Финансовый анализ


Жұмыс уақытынкүндік есепке алу режимі



бет22/26
Дата04.11.2023
өлшемі2,63 Mb.
#122082
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Жұмыс уақытынкүндік есепке алу режимі кезінде қызметкерлер бес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасы кезінде жұмыс берішінің актісімен белгіленген жұмыс сағаттарының ауқымында жұмыс істейді, яғни қызметкердің əр күн сайын істеген жұмыс уақыты есепке алынады.
Еңбек құқығында демалыс уақыты ретінде қызметкердің еңбек міндеттерін орындаудан бос уақыты танылады. Бұл уақытты олар өз қалауы бойынша пайдалана алады. Заңдарда қызметкерге демалу жəне тамақтану үшін үзіліс белгіленген.
Еңбек құқығы заңдарда демалыс уақытының келесі түрлері белгіленген:
· күнделікті жұмыс барысындағы үзілістер;
· жұмыс күндері арасындағы күн сайынғы демалыс күндері;
· апта сайынғы демалыс күндері; · жыл сайынғы мереке күндері; · жыл сайынғы еңбек демалысы.
Демалуға жəне тамақтануға арналған үзілістер əдетте, жұмыс басталғаннан бастап төрт сағаттан кейін беріледі. Демалыстың бұл түрінің жинақтап алғандағы ұзақтығы бір сағаттан кем болмауы тиіс.
Арнаулы үзілістер жылдың суық мезгілінде ашық далада, жылу берілмейтін жабық үй-жайларда жұмыс істейтін, жүк тиеу-түсіру жұмыстарымен айналысатын қызметкерлерге жылыну жəне демалу үшін арнаулы үзілістер беріледі.
Демалыс уақытының түрлері:
Демалыс күндері (апта сайынғы) – бұл аптаның жұмыстан бос күндері, яғни, апта сайынғы үздіксіз демалыс уақыты.
Ақы төленетін жыл сайынғы еңбек демалысы – бұл жылдағы белгілі бір күнтізбелік күндер ішінде жұмыс орны (лауазымы) мен орташа жалақысы сақтала отырып белгіленетін үздіксіз демалыс (жұмыс уақытынан бос уақыт).
Жыл сайынғы еңбек демалысы жеке еңбек шарты бойынша жұмыс істеушілерге жұмыс орны (қызметі) мен орташа жалақысы сақтала отырып беріледі.
Заңдарда ақы төленетін жыл сайынғы қосымша еңбек демалыстары да көзделген. Еңбек демалысының бұл түрі зиянды жəне қауіпті еңбек жағдайларындағы жұмыста жəне ауыр дене жұмыстарында жұмыс істейтін қызметкерлерге уəкілетті мемлекеттік орган анықтайтын өндірістер, жұмыстар, кəсіптер жəне лауазымдар тізіміне сəйкес беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет