Г. К. Күзембаева, К. Күзембаев, а мауленов



Pdf көрінісі
бет60/101
Дата27.04.2023
өлшемі1,51 Mb.
#87536
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   101
 
 


92 
6. МЕЙРАМХАНА ЖӘНЕ ҚОНАҚ ҮЙ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЭСТЕТИКАЛЫҚ 
МӘДЕНИЕТІ 
Мейрамхана және қонақ үй сервисінің эстетикалық мәдениеті – 
келушілерге қызмет көрсету барысында Мейрамхана және қонақ үй 
жұмысшыларымен эстетикалық құндылықтарын құру және қолдану. 
 
6.1. Мейрамхана және қонақ үйдегі техникалық эстетика және дизайн 
 
Техникалық эстетика – теңгерілген заттық ортасын құрудың техникалық 
және эстетикалық мәселелерін зерттеумен айналысатын ғылым. Ол эстетика, 
эргономика, инженерлі психология, өндіріс технологиясы, экономика
әлеуметтану, өнертану және т.б ғылымдардың өзара байланысы нәтижесінде 
туындаған. Техникалық эстетика әдемілік заңы бойынша әлемді билеу 
мәселелерімен айналысады. Техникалық эстетика дизайнның теориялық негізін 
құрайды. 
Техникалық эстетика өнімдерінің композизиясы мен пішін түзу 
заңдылықтарын зерттейді. Өнім, осы өнімді жасау құралдары мен өнім 
өндірілетін орта сапасының технико-экономикалық көрсеткіштер талаптарын 
құрастырады.Сонымен қатар техникалық эстетика кәсіпорындарда, соның 
ішінде Мейрамхана және қонақ үйлерда «техникалық пейзажды» құру жөнінде 
ұсыныстар береді. 
Дизайн (ағылш.design –жобалау, құрастыру) – функционалды және 
эстетикалық аспектілер бірлігіне жету мақсатында заттық ортаны 
қалыптастыру мен реттеуге бағытталған шығармашылық әрекет. Дизайн ХХ ғ. 
басында туындаған.
Заттық ортаның эстетикалық мәселелерімен айналысатын суретшілер - 
дизайнерлер (суретші-құрастырушылар) деп аталады. Олардың қызметінің 
басты мақсаты – адам туралы қамқорлық. Ол өнімдер мен жабдықтардың 
сыртқы түрін жақсартуда, келушілер үшін ыңғайлылық пен мейрамхана және 
қонақ үй жұмысшылары үшін еңбек және демалыстың оңтайлы шарттарын 
қамтамасыз етуде көрінеді. Өнімдерді (жабдықтарды) құрастыру кезінде 
дизайнер тұтынушы талаптарын (эстетикалық жетістік, қолдану ыңғайлылығы), 
сонымен қатар өндіріс талаптарын да (технологиялық, үнемділік) ескереді. 
Ерекше көңілді дизайнер құрылатын өнім пішініне бөледі. Ол тек өнімнің 
сыртқы түрін ғана емес, оларға функционалды және композициялық бірлік 
беретін құрамдас бөліктер арасындағы құрылымдық байланысты ескереді. 
Яғни, дизайнер өнім пішініне мақсаттылық пен құрылымдық аяқталғандық 
беріп қана қоймай, бұл пішінді эстетикалық құнды эмоционалды айқын етеді. 
Қызмет көрсету кәсіпорындары өнімдерін жобалау кезінде дизайнер тек 
олардың әсемділігі мен пайдасын ескеріп қана қоймай, құрылым 
рационалдылығын, дайындау технологиялығын ескереді. Қазіргі кезде өнімді 
дайындау ғана жеткіліксіз, оның өндірісі технологиялығы, ал өткізу – 
мейрамхана және қонақ үй үшін пайдалы болу керек. 


93 
Дизайнер мейрамхана және қонақ үй интерьері арқылы келушілердің 
эстетикалық талғамын қалыптастырады. Дизайн принципі бойынша құрылған 
жиһаз пішіні, байланыс аймағы жұмысшысылар киімінің фасоны қолдануда 
ыңғайлы болу керек, сонымен қатар адамға эстетикалық әсер ету керек. 
Мейрамхана және қонақ үйде дизайн объектісі: 
 прейскурант, ас мәзірі, шарап картасының түрі; 
өндірістік орта
 көзге-көрінетін ақпарат, жарнаманың графикалық құралдары; 
 қаптама, құжаттар; 
 персонал киімі және т.б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет