Философия және мәдениеттану: Оқу құралы


Алға қойылған міндеттер шешімінің толықтығын



бет21/22
Дата22.09.2022
өлшемі1,7 Mb.
#39867
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Алға қойылған міндеттер шешімінің толықтығын төмендегіше анықтауға болады: жүйелік, құрылымдық, функционалдық және салыстырмалы талдаудың тәсілдерін қолдану жолымен теориялық және эмпириялық мәліметтерді сараптау негізінде өркениетті зерттеудің әдіснамалық негіздері анықталды; мәдениеттің мәні туралы мифологиялық, діни, философиялық және ғылыми көзқарастарды саралау барысында осы көзқарастардың қазақ өркениеті қалыптасуына тигізген әсері айқындалды; қазақ өркениеті аясындағы көшпенділік феноменін ретроспективалық зерттеуде формациялық және өркениеттік теориялардың перспективалық мүмкіндіктері мен ғылыми әлеуеті салыстырылды; көшпенділердің тарихи санасы мен шежірелік дәстүрінің тарихи танымдық және әлеуметтік философиялық қырлары талқыланды; қазақ өркениеті қалыптасуы мен дамуына өзіндік ықпалын тигізген прототүркілер мен түркілердің құрған өркениеттік санасы тарихи әлеуметтік қырынан пайымдалды; қазақ халқының әлеуметтік дамуының дәстүрлі кезеңіндегі еліміздің төл тарихын түзудегі ауызша және жазбаша деректердің, метрополиядан келген ориенталистер мен отандық кәсіби тарихшылардың өркениеттанулық еңбектерінің рөлі мен маңызы, ерекшеліктері мен кемшіліктері көрсетілді; қазіргі әлемдік және ұлттық, макро және микротарихтағы мәдениғеттанулық зерттеулердің ғылыми астарлары зерттеу сүзгісінен өтті; қазіргі посттоталитарлық этникалық санадағы өзгерістер мен оған жаңару мен жаhандану үдерістерінің тигізген ықпалы тұжырымдалды.
Алынған ғылыми-теориялық нәтижелерді тәжірибеде пайдалануға қатысты төмендегідей ұсыныстар беріледі:
- диссертацияның кейбір нәтижелері мен түйіндерін, қорытындылары мен тұжырымдарын еліміздегі жүргізіліп отырған ұлттық мәдени саясаттың ұлттық өркениетке қатысты тұстарын концептуалды тұрғыдан даярлауға пайдалануға болады;
- мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасын іске асыру барысында жинақталған материалға ғылыми баға беру мен оны философиялық тұрғыда түсіндіріп насихаттауға септігін тигізеді;
- зерттеу жұмысының нәтижелері тек одан ары зерттеулерге түркі болып, ғылымда ғана пайдалы ықпалын тигізіп қоймай, олар әрқилы деңгейдегі атқарушы органдардың мәдениет бөлімдеріне де кәдеге асады деген ойдамыз;
- ізденушінің қол жеткізген нәтижелерін «Мәдениеттану» пәнін, сондай-ақ «Әлеуметтік философия», «Өркениеттану», «Қазақстан мәдениетінің тарихы» сияқты арнаулы курстарда оқыту ісіне қолдануға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет