2.1 ЯДРОЛЫҚ ФИЗИКАДАН ЕСЕПТЕРДІ ШЫҒАРУ ӘДІСТЕРІН ІС - ТӘЖІРИБЕДЕ ҚОЛДАНУ
Жоғары педагогикалық оқу орындарының алдында тұрған үлкен міндет білім алушылардың кәсіби іс әркетінің негізін қалыптастыру. Мұның мәні білім алушыны мамандығы бойынша алдында тұрған міндеттерін шешуге кәсіби дайындау.
Физика мұғалімін даярлау жүйесінде педагогикалық практика ерекше роль атқарады. Өйткені студенттерге кәсіби іс-әрекеттің негізгі түрлерін ақ осы педагогикалық практикада қалыптасады.
Педагогикалық практиканың ең басты мақсаты–пән оқытушысының педагогикалық іс-тәжірибесі барысында меңгеруі тиіс негізгі функцияларын меңгеру және оқытушының жеке тұлғасына лайықты кәсіби сипаттарды қалыптастыру. Жалпы ғылыми, мәдени, психологиялық-педагогикалық, әдістемелік және арнайы пәндер бойынша алған білімін шыңдап тереңдету, сондай-ақ теориялық білім негізінде педагогикалық біліктілігін ұйымдастыру. Мұғалім және жетекшінің көмегімен барлық педагогикалық функцияларды біліп, теориялық білімін қолдану.
Педагогикалық практика жалпы ғылыми, дидактикалық, әдістемелік, психологиялық-педагогикалық дайындықты біріктіруге бағытталған. Осыған орай, білім алушы бүгінгі таңдағы балаларды оқыту және тәрбиелеу міндеттерін жүзеге асыру үшін оқу және тәрбие процесін тығыз бірлікте алып жүруге машықтануы керек. Педагогикалық практика болашақ ұстаздарды кәсіби даярлау процесіндегі ең маңызды әрі айқындаушы компонент болып табылады, сонымен қатар жоғары кәсіби білім беру жүйесіндегі болашақ зерттеуші-педагогты қалыптастыру өлшемі ретінде де қарастырылады.
Педагогикалық практиканың міндеті:
Білім алушылардың кәсіби біліктілігін қалыптастырып дамыту;
Білім алушының педагогикалық ұйымдастырушылық, коммуникативтік қабілетін қалыптастырып дамыту;
Жоспарлау, болжамдау, оқыту мен тәрбие процесінің негізгі компоненттерін талдау;
Қолданылатын әдістеменің деңгейін және оқытудың дидактикалық мақсаты мен міндетін анықтау;
Оқушыларды тәрбиелеу кезінде оқу-таныстық, еңбектік, қоғамдық, табиғатты қорғау мен денсаулықты жетілдіруге бейімделген және т.б. әртүрлі формалары мен әдістерінің қолданылуы;
Оқу тәрбие барысында оқушының жеке басының дамуын ескере отырып қалыптастыру;
Педагогикалық диагностиканы педагогикалық процеске қалыптастырып дамыту;
Оқушылардың, педагогтардың және өз жетістіктерін бағалау;
Толық педагогикалық прцесті басқаруға білім алушылардың дайындығын қалыптастыру.
Педагогикалық практиканы ұйымдастыруда болашақ жоғары кәсіби маман даярлаудың маңызды шарттарының бірі ретінде оның дербес шығармашылық әрекетіне бағыттау керек.
Білім алушылар жалпы білім беру пәндері, базалық пәндер, кәсіптік пәндер бойынша игерген білім, іскерлік және дағдыларын педагогикалық практика барысында іс жүзінде жүзеге асырады.
Қазіргі заманда адамзат факторы мәселесі заттық-түрлендіруші іскерлік субъектісі ретінде болашақ мұғалімдерді қалыптастырудың дидактикалық жолдарын, тәсілдерін және шарттарын зерттеу өзекті мәселе болып табылады. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында: білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі ұлттық және жалпы адамзат құндылықтары, ғылым мен практиканың жетістіктері негізінде жеке тұлғаның дамуы мен кәсіби қалыптасуына бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдай жасау,-деп көрсетілген [19]. Педагогикалық практика білім берудің қазіргі заманғы даму кезеңінде болашақ педагогтарды кәсіби бағытта даяралуға, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған. Педагогикалық практика барысында студенттердің жеке қабілеттері мен қызығушылықтарына сәйкес педагогикалық мамандықты саналы түрде таңдаулары үшін жағдай жасау қажет.
Көптеген зерттеушілер болашақ педагогтарды кәсіби бағыттылығын қалыптастыруға зор мән берген. Мысалы, А.И.Балабаеваның [20] зерттеуінде болашақ педагогтарды даярлаудың кәсіби бағыттылығын қалыптастыру мәселесі қарастырылған. Ол болашақ мамандардың кәсіби бағыттылығын ыңта нымдық компоненті іс-әрекет нысанына бағыттылық, өзінің болашақ кәсіби және қазіргі оқу іс-әрекетінің, практикалық әрекеттерінің маңызы мен қажеттілігін саналы түрде түсінуіне байланысты,- деп көрсетеді.
Біз А.И.Балабаеваның бұл пікірімен келісеміз. Біз қазіргі білім алушы ертеңгі ұстаз өзінің болашақ кәсіби іс-әрекетін қазіргі оқу іс-әрекетімен ұштастырғанда нәтижесі жоғары болатындығына педагогикалық практика барысында көз жеткіздік.
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің 5В011000-Физика мамандығында «Атомдық және ядролық физика» курсы оқу жоспарына сәйкес 5 семестрде оқытылады. Ал мектепте атомдық және ядролық физика мәселелері 3 тоқсанда қарастырылады, яғни 3 және 4 курс білім алушыларының педагогикалық практикадан өту мерзіміне сәйкес келеді. Төмендегі кесте 1,
2-де 4 курс білім алушыларының педагогикалық практикадан өту мерзіміне сәйкес 9 және 11 сыныптардың физика пәні бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспарының үзіндісі келтірілген.
Кесте 1–9сыныптың күнтізбелік-тақырыптық жоспары
Сабақреті
|
Сабақтың тақырыбы
|
Сағатсаны
|
Өтілу мерзімі
|
Үй тапсырмалары
|
Атом құрылыс. Атомдық құбылыстар (7 сағат)
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
43
|
Жылулық сәулелену.(Абсолют қара дене.Стефан–Больцман заңы.) Денелердің сәуле шығару құбылысын түсіндірудегі қиындықтары.
|
1
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |