Фольклор м.Әуезов – фольклортанушы



бет63/76
Дата11.01.2023
өлшемі214,39 Kb.
#61005
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   76
75. Сыңсу
Үйлену ғұрпына қатысты жырлар:тойбастар,беташар,сыңсу,жар-жар,т.б.
Осы жырлардың бірі де бірегейі-сыңсу.
Қалыңдықтың қоштасу әні − «сыңсу». Қыздың сыңсуы – жарасымды әрі тәрбиелік мәні бар салт. Жанрдың жүйеленуі мен зерттелуінің алғашқы кезеңінен бастап, бертінге дейін «сыңсу» терминімен бірге «қыздың қоштасуы», «қоштасу-танысу», «көрісу», «жұбату» сияқты атаулар кейде қосақталып айтылып, кейде оның орнына қолданылып келді. Оның өзіндік себептері туралы К.Матыжанов былай дейді: «Қыз ата-анасының үйінен бастап, бүкіл туған туыстарын аралап қоштасады, туысқандарын құшақтап, көрісіп жырлап сыңсиды, өз кезегінде туыстары қызды өлеңмен жұбатады.
Сыңсудың өзі жастар жағы үшін шағын думан. Оның композициялық құрылымы қыздың жастық дәуреніне, елі мен жеріне, туысқандарына арналған қоштасуынан, қыз туыстарының қызды жұбатуынан және оған арнап айтқан үгіт-насихатынан құралады. Мазмұны – «қыздың жастық дәуренін, елін, жерін, туған-туысқандарын, құрбы-құрдастарын, балалық бал дәурен шағын қимай, зарлана қоштасу мен оған айтылған жұбатудан тұрады» – дейді К.Матыжанов.
Өлең құрылысы жағынан сыңсу көп жағдайда төрт тармақты, 10-11 буынды қара өлең үлгісімен келеді. Арасында жұбатулар жыр ағымымен 7-8 буынды шұбыртпалы шумақпен келеді.
Қазіргі уақытта бұл дәстүр біраз өзгешелік алған. Себебі, бүгінгі күні «сыңсуды» ұзатылып бара жатқан қыздардың өзі айтып немесе айтам дейтіндері кем де кем. Сондықтан оның ең оңай шешімі арнайы шақырылған әншінің қалыңдық орнына ән айту. Қазір солай орындалып жүр де. Сыңсу айтатын әнші қызды қолынан ұстап жүріп әр туған-туыстарының жанына апарып жеке-жеке қоштастырып шығады. Немесе той бағдарламасына немесе шоу бағдарламаға сай той соңында арнайы қойылым қойылып қызды ата-ана, аға-інілерімен қоштастырып ақ жол төсеп, күйеу жігіттің қолына тапсырып, артына қаратпай алып кетеді.Қоштасу, сыңсу сияқты рәсімдердің жоғарғы деңгейде ұйымдастырылып, өткізілуі сіздің қалауыңызға байланысты орындалады. Той ұйымдастырушылары немесе асаба бұл жағынан сізге бірегей жоспар құруға қашан да өз көмектерін көрсетеді.
Шығыс Қазақстан өңірінде «Сыңсуды» − «Сарын» деп те атайды екен. «Сарынды» айту үшін, күйеу түскен жағынан төрт жігіт қыздың басына, үстіне үлкен торғын шәліні төртеуі бұрыштап керіп ұстап тұрады. Өзін шығарып салатын жақын жеңгей, жолдас қыздарымен қыз шәлінің астында отыруы керек. Сол уақытта қыз өзінің мұңын айтқан кезде, келген жігіттер қайтсе де қызды көндіріп әкету жағын ойлайды екен. Ол қыз бен жігіттің кезектес айтысы түрінде келеді. Сыңсудың өзі іштей екі түрлі сипатта болады. Оның бірі нақты тұлғаға, яғни әке-шешеге, ағайын-туысқа, құрбы-құрдасқа бағытталса, екіншісі абстракті ұғымдарға, жансыз заттарға бағытталады. Мәселен, жастық шаққа, ел, жерге, тақиясына т.б. Мұндайда қыз өз-өзімен сырласқандай, өз мұңын өзіне шаққандай кейіпте көрінеді.
Жалпы,Сыңсудың шарықтау шегі қыздың үйінен аттандырар сәтте болады. Некесі қиылып, батасы оқылған соң туысқандары қызды жолға әзірлеген. Оның тақиясынан бастап шешіп алып, жаңа киім кигізген. От жағылып, қыздың жасауы әзірленеді. Қыз мінетін ат әбзелденіп, көлденең тартылады. Қыздың үйден шығарудың, атқа мінгізудің өз рәсімі бар. Мысалы, киім кигізерде қыз тақиясын шешпей: «Тақиямды алмашы, басыма шәлі салмашы», - деп тақиясымен жылап қоштасқан. Сыңсудың басты қызметі қыздың елімен, жерімен қоштасуы болғанымен, қыз осы кезде өзінің балалық шағымен де қоштасады. Бұл қыздың – тақиясымен қоштасуы (тақияның орнына сәукеле, кимешек киіп немесе жаулық жабылады), төрімен, ақ босағасымен, маңдайшасымен қоштасудан көрінеді. Тақия – қыз дәуреннің символы болса, төр мен босаға – туған үйдің символы.
Сыңсу − лирикалық толғаныстарға бай, өте көркем той жырларының бірі. Мазмұны қайғы-мұңға, толғаныс пен шерге толы болғанымен, соңы әрқашан оптимистік сарынмен аяқталады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет