Кварктар деп нағыз элементар бөлшектердi айтады. Барлық адрондар, яғни мезондар, бариондар және резонанстар осы кварктардан тұрады. Бүгiнгi күнде алты кварк бар деп есептелiнедi. Олады сәйкес латынныңu,d,s,c,b,tәрiптерiмен белгiлейдi. Бұл кварктардың қасиеттерi және олардан адрондардың қалай құралатыны төмендегi кестелерде келтiрiлген.
Оқытудың техникалық құралдары:интерактивті тақта, проектор сызба – кестелер, бейнефильмдер.
Оқытудың әдістері мен түрлері: баяндау, сұрақ – жауап, түсіндіру, практикалық сабақтар,топтық жоба жұмыстары , проблемалық оқыту , интербелсенді оқыту.
Деңгейлік тапсырмалар: 1-деңгей сұрақтары: Элементар бөлшектер физикасы.
2-деңгей сұрақтары: Іргелі әсерлесулер түрлері
3-деңгей сұрақтары: Кварктар
ОБСӨЖ тапсырмалары:Элементар бөлшектердің ашылу тарихы.
СӨЖ тапсырмалары: Элементар бөлшектердің классификациясы.
Пайдаланылатын әдебиеттер: 13- ДӘРІС Энергетикалық процестер. Біздің заманымызда қоғамдық өндірістік күштер дамуының ең басты көрсеткіші – өндіріс және энергия тұтыну дәрежесі. Сонда жетекші рөл атқаратын электр энергиясы – энергияның әмбебап және пайдалануға ыңғайлы түрі. Егер энергияны тұтыну дүние жүзінде 25 жылда (шамамен) екі есе артады десек, электр энергиясын тұтыну орта есеппен 10 жылда екі есе артады. Бұл - энергия ресурстарын жұмсаумен байланысты процесстар саны үсті-үстіне электр энергиясына көшеді деген сөз.
а) Электр энергиясын жеткізу Электр энергиясының тұтынылатын орны көп. Ал оның өндірілетін орны көп емес, отын жіне гидроресурс көзіне жақын орындар. Электр энергиясын көп мөлшерін жинап сақтау (консервілеу) қолдан келмейді. Оны шығарып алысымен бірден тұтынып, іске жарату керек. Сондықтан электр энергиясын алысқа жеткізу қажеттігі туды.
Электр энергиясын алысқа жеткізу едәуір шығынмен байланысты. Мәселе мынада: электр тогы электр жеткізу желісінің (линиясының) сымдарын қыздырады. Желі сымдарын қыздыруға шығындалатын энергия Джоуль-Ленц заңына сәйкес мына формуламен анықталады:
Q = I2Rt
Мұндағы R- желінің кедергісі. Желі тым ұзын болғанда, энергия жеткізу үнемділік жағынанпайдасыз болуы мүмкін. Желі кедергісін едәуір азайту іс жүзінде өте қиын. Сондықтан ток күші мен кедергінің көбейтіндісіне пропорционал болғандықтан, жеткізілетін қуатты сақтау үшін жеткізу желісіндегі кернеуді жоғарылату керек. Мұнда жеткізу желісі ұзынырақ болса, жоғарырақ кернеуді пайдалану соғұрлым ұтымдырақ болады. Мысалы, Волга ГЭС-інен Мәскеуге жоғары вольттік жеткізу желісінде 500 кВ кернеуді пайдаланады. Ал енді айнымалы ток генераторы 16-20 кВ-тан аспайтын кернеуге арналып жасалады. Бұдан гөрі жоғарырақ кернеу генераторының орамаларын және басқа да бөліктерін изоляциялау үшін арнаулы шараларды қажет еткен болар еді.
65-сурет
Сондықтан ірі электр станцияларында жоғарылатқыш трансформаторлар қойылады. Трансформациялар желідегі ток күшін неше есе кемітсе, кернеуді сонша есе арттырады.
Станоктардың электр жетегіндегі қозғалтқыштарында, жарықтандыру желісінде және тағы басқа мақсаттарда электр энергиясын тікелей пайдалану үшінжелі ұштарындағы кернеуді төмендету керек. Мұны төмендеткіш трансформатордың көмегімен істейді.
Тегінде кернеуді төмендету, соған сәйкес ток күшін арттыру, бірнеше кезеңнен өтеді. Әрбір кезең сайын кернеу төмендей береді де, электр желісімен қамтылған жерлер көбейе түседі. Электр энергиясын жеткізу және тарату схемасы берілген суретте көрсетілген.
Аз жоғары кернеу кезінде сымдар арасында, энергия шығынына ұшырататын тәж заряды басталады. Айналмалы кернеудің мүмкін амплитудасын, сымның көлденең қимасының ауданы берілген жағдайда, тәж разряды салдарынан энергия энергия шығыны аз ғана болатындай етіп сайлап алады.
Еліміздің бірқатар аудандарында электр станциялары жоғары вольтті жеткізу желілерімен біріктіріліп, ортақ электр желісі жасалған, ал тұтынушылар осыған қосылған. Энергия жүйесі деп аталатын осындай бірлестік таңертең және кешкі сағаттарда тұтынушыларға энергия жетіспей тапшылық ететін кездерді болдырмауға мүмкіндік береді. Энергия жүйесі тұтынушыларғақай жерде тұрғанына байланыссыз оларға энергия жеткізуді қамтамасыз етеді. Бұрынғы Кеңес Одағының барлық территориясы дерлік біріккен энергетика жүйесінің электр энергиясымен қамтамасыз етілген. Тәулігіне 1% электр энергиясын жоғалту миллиардтаған теңге шығын әкеледі.