Ңг Жоғары оқу орындарының Кауымдастыгы


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ 7 21-cypem



Pdf көрінісі
бет37/250
Дата18.10.2023
өлшемі23,02 Mb.
#117842
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   250
63


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
7
21-cypem .
Инфузорияның коньюгациясының схемасы: 1 - екі инфузорияның бірігуі, 
а - макронуклеус, б - микронуклеус, 2 - макронуклеустің және түйіскен жердегі 
пелликуланың еріп кетуі, 3 - микронуклеустің 4-ке бөлінуі, 4 - аналық (в) стационарлык 
адроның және аталық (г) ядроның пайда болуы, 5 - аталық ядроларының алмасуы,
6 - ұрықтанған ядроның синкарионның (д) пайда болуы,
7 - синкарион түзілгеннен кейін коньюгацияға қатысқан (эксконьюгантгар) 
инфузориялардың ажырауы, 8 - эксконьюганттың бөліну нәтижесінде 4 жас 
инфузориялардың пайда болуы
стационарлық ядро, кіші пронуклеус қозғалуға қабілетті, кезбе - 
аталық жыныс ядро. Бұдан кейін екі ифузорияның аталық, кезбе 
ядролары цитоплазмалық, көпіршік арқылы бір-бірімен алмасады, 
сөйтіп стационарлық аналық ядросымен қосылады. Бұл процесс 
кариогамия немесе конъюгация деп аталады. Конъюгация 
нәтижесінде ұрықтанған синкарион деп аталатын диплоидты ядро 
құрылады, яғни коньюгацияның соңында эр инфузория синкарионға
64


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
ие болады. Синкарион түзілгеннен кейін конъюгацияға қатысқан 
инфузориялар ажырап кетеді. Ажырап кеткен инфузорияларды 
эксконьюганттар деп атайды. Енді әрбір эксконьюганттың 
синкарионы 3 рет бөлінеді. Соның нәтижесінде 8 ядро пайда болады
8 ядроның үшеуі еріп кетеді, ал қалған 5 ядроның біреуі - 
микронуклеус, төртеуі макронуклеустер. Бұл жағдайда инфузория 
тіршілік ете алмайды, сондықтан оның денесі екіге бөлінеді. 
Макронуклеустер бөлінбей екеуден әрқайсысына өтеді, ал 
микронуклеус бөлініп екі есе қішірейіп әрқайсысына өтеді. Екіге 
бөліну арқылы пайда болған инфузориялардың әрқайсысында енді 
екі макронуклеус және бір микронуклеусы болады. Осындай 
инфузориялар тағы да екіге бөлінеді. Макронуклеустер бөлінбей 
әрқайсысына біреуден өтеді, ал микронуклеус тағы да бөлінеді. Тек 
осыдан кейін әрбір инфузорияда кәдімгі ядро аппараты түзіледі, 
үлкен макронуклеус және кіші микронуклеус. Сөйтіп конъюгация 
нәтижесінде екі жанасқан инфузориядан 8 жас инфузориялар пайда 
болады. Бір эксконьюганттан 4 жас инфузориялар пайда болады.
Инфузориялар коньюгациядан басқа жынысты 
автогамия 
жолымен де дамиды. Автогамия кезеңі коньюгацияға өте ұқсас, бірақ 
инфузориялар бір-бірімен жанаспай, ядро құбылысы тек қана бір 
инфузорияда өтеді. Автогамия кезінде бір инфузорияның 
макронуклеусы ыдырай бастайды да, түгел еріп кетеді. Осы кезде 
микронуклеус 2 рет бөлінеді. Бұл микронуклеустың бөлінуі мейоз 
жолымен жүреді. Хромосоманың жиынтығы гаплоидты болады. 
Микронуклеустың екі рет бөлінуі нәтижесінде 4 ядро пайда болады. 
Олардың үшеуі еріп кетеді, ал қалған ядро тағы да бөлініп, екі ядро 
түзейді: біреуі үлкен, екіншісі кішкентай. Бұларды пронуклеус, яғни 
жынысты ядро деп атайды. Үлкен пронуклеус - аналық ядро, 
жылжымайтын, стационарлық ядро, ал кіші пронуклеус 
аталық, 
жылжымалы ядро. Аталық ядро осы жерде аналық ядромен қосылып, 
ұрықтанған ядро - синкарион пайда болады. Осы процесті автогамия 
деп атайды. Инфузорияның синкарионы үш рет бөлінеді. Соның 
нәтижесінде пайда болған сегіз ядроның, конъюгация кезіндегідей, 
үшеуі еріп кетеді, ал қалған бес ядроның біреуі микронуклеус, төр- 
теуі макронуклеустер. Конъюгация кезіндегі сияқты, бұдан кейінгі 
инфузорияның екі рет бөліну кезінде микронуклеустер бөлінеді, ал 
макронуклеустер бөлінбей жас инфузорияларға тарап кетеді. Сөйтіп 
автогамия нәтижесінде бір инфузориядан торт жас инфузориялар 
пайда болады.
5—574


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет