Ңг Жоғары оқу орындарының Кауымдастыгы


Кокцидиялар отряды - Coccidiida



Pdf көрінісі
бет29/250
Дата18.10.2023
өлшемі23,02 Mb.
#117842
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   250
Кокцидиялар отряды - Coccidiida
Кокцидиялар қоянның, ірі қара 
малдың, үй жануарлары мен жабайы 
құстардың, насекомдардың ішек 
эпителий клеткаларында паразитті 
тіршілік етеді. Кокцидиоз ауруына 
адамдар да шалдығады. Кокцидиялардың денесі сопақша келген, 
алдыңғы жағы үшкір, артқы жағы доғал пішінді болады, бұларды зоит 
деп атайды (спорозоит, мерозоит). Зоиттың сырты үш мембраналы 
қабық - пелликуламен қапталынған. Оның астында түтікшелі 
фибрилдер болады, олар субпелликулярлы микротүтікшелер деп 
аталады. Пелликуламен бірге олар зоиттын қаңқасын құрайды.
Зоиттың денесінің алдыңғы жағында екі айрықша органоидтар 
орналасқан. Олар спираль тәрізді фибрилді 
коноид және қапшық 
тәрізді іші сілекей затқа толған саны 2-ден 14-ке дейін роптриялар. 
Осылар арқылы паразит иесінің клеткаларының ішіне кіреді. 
Роптриядан шыққан сұйық зат иесінің эпителий клетка мембранасын 
ерітеді де, ал коноид арқылы зоит бұранда арқылы клетканың ішіне 
кіреді. Кокцидияларда, клеткаларға ортақ бірқатар органоидтар
1
13-cypem.
Спорозоиттіңқұрылысы: 

коноид, 2 роптрия, 3 - микро- 
нема, 4 
түтікше, 5 
микропора, 
6 -ядро, 7 
эндоплазмалық тор, 
8 - митохондрия
50


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
f
14-cypem .
Кокцидияның (Еішегіа) даму циклі: I шизогонияның 1-ші ұрпағы;
II шизогонияның 2-ші ұрпағы; III шизогонияның 3-ші ұрпағы;
IV гаметогония; V спорогония;
1 - спорозоит, 2 - жас шизонт, 3 көп ядролы өсіп келе жатқан шизонт, 4 - мерозоиттар,
5 макрогаметалардың дамуы, 6 - микрогаметалардың дамуы, 7 зигота, 8 спорогонияға 
кірісіп жатқан ооциста, 9-4 споробласты ооциста, 10 споралардың түзілуі,
11-8 спорозоиттар түзілген ооциста
болады - митохондриялар, Гольджи аппараты, эндоплазмалық торы, 
т. б. (13-сурет).
Кокцидиялардың даму сатысы өте күрделі. Мысал ретінде қоян- 
дардың паразиті эймерия (Еітегіа) туысының даму сатысын қарас- 
тырайық. Эймерия кезектесіп тұратын шизогония, гаметогония және 
спорогония жолдарымен дамиды (14-сурет). Ооцисталар су және шөп 
арқылы қоянның ішегіне түсіп, ооцистаның қабыргасы ішек
51


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
сөлдерінің әсерінен жарылып, ішінен 8 спорозоит шығады. 
Спорозоиттар ары қарай даму үшін ішектің эпителий клеткасына 
ену керек. Коноид және роптриялар арқылы спорозоит клеткаға еніп, 
денесі дөңгеленіп шизонтқа айналады. Шизонттың ядросы бірнеше 
қайтара бөлінеді. Сол ядролардың бөлінуін шизогония дейді. Бұл 
жыныссыз көбею кезеңі. Шизогония нәтижесінде пайда болған әрбір 
ядроның төңірегінде цитоплазма жиналып, олар ұсақ мерозоиттарға 
айналады. Мерозоиттар эпителий клетканы әбден зақымдап болған- 
нан кейін ішек қуысына шығады да, қайтадан жаңа клеткаларға еніп, 
денесі дөңгеленіп шизонтқа айналады. Шизонттың ядросы көпке 
бөлініп шизогония арқылы тағы да мерозойттар пайда болады. Шизо­
гония бірнеше рет қайталанып, паразиттердің саны көбейеді.
Шизогониядан кейін гаметогония кезеңі басталады. Бұл кезеңде 
мерозойттар гамонттарға айналады, бұлардан гаметалар пайда 
болады. Макрогамонттар бөлінбей өсіп макрогаметаларға айналады, 
ал микрогамонттардың ядросы көпке бөлініп, цитоплазмамен 
қапталынып, екі талшығы бар майда микрогаметаларға айналады. 
Микрогаметалар жылжып макрогаметалармен қосылады. Копуляция 
нәтижесінде пайда болған зигота сыртынан тығыз қабықпен қапта- 
лып ооцистаға айналады. Ооцисталар қоянның нәжістерімен бірге 
сыртқа шығарылады. Сыртқы ортада ооцистаның ішінде спорогония 
кезеңі өтеді. Ооцистаның ішіндегі ядро екі рет бөлініп, торт ядро 
пайда болады. Оларды цитоплазма қоршап, торт споробласт деп 
аталатын клетка түзіледі. Әрбір споробласт арнайы қабықпен қапта- 
лынып, спораға айналады.
Әрбір спораның ядросы екіге бөлініп 
екі спорозоит түзіледі. 
Сөйтіп ооцистаның ішінде торт спора пайда болып, олардан сегіз 
спорозоиттар түзіледі. Осындай ооцисталар cay қоянның ішегіне 
түскенде, оның қалың қабықшасы ішек сөлдерінің әсерінен жарылып, 
ішіндегі 8 спорозоиттар шығады да, иесінің ішек клеткаларында даму 
циклын бастайды.
Эймерия (Eimeria) туыстарының толып жатқан түрлері адамды, 
жануарларды кокцидиоз деген ауруға шалдықтырады. Солардың 
ішінде Е. magna, Е. intestinalis қояндардың кокцидиозын қозды- 
рушылар, Е. tenella тауық, үйректердің, Е. zumi, Е. smithi ірі қара 
малдардың, Е. faurei, Е. arloingi қой мен ешкілердің, Е. carpelli 
балықтардың кокцидиозын қоздырушылар. Адамда да кокцидиялар 
кездеседі. Олар Isospora belli және I. hominis. Кокцидиоз 
ішек 
ауруына душар етеді.
52


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет