Ңг Жоғары оқу орындарының Кауымдастыгы


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ 16-сурепи



Pdf көрінісі
бет33/250
Дата18.10.2023
өлшемі23,02 Mb.
#117842
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   250
56


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
16-сурепи
Әр түрлі миксоспоридиялардың плазмодиялары: A - Ortholinea divergens;
Б - Chloromyxum leydigi; В - Sinuolinea dimorpha; Г - Myxoproteus caudatus;
Д - Sphaerospora irregularis; E - Leptotheca agilis; Ж - Ceratomyxa ramosa; 3 - Ceratomyxa 
drepanopsettae; И - Ceratomyxa appendiculata; К - Myxidium lieberkuhni
ды, сондықтан қатты қабық екі қақпақты (жармалы) болып келеді. 
Қабықтың іш жағында жіпшесі бар екі атқыш капсуласы орналас- 
қан, оның түзілуіне де екі ядро қатысады, ал қалған екі ядро спора- 
ның ішінде орналасқан екі ядролы амеба тәрізді ұрықты түзейді 
(17-сурет).
57


ОМЫРТҚАСЫЗДЛР з о о л о г и я с ы
17-сурет. Миксоспоридияның даму схемасы: А - циста (ісік); 1 - цитоплазма, 2 - 
вегетативті ядролар, 3 - генеративті ядролар; Б - панспоробласт; 1 - спора,
2 - атқыш капсуласы, 3 - екі қақпақшалы жарма, 4 - екі ядролы амебатәрізді ұрық
18-сурет.
Әртүрлі миксоспоридиялардыңспоралары:
A - Myxobolus karelicus атьшған жіпшелерімен; Б - Henneguya zikaweiensis;
В - Ceratomyxa obtusa; Г - Myxidium obscurum; Д - Myxobolus karelicus арқа жағынан; 
E - Hexacapsula neothum-атылмаған (жоғарьща) және атылған (төменде) жіпшелерімен
58


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
Осылай миксоспоридиялардың споралары көп клеткалы кұрылым 
болып келеді.
Циста жарылған кезде ауру балықтың денесіндегі споралар суға 
шығып, басқа балықтар оларды жұтады. Ішекке түскен спораның 
(ішектегі сөлдің әсерінен) атқыш жіпшесі атылып эпителиге жабы- 
сады. Соның салдарынан спораның қатты қабығы ашылып, екі 
ядролы амебатәрізді ұрық ішекке шығады да, қан арқылы өзінің 
паразиттік тіршілік ететін мүшелеріне жетеді. Сол жерде амеба- 
тәрізді ұрықтың екі ядросы қосылып, содан кейін бөлініп көп ядролы 
плазмодияға немесе цистаға айналады. Одан қайтадан генеративті 
клеткалар түзіліп споралар қалыптасады.
Миксоспоридиялардың барлық ядролары (вегетативті және гене- 
ративті) диплоидты, тек спора қалыптасқан кезде ядроның бөлінуі 
мейоз жолымен жүреді, соның нәтижесінде спора түзетін ядролар 
гаплоидты болып келеді. Спорадан шыққан екі ядролы, амебатәрізді 
ұрықтың екі ядросы қосылып қайтадан диплоидты түрге айналады. 
Жыныстық процестің осындай түрін автогамия деп атайды. Сөйтіп 
книдоспоридиялардың барлық тіршілік кезеңдерінде ядролары 
диплоидты болып келеді, тек қана спораның ішіндегі амеба тәрізді 
ұрықтың екі ядросы гаплоидты. Книдоспоридиялардың споралы- 
лардан ерекшелігі осында.
Миксоспоридиялар балықтарды түрлі ауруларға үшыратады. Өте 
қауіпті Myxobolis және Lentospora туыстарының түрлері. Олар 
балықтың “ісік ауруы” және “айналшақ” деген ауруды қозды- 
рушылар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет