11. Берілген екі таңбалы екі санның екіншісі бірінші сан жазылған цифрлармен, бірақ кері тәртіпте жазылған. Бірінші санды екіншіге бөлгендегі бөлінді 1,75-ке тең. Бірінші санды оның ондықтар цифрына көбейткенде екінші саннан 3,5 есе артық сан шыққан. Осы сандарды табыңыз.
A) 23 және 32; B) 21 және 12; C) 31 және 13; D) 42 және 24; E) 63 және 36.
12. Екі таңбалы санның цифрларының көбейтіндісі санның өзінен үш есе кем. Егер ізделінді санға 18-ді қосса, онда шығатын сан сол цифрлармен, бірақ кері тәртіпте жазылған сан шығады. Сол санды табыңыз.