Фольклор м.Әуезов – фольклортанушы


«Қамбар батыр» жырын талдау



бет64/76
Дата11.01.2023
өлшемі214,39 Kb.
#61005
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   76
76. «Қамбар батыр» жырын талдау
«Қамбар батыр» жыры – ел арасына көп тараған, ел намысы мен жер намысын қорғау жолындағы Қамбардың бойындағы батырлық, ерлік, батылдық, бірбеткейлік, намысшылдық сияқты ізгі қасиеттерді марапаттауға арналған жыр. Он сегіз жасқа толып, жар іздеген Назымды суреттеуден басталған жыр Қамбардың азаматтық іс-әрекеттерімен жалғасып, өрбіп, дамып отырады.

«Қамбар батыр» жырының кейіпкерлері:


Әзімбай – атағы жер жарған бай
Назым – Әзімбайдың жалғыз қызы
Қамбар – жалғыз атты кедей жігіт
Қара қасқа ат – Қамбар батырдың тұлпары

Сюжет:
1. Кіріспе - экспозициясы – Көкшетаудың табиғаты


2. Оқиғаның байланысы – батырлардың бас қосуы
3. Шегініс – Батыр Баянның жорықтан қалмақ қызын алып келуі.
4. Оқиғаның дамуы – Ноянның қалмақ қызына ғашық болуы
5. Оқиғаның өрбуі - Қыздың айласы
6. Оқиғаның шиеленісуі - Қос ғашықтың елден қашуы
7. Оқиғаның шарықтау шегі – Батыр Баянның екеуін атып өлтіруі
8. Оқиғаның шешімі – Батыр Баянның ерлікпен қаза табуы

Мотив:батырға тән балалық шақ немесе үйлену мотиві.Мотив бойынша талдау:



1)Суреттеу, орта, тайпа,ата-ана,ел-жұрт туралы сөз:
Жыр батырдың дәулетін емес,батырдың қалыңдығы, яғни,бойжеткен Назымның әкесі Әзімбай байдың дәулетін жырлаумен басталады.
2)Кейіпкердің ғажайып жаратылысы:
Қамбар батыр кедей отбасында дүниеге келген.Батыр бұған ешқашан намыстанбайды.Бала кезінен аң аулап,ат үстінде жүреді.Қамбар Әлімбайдың Құдайдан сұрап алған жалғыз перзенті
3)Батырға тән балалық шақ:
Қамбар батыр мерген,асқан күш иесі ретінде бейнеленеді. Алпыс үйлі Арғын мен тоқсан үйлі Тобырды осы күшімен Қамбардың асырап отырғандығы баяндалады.Қамбардың тіпті жолбарысты жығып, оны тақымына қысып әкелгендігі жазылған.
4)Алғашқы ерлік:
Қамбардың алғашқы ерлігі ауылға қарадай болып тиген, даладағы бүкіл киік пен бұғыны жеген жолбарыспен айқасы еді.Қамбар батыр жолбарыспен айқасып,оны жеңіп, ауылын аштан қырылудан сақтайды.
5)Қалыңдық туралы хабар:
Әзімбай бүкіл Алашқа қызы Назымға таңдау қоятындығын жариялайды.Дегенмен, көп батыр-нояндар Назымның алты ағасынан сескеніп,сұлуды алуға ешкімнің күш-қуаты жетпейді.Қамбар батыр теңіз бойында жүріп, Назым сұлудың ауылын көреді.Дегенмен, өзінің жағдайын Назымға лайық көрмейді.
6)қалыңдыққа сынға түсу,белдесу немесе күйеу жігіттер арасындағы бәсеке:
Назымды Келмембет сұрап келгенде, ағасы Алшыораз оны қайтарып, Назымды Қамбарға беретіндігін айтады.Осыған ашуланған Қараман хан Ноғайлы елін күшпен басып, Назымды алмақ болады.Назымның алты ағасы мен Қамбар батыр қосылып, қалмақтарды қырып салады.
7)жеңіс және кейіпкердің қалыңдығымен оралуы:
Жасаған ерліктерінен кейін Қамбар батырды Назымның әкесі Әзімбай ұнатады және қызын аманат қылып Қамбарға тапсырады.Қамбар Назымды алып өз еліне қайтады.
8)Үйлену мотивінің тағы да бір ерекшелігі батырдың жарының өзіне лайықты, ерекше болуы:
Жырда Назымның сұлулығы ерекше суреттеледі.Оның асқан сұлу болғандығы жырдың басынан бастап-ақ жырланады. Қанша батыр,сұлтандар Назымға ғашық болғанымен,Назымның көңілі тек Қамбар батырда болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет