Финансовый анализ


Еңбек құқығының қайнар көздері



бет8/26
Дата04.11.2023
өлшемі2,63 Mb.
#122082
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   26
Еңбек құқығының қайнар көздері – бұл қай органның қандай мəселелерге қатысты қабылдағанына байланысты ерекшеленетін еңбек заңнамасының нормативтік құқықтық актілері.
Еңбек құқығының қайнар көздері ретінде мемлекеттің құзыретті органдарының еңбек жəне өзге де қоғамдық қатынастарды реттеу саласындағы құқық шығарушы қызметінің нəтижелерін тануға болады.
Еңбек құқығының қайнар көздері – бұл жалданбалы қызметкерлердің еңбегін пайдалану жəне ұйымдастыру жөніндегі қатынастарды, еңбек нарығын реттейтін нормативтік құқықтық актілер.
Еңбек заңнамасы саласындағы негізгі нормативтік құқықтық актілерге
ҚР Конституциясы,
конституциялық заңдар,
Еңбек құқығы жекелеген заңдар,
Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтары,
ҚР Үкіметінің, Конституциялық Кеңесінің жəне Жоғарғы Соттың қаулылары,
министрліктердің жəне өзге де орталық мемлекеттік органдар басшыларының нормативтік бұйрықтары,
еңбек мəселелері жөніндегі мемлекеттік комитеттердің жəне өзге де орталық мемлекеттік органдардың нормативтік қаулылары,
мəслихаттар мен əкімдердің еңбекті ұйымдастырудың жергілкті мəселелері жөніндегі нормативтік шешімдері жатады.
Қазақстан Республикасында еңбек мəселелері бойынша маңызды заңдарға мыналар жатады:
Халықты еңбекпен қамту туралы заң. Елімізде жұмыссыздық деген пайда болып, жұмыссыздардың саны көбейіп келе жатқан жағдайда қабылданған бұл акт – біздің республикамыздағы халықты еңбекпен қамтуға бағытталған алғашқы заң.
Ұжымдық шарттар туралы заң кəсіпорын, ұйым деңгейінен жоғары əлеуметтік-əріптестік қатынастарды реттейді.
Еңбекті қорғау туралы заң еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты бекітті. Бұл актінің ережелері жұмыс барысында қызметкерлердің өмір жəне денсаулық қауіпсіздігін қамтамасыз ету ережелерін реттейді.
Қазақстан Республикасында еңбек мəселелері бойынша маңызды заңдарға мыналар жатады:
Кəсіптік одақтар туралы заң Қазақстан Республикасында кəсіптік одақтарды құрудың құқықтық негіздерін орнықтырды, олардың негізгі құқықтары мен қызмет кепілдіктерін бекітті, кəсіптік одақтардың қызметкерлер құқықтарын қорғауға байланысты жұмыс берушілермен жəне олардың бірлестіктерімен, мемлекеттік билік органдарымен жəне жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен, заңды тұлғалармен жəне азаматтармен қарымқатынастарын реттеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет