2.2.3 Лингвистикалық типологияны тілдің екі межесіне қатыстылығы бойынша бөлу
Айтылу меже мен мазмұн межеге қарай лингвистикалық типология формалды және семантикалық типологияға бөлінуі мүмкін. Өзара тәуелді және өзара шартты болғандықтан бұл екі бөлімінің әрқайсысының өз міндеттері, өз ерекшеліктері бар.
Формалды типология да, семантикалық типология да қарастыратын лингвистикалық бірліктерінің қандай деңгеймен сайма-сай келуіне қарай бірқатар басқа шағын бөлімдерді біріктіруі мүмкін. Осы негізде олардың фонетикалық-фонологиялық, морфологиялық, синтаксистік және лексикалық типологияға бөлінуі мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |