Финансовый анализ


Жалақы сақталмайтын еңбек демалыстары



бет23/26
Дата04.11.2023
өлшемі2,63 Mb.
#122082
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Жалақы сақталмайтын еңбек демалыстары əр түрлі негіздер бойынша, (алайда, жұмыс үшін емес) берілуі мүмкін. Бұлардың кейбірі – демалу үшін (жеңілдіктік), кейбірі белгілі бір жағдайлар бойынша (мысалы, науқастанған отбасы мүшесін қарау жəне т.б.) беріледі.
Оқу демалыстары еңбек демалысының дербес тəуелсіз түрі болып табылады. Олар қызметкерге осы кəсіпорындағы (мекемедегі, ұйымдағы) үздіксіз жұмысының ұзақтығына қарамастан беріледі.
Мереке күндері. Қазақстан Республикасында белгіленген мереке күндерінде жұмыс жүргізілмейді.
Жалақы – бұл еңбек шарты бойынша нақты еңбек функциясын атқару үшін, жұмыс үшін төленетін, тараптардың келісімімен белгіленетін, алайда, заңдарда белгіленген шектен кем болмауы тиіс ай сайынғы ақы, төлем.
Жалақы – бұл жұмыс істеп тапқан ақы жəне осы қасиетімен ол жəрдемақылардан, қосымша ақылардан, үстеме ақылардан, кепілдік жəне өтемақылық төлемдерден, сонымен қатар, еңбектің нəтижесінде алынатын табыстан ерекшеленеді.
Жалақы – бұл қызметкер жұмыс істеп тапқан өнім құнының бір бөлігі ғана. Оның басқа бөліктеріне қызметкер емес, жұмыс беруші (табыс ретінде) мен мемлекет (жұмыс беру мен қызметкерге табыс салығын салу арқылы) билік жүргізеді.
Жалақының жүйесі жəне еңбекті нормалау – бұл еңбек үшін ақының мөлшерін оның нақты шығындарымен немесе нəтижелерімен өлшеудің белгіленген тəсілі.
Кесімді жалақы іс жүзінде өндірілген өнім үшін алдын-ала белгіленген кесімді бағаға сəйкес жүргізіледі.
Еңбекке ақы төлеудің жеке кесімді жүйесі кезінде жалақы əрбір қызметкердің жұмыс істеген нормасы үшін жеке-жеке анықталады.
Еңбекке ақы төлеудің ұжымдық кесімді жүйесі жұмысты бір қызметкердің орындауы мүмкін болмаған кезде қолданылады.
Еңбекке ақы төлеудің жанама кесімді жүйесі кезінде көмекші немесе қосалқы қызметкердің еңбегіне ақы төленеді.
Еңбекке ақы төлеудің кесімді-прогрессивтік жүйесі кезінде нормаларды орындаудың алдын-ала белгіленген белгілі бір деңгейінен бастап орындалған операциялар, бөлшектер жəне өнімдер үшін кесімді бағаның өсуі орын алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет