16. Бір таңбалы санды 10 бірлікке арттырған. Егер шыққан санды бірінші жолғыдай процентке арттырса, 72 шығар еді. Бастапқы санды табыңыз.
A) 8; B) 6; C) 4; D) 2; E) 5.
17. Егер белгісіз екі таңбалы санды сол цифрлармен, бірақ кері тәртіпте, жазылған санға бөлсе, бөліндіде 4 шығып, 3 қалдық қалады. Ал егер ізделінді санды оның цифрларының қосындысына бөлсе, онда бөлінді 8 болып, 7 қалдық қалады. Осы санды табыңыз.
A) 17; B) 71; C) 61; D) 81; E) 41.
18. Егер екі таңбалы санды оның цифрларының қосындысына бөлсе, бөлінді 3 болып, 7 қалдық қалады. Енді осы санның цифрларының квадраттарының қосындысынан сол цифрлардың көбейтіндісін шегерсек, онда бастапқы берілген сан шығады. Осы санды табыңыз.
A) 27; B) 37; C) 47; D) 57; E) 67.
19. Үш таңбалы сан х цифрымен аяқталады. Егер оны санның басына жазса, онда бастапқы берілген саннан 18-і артық болады. Осы санды табыңыз.