Г. К. Кенжебаев ҚазаҚстан тарихынан әңгімелер Жалпы білім беретін 11 жылдық мектептің 5-сыныбына арналған оқулық


  Қазақ кеңес өнерінің қалыптасуы



Pdf көрінісі
бет164/244
Дата30.04.2022
өлшемі6,79 Mb.
#32952
түріОқулық
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   244
Байланысты:
5 synyp

2.  Қазақ кеңес өнерінің қалыптасуыҚазақ 
және орыс тілдерінде хор, әдеби драма үйірме-
лері, клубтар, халық театрлары құрылды.  Ақ-
төбе, Семей, Шымкент, Петропавл, Қарағанды 
қалаларында театрлар жұмыс істей бастады. 
1934 жылы Абай атындағы Қазақ академиялық 
өнер және балет театры ашылды.
1938 жылы республикамызда тұңғыш «Аман-
гелді» атты дыбысты фильм түсірілді. А. Жұба-
новтың жетекшілігімен Құрманғазы атындағы 
Қазақ мемлекеттік оркестрі құрылды. Қазақ-
тың тұңғыш кәсіби суретшісі Әбілхан Қастеев-
тің  «Амангелді»  картинасы – қазақ бейнелеу 
өнерінің жарқын туындысына айналды. 
Алайда осындай жетістіктермен қатар кемші-
ліктер де болды.  30-жылдардағы жазалау нау-
қаны барысында көптеген көрнекті мемлекет 
қайраткерлері мен ғалымдар, мәдениет өкілдері  
жазықсыз құрбандыққа ұшырады.
Орталықтың үстемдігі, халық мүддесін еле-
меу, күш көрсету саясаты республика халқына 
ауыр қайғы-қасірет әкелді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет