Физика есептерін шығарудың ғылыми -теориялық негіздері


ФИЗИКА ЕСЕПТЕРІН ШЫҒАРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ -ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ



бет4/9
Дата06.01.2022
өлшемі193,33 Kb.
#14090
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Диполмный работа

1. ФИЗИКА ЕСЕПТЕРІН ШЫҒАРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ -ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 ФИЗИКАДАН ЕСЕПТЕР ШЫҒАРУДЫҢ МАҢЫЗЫ
Физика есебі дегеніміз - физика тақырыптары бойынша құрылған, шешуді қажет ететін сұрақтар мен проблемалар. Физика есептерінің түрлері көп, оны шығарудың тәсілдері жан-жақты. Мұның себебі физика бағдарламасында қарастырылатын мәселелер өте көп, әрі көлемді. Сондықтан да физика есептерін шығару күрделі мәселе. Дегенмен де, оқу бағдарламасын меңгеру үшін, мұндай жаттығулар керек-ақ. Оқушы тақырып бойынша есеп шығара алмайтын болса, ол физиканы терең түсінеді деп айту қиын.

Физика есептерін шығару үшін теориялық мәселелерді түсініп, іс жүзінде пайдалана білу керек, демек, шығармашылық еңбек ете білуі, терең ойланып, күрделі мәселелерді шеше алатындай болуы керек. Физика есебін шығаруда оқушылар көптеген құбылыстардың заңдарын анықтайды, теорияның мағынасын терең түсініп, өмірдегі ролін көрсетеді. Есеп шығаруда оқушылар техниканың жаңалықтарымен танысады, физикалық негіздерін анықтайды, жалпы білімдерін көтереді [1].

Физика есебін шығаруда оқушылар теориялық мәселелерді бір емес, бірнеше рет қайталайды, осының нәтижесінде физикалық құбылыстар, заңдар ойда сақталып қалатындай жағдай туады. Есеп шығару кезінде оқушылар физикамен бірге өздерінің математикалық дайындығын жақсартады. Қорыта келгенде, оқушылар физика есептерін шығаруға дағдыланып, үйренсе, теориялық білімдерін практикамен ұштастыра алатын болады. Оқушылар мұндай дәрежеге жету үшін, мектеп қабырғасында, одан тыс, үйде де көптеп есептер шығарулары керек. Оқушылар есепті қызығып шығаруы үшін оның мазмұнын тартымды, бірақ әрқашан да өмірге жақын болуы керек.

Жалпы алғанда физикадан есеп шығару - оқу жұмысының қажетті элементі. Есептер қандай да бір нақты жағдайдарда болып өтетін құбылыстарға физикалық заңдарды қолдануды талап ететін жаттығулар үшін материал береді. Сондықтан есеп шығару оқушылардың білімін нақтылауда үлкен маңызы бар. Мұндай нақтылаусыз білімдердің практикалық бағасы болмайды, кітап жүзінде қалады.

Есептер шығару физикалық заңдарды тереңірек және берік меңгеруге, логикалық ойлаудың дамуына, ұғымдылық, инициативалы болуға, ерік және қойылған мақсатқа жетудегі табандылыққа себі тиеді, физикаға қызығушылығын оятады, өзіндік жұмыс дағдыларын бойына сіңіруге көмектеседі және өзіндік ой қорытуда бірден-бір құрал болып табылады.

Есептер шығару үрдісінде кейде сабақта жаңа ұғымдар және формулалар еңгізуге, оқып үйренілетін заңдылықтарды түсіндіру, жаңа материалдың мазмұнына жақындата түсуге болады.

Физикалық есептердің мазмұны оқушылардың табиғат пен техника жөніндегі білім шеңберін кеңейтеді. Оқушылар есептерді шығарғанда тікелей физикадан алған білімдерін қолдану қажеттілігімен кездеседі, теория мен практиканың байланысын тереңірек сезінеді.

Есептер шығару - қайталауды, пысықтауды және оқушылардың білімдерін тексерудің маңызды құралы [2].





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет