Г. К. Күзембаева, К. Күзембаев, а мауленов


Қонақтардың тұтынушылық тәртібінің психологиялық стилі



Pdf көрінісі
бет38/101
Дата27.04.2023
өлшемі1,51 Mb.
#87536
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   101
Байланысты:
КУЛЬТУРА СЕРВИСА

4.3. Қонақтардың тұтынушылық тәртібінің психологиялық стилі 
Барлық адамдар әртүрлі өмір стилімен, соның ішінде уақыты мен ақшасын 
қалай жұмсайтынымен, өз бос уақытын ұйымдастыруымен ерекшеленеді. Өмір 
стилі олардың мүдделерін, қалауы мен көзқарастарын, қандай тауарлар мен 
қызметтер сатып алатынын сипаттайды. Клиенттің өмір стилі әртүрлі 
тұтынушылардың тұтынушылық тәртібін түсінуге және құрастыруға мүмкіндік 
береді. 
Америка психологтары клиенттің тұтынушылық тәртібі стильдерінің 
топологиясын құрды. Зерттеу нәтижелері бойынша барлық халықты 8 
тұтынушылық тәртіп типіне шартты түрде бөледі: 
1. Іске асырушы – жауапкершілікті өз мойнына алатын жақсы талғамы бар, 
табысты, қызметті адамдар. Олар карьералық өсу мен дамуға 
бағытталған. Оларға өзінің жоғары талғамы мен тәуелсіз сипатын көрсету 
үшін өз имиджі өте маңызды. Олар бизнесте қолбасшы. Үкіметте белгілі-
бір орындарды алуы мүмкін. Олар жеткілікті иілгіш, инновацияларды 
жеңіл қабылдайды. Олар сатып алған тауарлар мен қызметтер жақсы 
талғамы барын білдіреді. Оларға қымбат жоғары сапалы тауарлар мен 
қызметтер ұнайды. 
2. Жүзеге асырушы (орындаушы) – бұл әдетте егде жастағы адамдар. Олар 
қамтамасыз етілген және өмірге риза, тіршілігін ойлау мен тануда 
өткізуді жақсы көреді. Көбіне жақсы білім алған адамдар. Олар саясат 
пен мәдениетпен айналысады, өз ой өрістерін кеңейтуге тырысады. Олар 
өз карьерасына, отбасымен риза, бос уақытын үйде өткізуге тырысады. 
Олар тауарлар мен қызметтерге консервативті, алдымен беріктілігін, 
функционалдылығын және құндылығын бағалайды. 
3. Табыстылар - бұл карьера жасайтын адамдар. Оларға ең бастысы-бизнес. 
Олар көпшілік ойына көңіл аударады, тәуекелге бармайды. Бизнес 
материалды тәуелсіздік және статус, өз «қазеттілігі» сезімін береді. 
Карьерамен қатар отбасылық және діни құндылықтар маңызды. 
Қоғамдық өмірде олар консервативті. Олар үшін қоршаған адамдарға 
көрсеткен әсері өте маңызды. Сондықтан престижді тауарлар мен 
қызметтер иесінің жоғары күйі мен жетістігін куәландырады. 
4. Тәуекелге барушылар – жас, қайратты және импульсивті. Олар өткір 
әсерлер артынан жүреді, өзгерістер іздейді, мінез-құлық құндылықтары 
мен модельдерін қалыптастыру үрдісінде жүреді. Олардың көңіл-күйі де 
жылдам өзгеріп отырады. Оларды жаңа мүмкіндіктер тез қызықтырып, 
тез суып отырады. Саясатпен қызықпайды және тұрақты көзқарастары 
жоқ. Табысының көп бөлігін киімге, Мейрамхана және қонақ үйлер мен 
кинотеатрға баруға жұмсайды. 
5. Сенімділер (консерваторлар) қабылданған нормалар мен дәстүрлерді 
сақтайды. Оларда басты құндылықтарға: отбасы, дін, қоғам, ұлт 
негізделген қатаң тұрақты, өзгермейтін көзқарас қалыптасқан. Жұмыстан 


64 
бос уақытын үйде өткізеді. Олар ең жақсы сатып алушылар емес, өздеріне 
белгілі маркалы тауарлар мен қызметтерді алады. 
6. Тырысушы (өзіне сенімсіз) әрекеті мен қызметтері қажеттілікпен 
орындалуымен сипатталады. Олар өз қадамдарының мақұлданғанын 
қалайды, қорғаусыздық сезінеді, мүмкіндіктері шектелген.Олар үшін 
ақша табысқа жетуді білдіреді. Олар табысты өзінікінен жоғары адамдар 
ала алатын сәнді тауарларды сатып алуға тырысады. 
7. Құнттылар – өздеріне барлығы жеткілікті, құнтты адамдар. Оларға ең 
бастысы – отбасылық құндылықтар. Қоғамдық өмірде олар 
консерваторлар. Олардың сатып алатын тауарлары мен қызметтері – 
функционалды құнды немесе қолданбалы мәнге ие. 
8. Күресушілер – мосқал жастағы адамдар. Олардың сатып алу қабілеті аса 
шектеулі. Өздерін шектеп, қаражаттарына сай өмір сүруге мәжбүр. 
Негізгі шығындары өз денсаулығын сақтаумен байланысты. Олар өте аз 
сатып алады. Аса сатып алу қажеттілігі туындағанда өздеріне ұнайтын 
маркаларды қалайды.
Клиенттердің психологиясын білу белгілі-бір шамада қонақ үй кешені 
басшыларына немесе рестораторларға өз клиенттерін таңдауға мүмкіндік 
береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет