Фольклор м.Әуезов – фольклортанушы



бет24/76
Дата11.01.2023
өлшемі214,39 Kb.
#61005
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   76
32. Көркем фольклор жанрлары
Қазақ фольклоры жанрға аса бай.Қазір фольклор жанрларын ғұрыптық және көркем фольклор деп екіге жіктейді. Бұлай жіктеуді ең алғаш ұсынған - А.Байтұрсынов. Ғалым «Әдебиет танытқышында» қазақ фольклорын «сауықтама» және «сарындама» деп екіге бөледі.
Көркем фольклорлық жанрға: ертегілер, жырлар, дастандар,т.б. жатса,ғұрыптық фольклорға арбау, алғыс, қарғыс, бәдік, бақсы сарыны, т.б. жатады.
арбау, алғыс, қарғыс, бәдік, бақсы сарыны, т.б.
Жалпы алғанда, біздің ауыз әдебиеті екі текпен айқындалады. Олар:халық поэзиясы және халық прозасы.
2)Түр.Халық поэзиясының басты түрлері,жанрлары:тұрмыс-салт жырлары,төрт-түлік туралы, аңшылық, наурыз, бесік, жаңылтпаш, беташар,жар-жар, той бастар, сыңсу, жұбату, бәдік, арбау,жалбарыну, жарапазан, бата,тілек, естірту, қоштасу, жоқтау, батырлық жырлар, ғашықтық, тарихи жырлар, тарихи өлеңдер,шешендік сөздер және т.б.
Ал,халық прозасының басты түрлері, жанрлары :ертегілер, миф,аңыз-әңгімелер,әпсана, хикаят, т.б.
Басқалардан гөрі тұрмыс-салт жырларының ішкі жанрлық түрлері көп. Мысалы,діни ұғымға байланысты өлеңдер, арбау, жалбарыну, бәдік, бақсы сарыны болып бөлінсе, үйлену; қыз ұзатуға байланысты өлеңдер — той бастар, бет ашар, жар-жар, сыңсу болып дараланады.
Бұлардан басқа тіршілік кәсіпке, төрт түлік малға байланысты да өлең түрлері және адам өміріндегі мұң-шерді білдіретін қоштасу, естірту, көңіл айту, жұбату, жоқтау тәрізді өлеңдер де бар.
Қазақ ауыз әдебиетіндегі ұсақ өлеңдерді халық лирикасы немесе халықтың өлең-жырлары деп те атайды. Осы топқа жататын шығармаларға қара өлең , өтірік өлең, бесік жыры және толғау, терме, тақпақты да қосуға болады. 
Дастандар тобына батырлар жыры, лиро-эпос, тарихи жырлар жатады.
Ертегілер: қиял-ғажайып ертегілері, хайуанат жайындағы ертегілер және салт ертегілері болып бөлінеді.
Шешендік сөздер, қанатты сөздер, нақылдар, мақал-мәтелдер — бейнелі сөздер тобын құрайды. Жұмбақтар мен жаңылтпаштар да осы топқа жақын.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет