2.2.3.2 Семантикалық типология
Семантикалық типология – салыстыру межесінде тіл бірліктерінің семантикалық құрылымын зерделейтін лингвистикалық типологияның бөлімі. Ол мазмұн меже бірліктерін табумен, оларды модельдендірумен, тіларалық изоморфалық және алломорфалық қасиеттерді табумен және салыстырумен айналысады. Семантикалық типология тілдердің семантикалық қасиеттерінің негізінде типтік нышандарды анықтайды. Семантикалық әмбебаптарды белгілеу түпкі мақсат болып табылады.
Семантикалық типология мәселелері аз зерделеніп, қалыптасу үрдісінде. Семантикалық типологияның негізгі проблемаларына мыналарды жатқызуға болады: семантикалық типологияның мақсаттары мен міндеттерін анықтау, семантикалық әмбебаптарды бөлу, салыстыру үшін жекелеген семантикалық өрістерді анықтау, семантикалық нышандар негізінде сөздерді топтастыру түрлі тілдерде сөздердің семантикалық құрылымын анықтау, семантикалық категорияларды анықтаудың критерийлерін жасау, семантикалық-салғастырмалы сөздіктер мен тезаурустарды құрастыру ұстынымдарын жасау және т.б.
Туыстас және туыстас емес тілдер жүйелерінде семантикалық салаларды (өрістерді немесе категорияларды) анықтау үлкен практикалық мәнге ие. Бұған агентивтілік, мерзім, туыстық, локалдық, түр-түсті бейнелеу, компаративтілік және басқа категорияларды жатқызуға болады.
Семантикалық типологиядағы терең-беткі тепе-теңдік генетикалық туыстас және туыстас емес тілдер жүйесінде өзінше көрінеді. Генетикалық туысқан тілдер үшін этикалық бірліктер деңгейінде терең-беткі тепе-теңдік тән. Алайда семантикалық типология үшін изоморфизмнің бұл жағдайы шешуші роль атқармайды. Ол үшін эмикалық деңгейде бір деңгейлі бірліктердің сайма-сайлығы қажет, яғни жекелеген семантикалық категориялардың құрылымы мен генетикалық шығу тегі әртүрлі тілдерде бірдей айтылуы мүмкін. Латын тілі мен қазіргі өзбек тілі сияқты бір-бірінен алшақ тілдер жүйелерінде белгілі бір семантикалық жақындықтың болуы мысал бола алады. Мысалы, бұл тілдердің жүйелерінде туыстық категориясы ұқсас түрде, яғни лексикалық бірліктері гетерогенді болып табылса да, арнайы терминдердің көмегімен берілуі мүмкін. Мысалы:
2 кесте − Туыстық категориялардың латын, өзбек, қазақ және орыс тілдерінде айтылуы
Достарыңызбен бөлісу: |