Фольклор м.Әуезов – фольклортанушы


Наным-сенім ғұрпының фольклоры



бет58/76
Дата11.01.2023
өлшемі214,39 Kb.
#61005
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   76
69. Наным-сенім ғұрпының фольклоры
Қазақтың ғұрыптық фольклорының соңғы түрі – наным-сенімдер ғұрпының фольклоры. Наным-сенім дегеніміз де – халықтың белгілі бір күшке илануы, табынуы, соған бағынуы.
Ахмет Байтұрсынұлы осы наным-сенім ғұрпы фолькорына ұқсас фолькор түрін былай деп жазады: «Қалып сөзі деп тұрмыс қалпында болатын істер сарынымен айтылатын сөздерді айтады. Мәселен, бал ашқанда, ауру баққанда бақсылардың жын шақыруы, тісті емдегенде құрт шақыру, мал бәдік болғанда, адамға күлапсан шыққанда бәдік иә күлапсан көшіру, бала тербеткенде айтатын бесік жыры – осылардың бәрі қалып сөздің табына жатады»
Яғни А.Байтұрсынов «қалып сөзі» деген терминнің аясына діни наным-сенімге құрылған жырларды байқаймыз.
Сәкен Сейфуллин діни ғұрыпқа байланысты жырларды «Ескілікті дін салтынан туған өлең-жырлар, тақпақтар» деп атап, оның құрамын былайша жіктейді: бақсының жыры, шақыру, арбау, байлау жырлары, бәдік өлеңдері, наурыз, жарапазан жырлары .
Негізінен,діни-ғұрыптық фольклор үлгілерін мынадай басты топтарға бөлеміз:
Бәдік өлеңдері.
Арбау, шақыру өлеңдері.
Бақсы сарындары.
1) «Бәдік» - шамандық таным жүйесіндегі ерекше түр. Яғни бәдікті малға, адамға тиетін аурудың «иесі», «құдайы» деп түсінген. Бәдік алдымен малды және адамды емдеу түрінде айтылған. Яғни магиялық күшпен (сиқырлы сөзбен) өлең айтып, ауруды арбап, қуып шығатын болған. Сондай-ақ әр аурудың өз иесі бар есептеген.Бәдік көбіне кешке қарай орындалады. Оның да бір себебі бар. Яғни ымырт үйіріле ауру кешкісін қозып, дамыған кезде, оны «сөзбен» ұстап аламыз деп сенген. Уақыт өте келе бәдікті қыз бен жігіт жарыса айтатын болды. Бәдікке тән берне – «көшу». Яғни сөзбен мал не адам бойындағы ауруды келесі бір нәрсеге көшіреді.Бәдікті жын-шайтан бейнесімен салыстырады. Шындығында, бәдіктің сыртқы мазмұндық келбеті дүлей, қаскөй күштермен сыбайлас болғандықтан, ортақ әрекеттері ұқсас. Бәдікті кешкілік қайтару да жоғарыда айтқандай, тегіннен-тегін емес. Кешкілік кезде жын-шайтандар жиналып, «көшу» мезеті басталады. Бақсылардың да кешкілік уақытта қолдарын жан-жағына сермеп, құралдар (балта, шоқпар, тулақ т.б.) арқылы айналулары осы жын-шайтандарды «қуудан», «көшіруден» туындаған.
Қазақта бәдікті өткеру салты бір адамның емес, ұжымдық орындауда жүзеге асады. Күрделі дискурстық желі құрайтын бәдік мынадай композициялық құрылымдардан тұрады:
1)Коммуникативтік жағдаяттың болуы – орын, уақыт (мезгіл), адамдардың жас, гендерлік ерекшелігі т.б.
2)Айтушылардың білімі, дәрежесі.
3)Шулау.
4)Сабау.
5)Мата жабу.
6)Мәтін орындау.
Бәдікті орындаудағы басты әрекет – басқаға «көшіру» болса, олар мынадай жүйеде келеді:
1)басқа адамға көшіру;
2)жан-жануарға көшіру;
3)жансыз заттарға көшіру (тас, тау, ағаш т.б.).
2)Діни-ғұрыптық фольклордың келесі бір түрі – арбау, шақыру өлеңдері.Арбау жырларында бәдікке қарағанда, магиялық күшке сену, оны пайдалану танымы өте кең айтылған және айқын көрінеді.
А.Айтмұқашева "арбаушы" туралы былай деп жазады:
«...Сондай қас күштердің: жылан мен шаянның, қарақұрт пен бүйінің шаққан уынан құтқарып, арашалап алатын адамды қазақ арбаушы дейді. Арбаушы сиқырлы сөздің күш-қуатымен інінде жатқан жылан, шаян, бәленгі, ұлу, қарақұрттың құтын қашырып, уын қайтарады. Шағылған адам мен малды жазады».
Жалпы арбау өлеідеріне мынандай белгілер тән:
Мағынасы көмескі сөздер көп;
Эмоционалды-экспрессивті жағынан ырғақты;
Пірлерден, тәңірден медет тілеу мотиві басым;
Бақсыларға тән қозғалыстық қимыл-әрекеттердің болуы;
3)Шақыру жырларына келетін болсақ, бұл да арбау өлеңдерімен сарындас. Екеуіне де ортақ нәрсе – сөздің қуатымен қатты әсірелеп, барлық нәрсенің күшін, еркін, қиялын сырлы тілмен бағындыруы. Сәкен Сефуллиннің пікірінше, шақыру, арбауларға тән ерекшелік – «сырлы», «жат» сөздердің үйлестіріліп қолданылуында. Шақыру жырларының негізгі мазмұны – көптен асыға күткен нәрсені, құбылысты аңсау, соны тілеу. Мәселен, халықтық танымдағы жауын, бұлт шақыру дағдылары – дүние жүзіне кең тараған магиялық ғұрыптардың бір түрі.
Болатжан Абылқасымовтың айтуынша, ауа райын магиялық әдістермен басқарудың қоғамдық өмірде алатын маңыздылығы соншалық, кейбір елдерде, мысалы, Тибетте әрбір ауылдың, қаланың, шіркеудің «маманданған» өз бұршақ тоқтатушысы (сэргагна), өз жауын шақырушылары (лхава) болған .
4)Тасаттық беру құрғақшылық мезетте халықтың құдайдан жауын-шашын тілеуіне байланысты болғандықтан, оны "күн жайлату" деп атайды. Оның мәтіні мынадай:
Тақ Сүлеймен, Сүлеймен,
Сенен медет тілеймін!
Ат басындай ақ бұлт,
Алла, сенен тілеймін
Қай басындай көк бұлт,
Қожам, сенен тілейтін.
Қоғалы көлдер құрыды,
Құба жондар шөлдеді - деп, халық өз басындағы «өкпе-назын» білдіреді. 
Діни-ғұрыптық фольклордың үшінші түрі – бақсы сарынына келетін болсақ, бұл дәстүр тәңірлік діннің басты нышаны бақсылық нанымымен сәйкес келеді. Философ-ғалым Ғарифолла Есім «қазақта бақсылық бары рас. Бақсыны шаман десек қателесеміз, себебі бақсы дінге қатысты емес, ол балгер, емші, қазіргі тілмен айтқанда дәрігер»- дейді. 
Ғұрыптық қимыл-әрекеттердің орындалу ретіне қарай бақсы сарындарын төмендегідей сюжеттік қабаттарға бөлуге болады:
1. Пірлерге сыйыну – бақсылардың «кіріспе сөзі».
2. Жын шақыру – негізгі бөлігі.
3. Жын қайтару – қорытынды бөлімі.
Пірлерге сыйыну бөлігінде олар пайғамбарлар, жалпымұсылмандық пірлерге немесе жергілікті әулие-әнбиелерге сыйынып, аруақ шақырады. Ал екінші бөлікте бақсылар өзінің барлаушы, сақшы жындары мен емге, дауаға көмекші жындарын шақыру дәстүрі жалғасады. Ал үшінші бөлік – жоғарыдағы екі желілік сюжеттің негізінен қайнап шығатын шешуші сәт. Өйткені бұл шақта бақсының болмыс-бітімі, толыққанды бе йнесі ашылып, қимыл-әрекеті қоса көрінеді. 
Қорыта айтқанда,наным-сенім дегеніміз де – халықтың белгілі бір күшке илануы, табынуы, соған бағынуы.Қазақ халқының наным-сенім фольклоры жырлары қазіргі күнде де өз жалғасын табуда.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет