Фольклор м.Әуезов – фольклортанушы


«Қобыланды батыр» жырын талдау



бет56/76
Дата11.01.2023
өлшемі214,39 Kb.
#61005
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   76
67.«Қобыланды батыр» жырын талдау
«Қобыланды батыр» – халық ауыз әдебиетіндегі батырлар жырының бірі. Ата-анасының зарығып жүріп көрген жалғыз баласы Қобыланды бойына жастайынан ерге, батырға тән қасиеттерді жиып өседі. Ер-азаматқа лайық ісімен шартты орындап, Көктім аймақ ханның жалғыз қызы Құртқаны ұзатып алуынан басталған жыр оқиғасы Қобыланды батырдың ерлік, батырлық, намысшылдық іс-әрекеттерімен жалғаса береді. 
Жыр кейіпкерлері:
Қобыланды – негізгі кейіпкер
Аналық пен Тоқтарбай – Қобыландының ата-анасы
Қарлығаш – Қобыландының қарындасы
Естеміс – Тоқтарбайдың жылқышыларының, тоқсан құлының бастығы
Көктім аймақ – Қызылбас елінің ханы
Құртқа – Көктім аймақ ханның қызы, Қобыландының сүйген жары
Қызыл ер – Қызылбас елінің батыры
Қазан – Қызылбас елінің батыры
Сейілдің ұлы Қараман – Қобыландының жолдасы, Қазанға қарсы күресетін батыр
Алшағыр – қалмақтың ханы
Тайбурыл – Қобыландының тұлпары
Көбікті – хан
Қарлыға – Көбікті ханның қызы
Ақмоншақ – Қарлығаның тұлпары
Орақ – Қобыландыға көмекке келген жас батыр
Қамқа – Орақтың анасы
Қара қасқа ат – Қазанның тұлпары
Мотив:үйлену мотиві бар.Жырда үйлену мотивінің белгілері көптеп кездеседі.Олар:
1)Суреттеу, орта, тайпа,ата-ана,ел-жұрт туралы сөз:
Жыр Қобыланды батырдың атасы Тоқтарбайдың асқан дәулет-байлығын,Тоқарбайдың елін сипаттаумен және оның перзентке зар болып, әулие-әнбиелерге сиынып, Қобыланды мен Қарлығаштың дүниеге келуінен басталады.
2)Кейіпкердің ғажайып жаратылысы:
Қобыланды батырды жырда ғажап күш иесі, дуа тиген батыр,дана, жолбарыстай қайратты деп жырлайды.
3)Батырға тән балалық шақ:
Қобыландының алты жасқа келгенде-ақ, тобылғы торы атты ерттеп мінгендігі,қаршығасы мен тазы итін ертіп,кәмшат бөрікті киіп,бүкіл Қыпшақ еліне танымал болғандығы айтылады.
4)Алғашқы ерлік:
Жырда Қобыланды мен тоқсан құлдың бастығы Естеміспен бірге аң аулауға шығып, кездескен жауды жеңгені баяндалады.
5)Қалыңдық туралы хабар:
Естеміс пен Қобыланды бір тауда қонып жатқанда, Қызыл басты еліндегі Көктім Аймақ ханының қызы Құртқа үшін ерлердің сайысып жатқандығын және кім теңгені атып түсірсе соған қызын ұзататындығын естиді.Қобыланды бұл сайысқа қатысуға ынтызар болып,Естемістің батасын алып,аттанады.
6)қалыңдыққа сынға түсу,белдесу немесе күйеу жігіттер арасындағы бәсеке:
Қобыландыңа әкесі Құртқаны берейін деп жатқанда,Қырық бес кез Қызыл ер мұны естіп, мені жықса ғана,Құртқаны алсын дейді.Солай, Қобыланды Қызыл ермен сайысып, жеңіске жетеді.
7)жеңіс және кейіпкердің қалыңдығымен оралуы:
Қобыландының жеңіске жеткенін Көктім Аймақ ханы естіп, қызы Құртқаны сый-сыяпат, үлкен құрметпен Қобыландыға жар етіп шығарып салады.
Шығарма сюжеті:
1)Қазан ханға алғашқы сапары
2)Сырлы қала мен Қырлы қаладағы ерлік
3)Қобыланды мен Қазанның соғысы
4)Қобыландының Алшағыр ханмен ұрысы
5)Қабыландының Көбікті ханды жеңуі



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет