Г. К. Күзембаева, К. Күзембаев, а мауленов


Мейрамхана немесе қонақ үй жұмысшысы қызметінің ерекшелігі



Pdf көрінісі
бет44/101
Дата27.04.2023
өлшемі1,51 Mb.
#87536
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   101
4.5. Мейрамхана немесе қонақ үй жұмысшысы қызметінің ерекшелігі 
Әрекет –адамның ішкі (психикалық) және сыртқы (физикалық) 
белсенділігі. Белсенді әрекет көзі бір жағынан сыртқы әлем әсері, екінші 
жағынан қанағаттандыру қажет өз қажеттіліктері. 
Сыртқы жағынан іс-әрекет өндіріс талаптары, технологиялық тәртіп
басшылық нұсқаулары және т.б. арқылы реттеледі. Іс-әрекеттің ішкі 
реттегіштері жұмысшының психикалық үрдістері, қасиеттері, күйлері, 
қажеттіліктері және т.б. болып табылады.
Психика іс-әрекетте туындалып көрінеді. Өз алдына іс-әрекет психика 
әсерінде тұрады. Яғни, іс-әрекет пен психика өзара тығыз байланысқан, өзара 
негізделген . 
Іс-әрекет үрдісінде адам өмірлік және өндірістік тәжірибесінен жинай 
отырып, үнемі дамиды, жетіледі. Психикалық құбылыстардың іс-әрекет 
үрдісінде өтуі оның мақсаты, заты, құралы, шарты ретінде анықталады.


72 
Әрекетті қарапайым элементі қозғалыс болып табылады. Адам үнемі 
қозғалыста болады, мысалы есеп айырысу жазу кезінде администратордың 
қолы белгілі бір түрде қозғалады, қонақ тағамды қарау кезінде көзі қозғалады 
және т.б. Элементарлы қозғалыстар жиынтығы күрделі түзілім әрекет тудрады. 
Адам белгілі бір орындау құралдары мен тәсілдерін қолданып, кез-келген 
әрекеттер жасайды. Әрекетті жасап, нәтижесін тексереді, қателіктерін түзеп, 
қорытындылайды. 
Яғни, әрекет бір мақсатқа біріктірілген. 
 
Іс-әрекеттің негізгі түрлері 
 
Ойын – мектепке дейінгі жастағы балалардың іс-әрекетінің түрі. Ойын 
ерекшелігі мақсаты оның нәтижесі емес іс-әрекеттің өзі болып табылуында. 
Ойын – үлкендердің тәртібі мен қатынасы белсенді тану түрі, сонымен қатар 
оның оқу мен еңбекке психикалық және физикалық дайындалудың өзіндік түрі. 
Оқу –белгілі-бір білімдерді, ептілікті, дағдыларды, тәртіп түрін меңгеруге 
бағытталған әрекет. Ойынға қарағанда оқу- мақсатты үрдіс. Ол оқушылар 
алдына қойған мақсаттар талаптарымен реттеледі. Оқу үрдісінде оқушы 
қоршаған орта туралы білім алады және оны тағайындалуы бойынша 
қолдануды үйренеді. Оқу сонымен қатар адамды еңбекке дайындауға арналған. 
Еңбек – адамның негізгі іс-әрекет түрі. Ол саналы, түрленуші іс-әрекет 
болып табылады. Еңбек арқылы материалды (тамақ, үй, киім) және рухани 
(әдебиет, өнер туындылары) құндылықтар туындалады. Еңбекте адамның 
адамгершілік қасиеттері тексеріледі. Еңбек адамның рухани және эстетикалық 
жетілуіне ықпал етеді. 
Байланыс аймағы жұмысшысының еңбек мәдениетін сапалы еңбек ете 
алуы мен тәжірибесін құру және еңбекте қажеттіліктерді қалыптастыру ретінде 
қарауға болады. Байланыс аймағы жұмысшысының еңбегінде дөрекілік, 
амбициоздық және т.б. сияқты мәдениетсіздік түрлері алдын-алыну қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет