Физиканы оқыту әдістемесі пәні бойынша дәріс конспектілері



Pdf көрінісі
бет37/46
Дата27.11.2023
өлшемі9,84 Mb.
#129712
түріКонспект
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   46
Масса
 
Масса ұғымын 9
-
класта қалыптастыруды шартты түрде мынадай 
жүйелілікпен жүргізуге болады: 
1)оқушылардың 7
-8-
кластарда масса жөнінде өткен барлық негізгі 
қағидаларын қайталау;
2)массаның денелердің инерттік қасиетінің сандық сипаты екендігін 
тәжірибелер көмегімен дәлелдеу. Алдымен физика кабинетіндегі кинематикалық 
жиынтықтан алынған буферлік серіппелі арбашалармен, сонан соң магниттер 
бекітілген арбашалармен тәжірибелер жасалады. Бұл тәжірибелердегі өзара 
әсерлердің сипаты лездік болғандықтан, денелер жылдамдықтарының өзгерісін 
өлшеу мүмкін болмайды. Дегенмен, өзара әсерлесуші денелердің алатын үдеулерінің 
модульдерінің қатынасы тұрақты болатындығын көрсетуге болады.
Мысал ретінде бірінің жүгі бар, екіншісі 

бос, бірдей екі арбашаның өзара 
әсерін зерттейік.
Егер әсерлесу нәтижесінде жүгі бар арбашаның алатын үдеуі бос 
арбашаның үдеуінен екі есе кем болатын болса, онда жүгі бар арбашаның инерттілігі 
жүгі жоқ арбашаның инерттілігінен екі есе артық болғаны. Денелер инерттілігін 
көрсететін шаманы масса 
( )
m
деп атайды. Ондай жағдайда өзара әсер нәтижесінде 
денелердің алатын үдеулерінің қатынасын мына түрде жаза аламыз:
1
2
2
1
m
m
a
a
=

Осы тұста массаның аддитивтілігі –
тұтас дененің массасы оны құрайтын
бөліктердің массаларының қосындысына тең екендігін –
талқылауға болады.
1)
массаның өлшем бірлігін анықтау. Массаның бір өлшем бірлігімен (1кг) 
оқушылар 7
-
класта танысқан болатын. Тағы да оны анықтай түсу керек. 
Халықаралық конгресс 1889 ж. массаның халықаралық бірлігі ретінде платина мен 
иридийдің қоспасынан дайындалған цилиндрдің массасын алу жөнінде шешім 
қабылдады, оны 1 килограмм деп атады. Ол эталон қазір Франциядағы халықаралық 
өлшемдер мен салмақтар бюросында сақтаулы, кейбір елдерге оның көшірмесі 
берілген. Массаның өлшем бірлігінің ендірілуіне байланысты оқушыларды 
халықаралық бірліктер жүйесімен таныстыру қажет. Массаның еелік және үлестік 
бірліктері жөніндегі мәселе айтылады.
2)
Массаны өлшеу тәсілдерін талқылау. Масса ұғымының анықтамасы 
толық болуы үшін оны өлшеу әдісі белгілі болуы тиіс. Ондай әдістің екі түрі бар.
а) біріншісі –
кез келген дененің массасын 
( )
m
, оның масса эталонымен 
( )
э
m
өзара әсерлесу кезіндегі алатын үдеуін 
( )
a
масса эталонының алатын үдеуімен 


Ф КазНПУ 0703
-03-18 (1). 
Пәннің оқу
-
әдістемелік кешені. Екінші 
басылым
.
( )
э
a
салыстыру нәтижесінде анықтауға негізделген. Жоғарыда айтылған 
тұжырымымыз бойынша:
э
э
m
a
a
a
=
немесе 

=
a
a
m
э
масса бірлігі.
Бұл әдісті әдетте динамикалық әдіс деп атайды.
ә) екіншісі –
оны статикалық деп атайды –
рычагты таразылармен өлшеу әдісі. 
Бұл әдіс кейінгі «Табиғаттағы күштер» тақырыбын өткенде толық айтылады. 
Дегенмен бұл жерде ол туралы қысқаша мағұлымат беріп кеткен жөн.
Динамикалық әдісті микро

және макрооъектілердің массаларын анықтау 
үшін, ал статикалық әдісті күнделікті тұрмыста пайдаланатындығымызды ескерту 
орынды. Белгілі дененің массасын екі түрлі әдіспен өлшегенде бірдей
қорытынды 
алатындығымызды айтуды ұмытпау керек.
б) масса ұғымының классикалық механикада қолданылу шекарасы. Бұл 
мәселені, тек динамика заңдарын оқып біткеннен кейін, классикалық механиканың 
қолданылу шекарасын түсіндірумен ұштастырған дұрыс. 
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары 
және сұрақтар
Өзін өзі бақылау сұрақтары:
 
1. 
Кәсіптік мектепте механика бөлімін оқыту әдістемесі
жайында баянда

№11 
дәріс


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет