, өркениеттік келісім, өркениеттік ізденіс, өркениеттік сана, өркениеттік тұрмыс, әлем халықтарының өркениеттік үрдістерін қабылдай білу және соған бейімделе отырып, елдік құндылықтарымызға жаңа сапалық үрдіс ашу. Шын мәнінде бүгінгі Қазақстан - қайта еңсе көтерген , қайта түлеген, жаңғырған, қайта жарқырай көрінген жаңа мемлекет екенін кім жоққа шығара алады? Кейінгі кезеңде қазақ зиялылары ұлттық идеология туралы сөз қозғай бастады. Бұл жақсылықтың нашаны, ұлттық есею мен зерделенудің, рухани баюдың белгісі. Ұлттық идеологияны іздеу - халықтың өзін-өзі іздеуге кіріскендігі. Өткенінде өнеге, тарихында тәлімі бар ел төл дәуірінің толғақты сәтерінде өзіне-өзі есеп беріп, қош айтысқан замандарды санасына қорытып төрт құбыласын түгендейді, өткен ғасырдан сыр сауады, маңдайы тірелген кезеңнің тамырын басады, келер күнге барлау жасайды. Етек – жеңін осылай түгендеген соңғы ойды ұлттық идеология деңгейінде қорытуға талпынады.
Ұлттық идея дегеніміз – тарихтың жоғалтқанын бүгіннен іздеу, бүгіннің талабын тарихта кеткен қателерден арылта отырып қанағаттандыру, келешекке халық тарихының философиясы арқылы үңілу. Осы түпкі мақсаттарды орындауға қызмет ететін бүкіл идеялар жүйесі - қазақтың ұлттық идеологиясын құрайды. Қазақ елінің басты мақсаты - жаңа XXI ғасырдың оқыған, білімдар, білікті, техниканы, ілім-білімді терең меңгерген, дені сау, мықты, қажырлы, табанды, ақылды кемеңгер, ұлтжанды, отаншыл ұлтын тәрбиелеу.
Аңғарып отырғанымыздай, ұлттық идеология - халықтың уақытша қиындықтары мен кезеңдік қажеттіктерін өзек ете салатын идея ғана емес, халықтың бері салғанда ғасырлық, әрі салғанда дәуірлік мұратын айқындайтын, келер ұрпақтарға да шамшырақ бола алатын ғасырлық рухани философия. Ұлттық идеологияның негізі - қоғамның ең маңызды талаптары мен қажеттіліктері арқылы айқындалады. Кез келген қоғамда көздеген мақсатқа жету үшін ең бастысы – ұлттық бірлік керек, ал ұлттық бірлікке жету үшін – мықты идеология қажет.
Біздің бүгінгі ұлттық идеологиямыз - негізгі құндылықтарымызды сақтай отырып, әлемдік өркениеттік үрдістер аясында саяси, әлеуметтік, экономикалық тұрғыдан өз орнымызды иелену, ол үшін талай жылдар ата – бабаларымыз армандап кеткен тәуелсіздігімізді баянды да берік етіп, тек қана қазаққа тән ұлттық рухымызды, ар-ұятымызды, кеңпейілділігімізді, адамгершілігімізді әлемге паш ету және әр қазақ өзінің қазақ екенін мақтан тұтуы қажет.
Қазақстан - әрі батыс, әрі шығыс елі, ерекше ортада тұрған көп ұлтты мемлекет. Оның өзіне тән ұлттық, қоғамдық еркешеліктері бар. Сондықтан ұлттық идеология негізінде халқының бойына патриоттық сезімді қалыптастыратын болсақ, Қазақстаннның даму жолында өзінің сара жолы бар.
Ұлттық тұтастықтан, мемлекінен айырылудың әкелер қасіретін – бек ұлдардың құл болатынын, пәк қыздардың күн болатынын осыдан XIII ғасыр бұрын Күлтегін тасына қашып жазған байырғы түркілердің даналығына қалайша бас имейміз.
Қазақстандағы ұлттық идеологиясының жасы - қазақ ұлтымен түйдей құрдас. Ол қазақтармен бірге дүниеге келді, әрі тарих сахнасына да қазақтармен қол ұстаса көтерілді. Мұратсыз ұлт болуы мүмкін емес. Ендеше ұлттық идеологиямыздың бес ғасырдан астам тарихы бар екен. Оның өзі бірнеше дәуірден тұрады. Қазақ хандығы тұсында өзегін мемлекетті нығайту, этникалық территорияны қалыптастыру, бірде тілін, бірде тісін көрсеткен Ресей, Қытай, Жоңғар, Орта Аиялық мемлекеттермен оңтайлы қарым-қатынас орнату құрады.
Қазақстан Шығыс пен Батыстың, Терістік пен Күнгейдің геосаяси векторлары мен мәдени ареалдары қиылысқан тоғыз жолдың торабында орналасқан. Сол себепті де біздің стратегиямыз ұлттық және халықаралық процестердің өзара байланысына негізделген.
Қазақстан қазіргі әлемде беделді орны бар мемлекетке айналуда. Біздің басымдықтарымыз да артып келе жатыр. Бұл – ХХІ ғасырдың ығытына қарсы тұруға қабілетті, әрі ұзақ мерзімді ұлттық мүдделерді қамтамасыз етуге бағытталған белсенді, жан-жақты және үйлесімді сыртқы саясат, тәуелсіздікке негізделген ұлттық идеология. Ресей, Қытай, АҚШ, Еуропалық Одақпен ынтымақтастықты дамыту басым бағыттар болып қала береді. Азия мен Таяу Шығыстың негізгі елдерімен өзара іс-қимылға зор маңыз беріледі. (Н.Ә. Назарбаев.) Ал, ұлттық идеология, мемлекет жүргізетін саясаттың түп тамырында жатады. Идеология жоғары деңгейде Ұлттың дүниетанымынан, дүниеге көзқарасынан, тарихи санасынан, мемлекет туралы, әділ қоғам туралы, тәуелсіздік туралы асыл мұраттарынан туындайды. Ұлттық идеологияның мемлекеттік басқару барысында көрініс табуы, ұлттық таным-түсініктің мемлекеттік механизммен кірігудің көрінісі болып табылады.
Бүгінгі таңда біздің тәуелсіз мемлекетіміздің алдынада үлкен игі мақсаттар тұр:
• Қазақстан егемен тәуелсіз мемлекет болды, тәуелсіздік біздің тарихымызда қаншалықты сирек, әрі қиындықпен келгенін ұмытпауға тиіспіз;
• кең ауқымды әлеуметтік, идеологиялық, саяси және экономикалық реформаларды жүргізе бастадық;
• өзіміздің тәуелсіз егемен мемлекетіміздің негізін қаладық;
• басты игілігіміз халқымыздың, адам ресурстарының сапасы, ғылыми және шығармашылық әлеуеттің деңгейі жоғары, білім өресі биік;
• табиғи ресурстарымыз орасан – зор байлық;
• ең бастысы – қоғамымыздың саяси тұрақтылығы мен бірлігі.
Өркениетті ел болғандықтан республиканың дамуы баянды болуының бір кепілі - өзіміздің рухани-мәдени дүниеміздің тарихи өткеніне қайта үңілу, оларды ой елегінен өткізу, тарих қатпарында қалған рухани дүниеміздің жанды тамырларын қайта қалыптастыруымыз керек. әрине келешекте мұндай руханияттылықтың зердеханасы толыққанды болып өсетін ұрпақтар, байырға қазақи тек емес, еліміздің қазіргі күрделі жағдаятынан туындайтын, келешектегі қазақ халқының әлем халықтары арасынан өзінің шығар төріндегі орнын өз беделімен алатын, кейін кең өріс пен ұрпақтар жаятын жас буындар болады. Зерттеу тақырыбы елімізде қабылданған мемлекеттік бағдарламалармен үндес келеді. Президент Н.Ә. Назарбаев Қазақстанның ХХІ ғасырдағы басты даму жолын белгілеген “Қазақстан-2030” атты стратегиялық бағдарламасында халқымыздың рухани жаңару процесінің егемендікпен келген рухани бостандық, ұлттық дүниетаным мен тарихтағы дербес танымдардың қалыптасуы нәтижесінде болғанын атайды. (Назарбаев Н. Ә. Қазақстан – 2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігінің артуы: Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. – Алматы, 2002. – 96 б.)
Тәуелсіздікке ие болғаннан бергі жылдардың ішінде Қазақстан ішкі және сыртқы саясаттағы байсалды қадамдарымен, ел экономикасын өрге бастырудағы батыл қимылдарымен, жаһандық мәселерді шешудегі игі бастамаларымен бүкіл әлемге танылды. Тәуелсіздік жылдары рухани өмірге бұрын соңды болмаған өзгерістер әкелді. Материалдық-техникалық және қаржылай қамтамасыз етудегі ауыртпашылықтарға қарамастан Қазақстан мәдениетін батыстандырудың теріс ықпалдарынан қорғау бірінші кезектегі келелі мәселеге айналды. Заман талабынан туындап отырған аталмыш мәселелерді шешуде Қазақстан үшін екі үлкен міндет туындады. Бірі – санадағы, әлеуметтік тәжірибедегі бодандықтың елдіктен, теңдіктен алыстататын қиянатынан тезірек арылу, екіншісі – тәуелсіз азат Қазақстанның аяғынан тік тұруына, әлемдік өркениетке өзіндік келбет-кейпімен кірігуіне лайықты үлес қосу. Демек, әлемдік үрдіске қалтқысыз араласуды мақсат еткен Қазақстанға рухани-мәдени болмысымызды, құндылықтпрымызды, қазақы пішін-бітімімізді бүлдірмей, қолдан келсе таза ұстаудан басқа жол жоқ.. Өйткені, алыс-жақын мемлекеттер қоян-қолтық жақындасып жатқан мына заманда ұлттан ұлттың, нәсілден нәсілдің, халықтан халықтың өзгешелігі, ерекшелігі, төлтума даралығы мен айырмашылығы тек мәдениет, руханият, тіл, менталитет салаларына келіп тіреледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет