Байланысты: БАЛАМАЛЫ ЭНЕРГИЯ кешен жаңа форма-2017 (10)
Энергияны алыс қашықтықтарға азғантай шығынмен жеткізу - күрделі мәселе. Қазіргі кезде бұл мәселе жоғары кернеулі электр тогының көмегімен шешілуде. ә) Электр энергиясын пайдалану Өнеркәсіп электр энергиясының негізігі тұтынушысы болып табылады, оның үлесіне өндірілетін электр энергиясының 70%-ға жуығы тиеді. Сондай-ақ транспорт та ірі тұтынушы болып табылады. Темір жолдардың көпшілігі электрмен тарату жүйесіне көшіріліп отыр. Ұжымшарлар мен кеншарлардың барлығы дерлік өндірістік және тұрмыстық қажеттер үшін электр энергиясын электр станцияларынан алады. Электр энергиясын тұрғын үйлерді жарықтандыруда және тұрмыстық электр аспаптарында пайдаланатынын әркім-ақ біледі. Пайдаланылатын электр энергиясының басым көпшілігі қазір механикалық энергияғаайналдырылады. Өнеркәсіптегі механизмдердің түгелін дерлік электр қозғалтқыштары қозғалысқа келтіреді. Олар ыңғайлы, шағын, өндірісті автоматтандыруға мүмкіндік береді. Өнеркәсіптің тұтынылатын электр энергиясының үштен бірі технологиялық мақсаттар (электрмен пісіру, электрмен жылыту және металдарды балқыту, электролиз, т.с.с.) үшін пайдаланылады. Қазіргі заманғы цивилизацияны электр энергиясынсыз елестету мүмкін емес. Үлкен Қаланы электр энергиясымен жабдықтаудың бұзылуы ондағы өмірді тып-типыл таптатады дерлік. Электр энергиясына мұқтаждық өндірісте де, транспортта да, ғылыми мекемелерде де, сонымен қатар, тұрмыста да үнеміартып отырады. Бұл мұқтаждықты екі түрлі жолмен өтеуге болады. Бір қарағанда табиғи және бірден-бір тәсіл – жаңа қуатты жылу, гидравликалық және атом электр станцияларын салу. Алайда жаңа ірі электр станцияларын салу үшін бірнеше жыл уақыт және көп қаражат керек.
Осы кезде жылу электр станциялары қалпына келтірмейтін табиғат ресурстарын көмір, мұнай және газды пайдаланады. Сонымен қатар, бұл бір мезгілде біздің планетамыздың экологиялық тепе-теңдігіне үлкен кесел келтіреді.
Алдыңғы қатарлы технологиялар электр энергиясына мұқтаждықты басқа жолмен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Электр станцияларының қуатын арттыру емес, электр энергиясын пайдаланудың тиімділігін арттыру алдыңғы шепке шығуы тиіс.
Электр энергиясын тиімді пайдалану мүмкіндіктері бар және олар аз емес. Соның бірі жарықтандырумен байланысты, оған мәселен, өндірілген энергияның 25%-ына жуығы кетеді. Қазіргі кезде АҚШ-та және басқа елдерде ықшам люминесценттік шамдар жасалынған, олар қыздыру шамдарына қарағанда энергияны 80%-ға дерлік аз пайдаланады. Мұндай шамдарадың құны жай шамдарға қарағанда қымбаттырақ, бірақ олар тез есесін қайтарады. Мұнымен қатар, үйлерді және өндірістік орындарды жарықтандыруды үнемді жүргізу бойынша жүргізілген қарапайым шаралардың өзі бірталай эффект (тиімді) береді. Қажетсіз кезде шамдарды жағып қалдырмау керек, жұмыс орындары және т.б. жерлер ғана жарықтандырылатындай етуге тырысу керек.
Электр энергиясын тұрмыста мұздатқыш қондырғыларды, теледидарда, компьютерлерде және т,б, пайдаланудың тиімділігін арттырудың көптеген басқа да мүмкіншіліктері бар. Үнемделген қаржыны күн энергиясын электр энергиясына айналдыратын қондырғыларды жасап шығуға пайдалануға болады. Ғалымдар басқарылатын термоядролық реакция көмегімен энергия алуына үлкен үміт артады. Мұндай қондырғы кәдімгі атомдық электр станциясы сияқты үлкен қауіп келтірмейді.
Энергияның басқа түрлерімен салыстырғанда, электр энергиясының артқыштығы сөзсіз. Оны сым арқылы өте алыс жерлерге аз шығынмен жеткізу, тұтынушыларға таратып беру ыңғайлы. Ең бастысы, өте қарапайым құрылғылардың көмегімен бұл энергия: механикалық, ішкі (денелердің қызуы), жарық энергиясына т.с.с. энергияның кез-келген басқа түрлеріне оңай айналады. Тұрақты токқа қарағандаайнымалы токтың артықшылығы кернеу мен ток күшін энергия шығыны болмайтындай дерлік өте кең ауқымда түрлендіруге (трансформациялауға) болады. Көптеген электр және радиотехникалық құрылғыларды әлгіндей түрлендіру қажет. Бірақ, әсіресе, электр энергиясын алыс жерге жеткізуде кернеу мен токты трансформациялаудың қажеттігі әбден білінеді.