70.Ғылыми-техникалық прогресс және қазіргі ғылымның даму болашағы мәселелері.
Ғылыми-техникалық прогресс – ғылым мен техниканың бірегей, бір-бірімен сабақтаса, біртіндеп дамуы. Ол 16–18 ғ-лардағы мануфактуралық өндірістен, ғылыми-теориялық және техникалық қызметтер өзара жақындасып, тоғыса түскен кезден бастау алады. Бұған дейін материалдық өндіріс негізінен эмпирикалық тәжірибені, кәсіби құпияны қорландырып, машық-тәсілдерді жинақтау есебінен баяу дамып келді.
Толық емес!
71.Абай дүниетанымдағы Құдай және адам мәселесі.
Болмыс және Абсолют. Абай дүниетанымдағы Құдай және адам мәселесі
Онтология дегеніміз – болмыс туралы ілім. Бұл туралы түрлі пікірлер мен ойлар, анықтамалар бар. Болмыс - тарихи қалыптасқан терең мағыналы, кең ауқымды философиялық ұғым. Адамдар арасындағы қатынаста «болмыс» термині үш мағынада қолданылады. Болмыс, кең мағынасында, объективтік шындық. Болмыс - қоғам мен адамдар өміріндегі материалдық және рухани дүниенің қорытындысы. Болмыс - «өмір сүру» сөзінің синонимі. Жай күнделікті әңгімедегi «болу», терминіне сәйкес келеді.
Болмыс — тарихи қалыптасқан кең мағыналы, терең ауқымды философиялық ұғым. Әр заманда өмір сүрген ойшылдар бұл ұғымды көбінесе жүйелі философиялық толғаныстардың бастапқы негізі деп қараған. Осы уақытқа дейін де болмыс туралы бұл көзқарас өз мәнін сақтап келеді. Болмыс туралы философиялық мәселені түсіну үшін ең алдымен оның адамзаттың шынайы өмірінде қандай түбегейлі орын алатынын ұғыну қажет.
Адамның дүниеге қатынасының негізінде қандай құндылық жатса да, оның бастамасы — болмыс.
72.«Идея» ұғымы. Болмыс пен ойлау арақатынасы мәселесі. 6.Идея және рухани құндылықтар болмыс
Идея (гр. іdea – түсінік, елес, бейне) –
1) ой, түпкі ой;
2) бір нәрсенің (мысалы, көркем, ғылыми, саяси шығарма) негізгі ойы;
3) теориялық жүйенің, логикалық құрылымның, соның ішінде дүниетанымның негізінде жатқан анықтаушы түсінік;
4) нәрсе немесе құбылыс жөніндегі жалпы түсінік.
“Идея” терминін ең алғаш ежелгі грек ойшылдары Анаксагор мен Демокрит қолданған. Демокрит атомдарды идеялар деп түсіндірді. Платон болса, барлық заттардың түпкі тегі – мәңгі жоғалмайтын, заттардан тәуелсіз және тыс идеялар деп есептеді. Оның ойынша, идеялар заттардың алғашқы бейнесі, формасы, схемасы (эидос). Олар объективтік нәрсе, өйткені олар адамдардың санасында туатын ойлар мен бейнелер емес. Заттар да, адамдар да сол мәңгілік идеялар дүниесінің туындысы, соның көлеңкесі ғана. Идеялар ешбір өзгермейді, олар құдайлар дүниесі десе де болады. Заттар мен адамдар, олардың бейнелері мәңгі идеяларға тек біршама жақындауы, жанасуы мүмкін, бірақ еш уақытта бірдей болып, теңесе алмайды. Шын дүние – сол идеялар дүниесі. Ал заттар мен адамдар дүниесі құбылмалы, өзгеріп, айнып, жоғалып, қайтадан пайда болып жатады. Аристотель біртұтас дүниені идеялар мен заттар деп бөлуге қарсы шықты. Оның философиясында идеяның “форма” ұғымы негізгі рөлге ие болды.
Құндылық — бір заттың маңыздылығы, пайдалылығы. Сырттай құндылық зат не құбылыстың қасиеті болып анықталады. Алайда оның маңыздылығы мен пайдалылығы табиғаттан, объекттің ішкі құрылымының әсерінен емес, адам болмысына енген, адам оған құштар не қажеттілік сезетін нақты қасиеттердің субъективті бағалануынан болады. Құндылықтар жүйесі адамның күнделікті қоғамдық не жеке тұрмыстық бағдарында, оның айналасындағы заттар мен құбылыстарға қарым-қатынасының орнауында орын алады. Мысалға, стақан сусын ішу құралы ретінде өз пайдалы қасиетін тұтынушы құндылығы ретінде, материалдық игілік ретінде көрсетеді. Еңбек өнімі және тауар айналымының заты ретінде, стақан экономикалық құндылық, бағалық ретінде болады. Егер стақан өнер заты болса, ол тағы да эстетикалық құндылық, көркемдікке ие болады.
Достарыңызбен бөлісу: |