Ңг Жоғары оқу орындарының Кауымдастыгы



Pdf көрінісі
бет32/250
Дата18.10.2023
өлшемі23,02 Mb.
#117842
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   250
КНИДОСПОРИДИЯЛАР ТИПІ 
CNIDOSPORIDIA
Книдоспоридиялардың барлығы дерлік паразиттер. Книдоспори- 
диялардың тіршілік циклы әрқашанда екі ядролы амеба тәрізді 
ұрықтан басталады. Түзілген споралары көп клеткалы.
Книдоспоридиялар типіне екі класс жатады. Шырышты споралы- 
лар немесе миксоспоридиялар 
Myxosporidia және актиномикси- 
диялар -Actinomyxidia.
Актиномиксидиялардың шырышты споралылардан негізгі 
айырмашылығы - споралары үш қақпақшалы, ішінде үш атқыш 
капсуласы және көптеген амеба тәрізді ұрықтары болады. Олар 
азқылтанды буылтық құрттардың және сипункулидтердің пара­
зиттер!.
МИКСОСПОРИДИЯЛАР КЛАСЫ - MYXOSPORIDIA
Шырышты споралылардың 1000-ға жуық түрі белгілі, балық- 
тардың, қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушылардың 
паразиттері. Иесінің әр түрлі мүшелерін зақымдайды: терісін, 
бұлшықетін, желбезегін, шеміршектерін, нерв жүйесін, өт жолдарын
қуығын. Бұлар тканьдік және қуыс аралық паразиттері болып 
табылады. Дене қуысыңдағы миксоспоридиялар - көп ядролы амеба 
тәрізді плазмодиялар, мөлшері 10 мкм-ден 2 сантиметрге дейін (16- 
сурет). Ткань арасында тіршілік ететін миксоспоридиялар диаметрі 
1-2 см-ге дейін жететін циста (ісік) түзейді. Циста паразиттің 
цитоплазмасына толған, ішінде коп ядролары болады (17-сурет). 
Ядролар өзінің құрылысы мен атқаратын қызметінің ерекшелігіне 
қарай екі топқа бөлінеді: 
вегетативті
және 
генеративті.
Вегетативті ядролар тіршілікке қажетті зат алмасу, белокты син- 
тездеу, өсу т. б. қызметтерін атқарады. Генеративті ядролар көбею 
процесіне қажетті екі спораларға бастама береді. Бұл күрделі процес- 
тің басында генеративті ядролардың сыртын цитоплазма қаптайды, 
соның нәтижесінде генеративті клеткалар қалыптасады. Олар циста- 
ның ішінде еркін қозғалады. Біраз уақыттан кейін әрбір генеративті 
клетканың ядросы бөлініп, көп ядролы панспоробласттарды қүрайды. 
Панспоробластың ішінде екі спора қалыптасады (17,Б-сурет).
Миксоспоридия спораларының формалары әр түрлі болғанымен, 
олардың құрылысы бірдей (18-сурет). Bivalvulea отрядының өкіл- 
дерінде споралары алты ядродан қалыптасады. Споралардың сырты 
қатты қабықпен қапталынған. Оның қалыптасуына екі ядро қатыса-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет