Физиканы оқыту әдістемесі пәні бойынша дәріс конспектілері



Pdf көрінісі
бет23/46
Дата27.11.2023
өлшемі9,84 Mb.
#129712
түріКонспект
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   46
Потенциалдық энергия
. Бұл ұғымды ендіру үшін жоғарыда (а
-
пункітінде) 
көрсетілген 1

және 2
-
тәжірибелерге қайта оралу қажет. Жер бетінен жоғары 
көтерілген және серпімді деформацияланған денелердің энергиясы болатындығына 
тағы да оқушылардың назарын аудару қажет. Сол сияқты энергия сығылған газда да 
болатындығы түсіндіріледі. Бұл энергияның денелердің (Жер мен дене) немесе оның 
бөліктерінің (серіппе орамдары, газ молекулалары) өзара орналасуына байланысты 
екендігін,бұл энергияны потенциалдық энергия деп аталатындығы айтылады.
Потенциалдық энергия жөніндегі әңгіме кезінде «кездейсоқ» будильник 
шырылдайды немесе қандай да бір механикалық ойыншық қосылады. Оқушылар таң 
қалады, не болғанын талдаймыз.
Бұдан кейін Жерден жоғары көтерілген жүктің энергиясының шамасынн 
есептеп табады. Мынадай есеп шығаруға болады:массасы 10 кг дене 10 м биіктікте 
орналасқан болса, оның потенциалдық энергиясы қандай? Денені белгілі бір 
биіктікке көтеру үшін біз ауырлық күшіне қарама қарсы жұмыс істейміз, сондықтан 
ондай дененің потенциалдық энергиясы ауырлық күші мен биіктіктің көбейтіндісіне 
тең, немесе:
кДж
Дж
м
кг
Н
кг
mgh
Fh
E
p
1
1000
10
*
/
10
*
10
=
=

=
=
Ұғымды енгізгеннен кейін потенциалдық энергияның қолданылуы жөнінде 
әңгімелеу қажет. Әсіресе, жоғарыдан құлап аққан судың потенциалдық энергиясын 
пайдалануды ерекше атап өту маңызды. Сағаттарда серіппе деформациясы немесе 
ілінген жүктің потенциалдық энергиясы қолданылатындығын,қада қаққанда 
тоқпақтың потенциалдық энергиясын пайдаланатындығымызды айтып түсіндіру 
керек.
в) 
Механикалық энергияның бір түрден екінші түрге өтуі.
Бұл сабақтың 
негізгі мақсаты –
оқушыларға кинетикалық энергияның потенциалдық 
энергияға,керісінше –потенциалдық энергияның кинетикалық энергияға өте 
алатындығын түсіндіру. Ол үшін көптеген тәжірибелерді пайдалануға болады:
1. «Өзі жүретін» механикалық ойыншық.
2.Резеңке доп.
3.Төмен түсетін жүктің әсерінен қозғалатын арбаша 
4.Серіппеге ілінген шарик тербелісі
5.Жіпке ілінген шарик тербелісі
6.Максвелл маятнигі және т.б.
Механикалық энергиялардың мұндай ауысуын өмірде қадам басқан сайын 
бақылауға болатындығын оқушылардың назарын аудару керек: стол бетіндегі 
заттың орнын ауыстырып қойғанда, орындыққа отырып тұрғанда,этажға көтеріліп 
түскенде, т.б.
Бұл тақырыпты түсіндіргенде де жұмыс ұғымын кеңірекаша түскен дұрыс. 
Энергия бір түрден екінші түрге айналғанда жұмыс істелетіндігін,дене күйінің 
өзгеретіндігін пысықтай түсу керек.


Ф КазНПУ 0703
-03-18 (1). 
Пәннің оқу
-
әдістемелік кешені. Екінші 
басылым
.
Қорытынды сабақ механикалық энергияның халық шаруашылығында 
пайдалануына арналады. Негізінен сабақта судың және желдің энергияларының 
қолданылуы қарастырылады. Бұл сабақты өте қызықты етіп өткізуге болады,ол үшін 
мұғалімнің жан
-
жақты дайындығы қажет болады. Бұл тақырып бойынша плакаттар
модельдер, диапозитивтер.кинофильмдерден фрагменттер көрсету мүмкіндігі мол. 
Тіпті көптеген мұғалімдер тақырып бойынша конфернция, экскурсиялар 
ұйымдастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет