Г. К. Ибраева Фармакология,фармакотерапия (оқу құралы) 2019 ж


Қолдануы: .бүйрек үсті безінің кемшіліктерінде, Аддиссон ауруында (организм құрғайды), миастенияда (бұлшық еттердің әлсіздігі) Жағымсыз әсері



бет108/153
Дата27.11.2023
өлшемі6,73 Mb.
#129748
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   153
Қолдануы: .бүйрек үсті безінің кемшіліктерінде, Аддиссон ауруында (организм құрғайды),
миастенияда (бұлшық еттердің әлсіздігі)
Жағымсыз әсері: .ісіктер пайда бола-ды, қан қысымы жоғарлайды, калий құрамы төмендейді
Қарсы көрсеткіштері: гипертонияда, калий құрамы төмендегенде (гипокалиемия),
коронар қан тамырларының кемшілігінде.


Глюкокортикоидтар
Глюкокортикоидтар белок алмасуына әсер етеді, белок синтезін бұзып, оны көмірсутегіне ауыстырады, сүйекте кальцидің жиналуын бұзып, сүйекті ыдыратады, май алмасуына да әсер етеді, организмде май таралуында өзгертеді. Глюкокортикоидтар қабынуды, аллергияны басады, дәнекер ткандарын өсуін тежейді, лимфа ткандарын күйзелтеді, негізгі табиғи глюкокортикоидтарға гидрокортизон дәрі ретінде де шығарылады. Активтілігі жоғары глюкокортикоидтарға дексамезатон жатады, бұл препараттарды Аддиссон ауруында, дәнекер ткандары зақымдалғанда, ревматизмде, демікпеде, ревматизмге ұқсас артритте және шокқа қарсы дәрі ретінде қолданады..
Г идрокортизона ацетат – Hydrocortisoni acetas; шығу түрі: флакон суспензия 2,5% - 5 мл, N5, б/е 1 -4 мл күніне 1 рет, көзге жағатын май 0,5% - 2,5 г, жақпа май 1% - 10,0 жарақаттанған жерге жағу күніне 2-3 рет
Қолдануы: . Бүйрек үсті безінің кемшілігінде (Аддиссон ауруында), дәнекер ұлпалар зақымданғанда (коллагеноздарда),буын ауруларында, ревматизмде, .демікпеде, лейкозда, тері ауруларында, аллергиялық реакция, (анафилактикалық шок), көз ауруларында.


Жағымсыз әсері: ісік, гипергликемия, асқазан, ұлтабар жараларының, жұқпалы аурулардың асқынуын, сүйек ыдырауын туғызады, қан қысымын жоғарлатады, май алмасуын бұзады және лимфопения, туғызады
Қ арсы көрсеткіштері: гипертония ауруының ауыр түрлерінде, қант диабетінде, жүкті әйелдер ге, асқазан және ұлтабар жараларында, психикалық ауруларда қолдануға болмайды
Оксикорт – Oxycortum; шығу түрі: жақпа май 10,0 жарақаттанған жерге жағу күніне 2-3рет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет