Фольклор м.Әуезов – фольклортанушы


ХҮІІІ ғасырдағы қазақ фольклортануы



бет23/76
Дата11.01.2023
өлшемі214,39 Kb.
#61005
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   76
31. ХҮІІІ ғасырдағы қазақ фольклортануы
Бұл кезеңдегі қазақ фольклортануы жайлы 1988 жылы жарық көрген «Қазақ фольклористикасының тарихы» атты ұжымдық үлкен еңбекте мәліметтер анық берілген .Бұл кітапта қазақ фольклортану ғылымы ХVІІІ ғасырдан басталатыны, ХІХ ғасырдың соңында жеке ғылым ретінде қалыптасып орныққаны тұжырымдалған концепция ұсынылды. Ол ғалымдар тарапынан қолдау тапты.
Сонымен, осы еңбекке сүйенетін болсақ, XVІІІ ғасыр мен ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ фольклортануы былай баяндалады.
Қазақстанның Ресей құрамына енуіне байланысты өлкенің жер жағдайын, табиғатын, тарихын, этнографиясын, мәдениетін т.б. зерттеу қажеттілігі туындап, арнайы экспедициялар ұйымдастырылған, оның құрамында болған Е.П. Ковалевский, Н.А. Северцев, В.И. Даль, В.И. Небольсин, В.П. Васильев, Н.В. Ханыков, Г.И. Данилевский, М. Поспелов т.б. адамдардың алуан түрлі деректер жинап, ой-пікірлер түйгені кең сараланған. Сондай-ақ қазақ даласына түрлі себептермен жер аударылған Ф. Достоевский, Т.Шевченко, А.Янушкевич тәрізді қайраткерлердің де қазақ тарихына, оның ішінде өзіндік мәдениетіне, фольклорына қатысты құнды деректер қалдырғаны сөз болады. Қазақ фольклорының жиналып, зерттелуіне 1800 жылы Қазанда ашылған Азия халықтарының баспаханасы мен 1808 жылы іске қосылған Университет баспаханасының, сондай-ақ 1845 жылдан іске кіріскен Орыс географиялық қоғамының игі істері өз алдына зерттеуді қажет ететіні де көрсетілген. Аталмыш тарауда XVІІІ ғасырдағы қазақ фольклорының тарихы, жағдайы белгілі ғалымдар П. Паллас, Н. Рычков, И. Георги, Г.Ю. Клапрот, Г.И. Спасский, Г.Мейендорф т.б. еңбектері негізінде қарастырылған. Онда, негізінен, өлкенің тарихымен, жер жағдайымен қатар, халықтың әдет-ғұрпы, аңыз-әңгімелері, тұрмыс-тіршілігі туралы ақпараттық деректер берілген. Әсіресе, қазақтың тегі, тарихына байланысты аңыз-әңгімелерді жинастырған А.И.Левшин еңбегі жан-жақты қарастырылған. Яғни сол шақта жарияланған саяхатнама, сипаттама, жазбалар түріндегі еңбектердің ішіндегі ең көлемдісі де, маңыздысы да А.И.Левшиннің «Қырғыз-қазақ немесе қырғыз-қайсақ ордалары мен далаларының сипаттамасы» атты үш томдық зерттеу еңбегі екені дәлелденген. Тараудың авторы Ш. Ыбыраев бұл дәуірде фольклортану ғылымы үлкен профессионалдық жолға түспегенімен, ғылым ретінде жекелеген белгілері туып, қалыптаса бастағанын, әсіресе қазақ фольклоры туралы, этнографиялық негізде болса да, пікір айту, оның халық өмірінен алатын орнын белгілеу, жинау, жазып алу, орыс тіліне аудару сияқты жұмыстардың рөлі ерекше болғанын ескертеді.Еңбекте одан әрі қазақтың тұңғыш фольклортанушы ғалымы Шоқан Уәлихановтың өмірі, өскен ортасы, фольклортанушылық еңбектері дәйектелген.Ш.Уәлиханов ел аузынан жинап, жариялаған: Абылай атына қатысты аңыздар; «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Ер Көкше», «Едіге» тәрізді жырлар; Жұмағұл, Жанақ, Орынбай, Арыстанбай, Шөже сынды ақын-жыршылар туындылары;Бөгенбай, Жанатай, Сырымбет, Жәнібек, Байғозы, Оразымбет, Малайсарыға, Баянға т.б. қатысты деректі әңгімелер шоғыры- бәрі ғалым Р.Бердібай тарапынан жан-жақты ашылған.
Ал,одан кейінгі ХІХ ғасырда қазақ фольклортану ғылымының өз алдына жеке ғылым саласы ретінде қалыптаса бастаған



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет