Г. Н. Амандыкова, Ш. Е. Мухтарова, Н. Б. Ешмуханова



бет15/83
Дата07.01.2022
өлшемі180,9 Kb.
#20133
түріОқулық
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   83
Лингвистикалық компонент Оқытудың мазмұнын анықтау лингвистика ғылымынсыз мүмкiн емес. Лингвистика ғылымы - тiлдi белгiлi бiр таңбалар жүйесi ретiнде зерттейдi. Адамдар бұл таңбалар жүйесiн өзара түсiнiсу үшiн қолданады. Ал әдiстеме осы белгiлердi қалай оқытуды зерттейдi. Лингвистика тiлдiң нормаларын зерттейдi, оның дыбыстық морфолого-синтаксистiк, лексикалық жақтарын, оның ауызша және жазбаша түрлерiн зерттейдi.

Қазiргi лингвистика тiлдiң белгiлi бiр белгiлер жүйесi мен қызметiн зерттейдi. Ал сөйлеу дегенiмiз осы белгiлер жүйесiн қарым-қатынаста қолдану. Тiл мен сөйлеу бiр құбылыстың екi құрамдас бөлiгi, олар бiр-бiрiн толықтырады.

Тiлдiң және сөйлеудiң өзiне тән бiрлiктерi бар. Тiлдiң бiрлiктерiне: фонема, морфема, сөз, фразеологиялық бiрлiк, микро, макротекстер жатады.

Оқытудың мазмұнын анықтауда тiлге немесе сөйлеуге үйрету керек пе деген сұрақ туады? Тiлдi жүйе түрiнде оқыту керек пе, әлде сөйлеудi үйрету керек пе?

Тiлдi лингвистикалық феномен ретiнде оқытса, ол практикалық қарым-қатынас құралы ретiнде қолданылмайды. Егер грамматиканы, лексиканы, қарым-қатынас құралы ретiнде қолданып фонетиканы олардан бөлек оқытса, ол ешқандай коммуникативтiк мiндеттердi шеше алмайды.

Әзiр фразаларды оқыту да тiлдi толық қамтымайды. Ағылшын тiлiн оқытуда сөйлеуден тiлге қарай жүру жүйесiн сақтау қажет, яғни тiлдi ұйымдастырылған мақсатты сөйлеу процесi арқылы үйрету керек. Осыдан келiп мазмұнның лингвистикалық компонентi шығады, оған мынадай тiлдiк материалдар жатады: нақты iрiктелген фонетикалық, грамматикалық, лексикалық минимумдер және тiлдiк материалдар, сөздiк үлгiлер. Iрiктеу, жүйелеу және мөлшерлеу қарым-қатынастың талабына байланысты. Тiлдiк бірлік сөйлем, диалог, монолог түрiнде берiледi және сөйлеу үлгілерi ретiнде берiледi. Осындай тiлдiк үлгiлер тiлдiң жүйесiн құрайды және ол үйренушiнiң есiнде қалады.

Ал оқыту бiрлiктерi жағдаятқа байланысты сөйлемдер арқылы берiледi. Олар белгiлi- бiр ырғақпен айтылады.

Оқыту мазмұнына тiл бiлiмiнiң әлеуметтiк лингвистика бөлiмi де әсер етедi. Бұл бөлiмде тiлдiң мәдениетпен, қоғаммен қарым-қатынасы зерттеледi.

18

Тiл - ұлттың негiзгi белгiлерiнiң бiрi. Сондықтан шетел тiлiн үйрету тiлге- белгiлi бiр жүйеге үйрету ғана емес, сонымен қатар сол тiлде сөйлейтiн халықтың мәдениетiн үйрену. қазiргi әдiстемеде елтану туралы мәлiметтер көп қолданылады, ол сол елдiң географиясын, тарихын, өмiрiн зерттеуге арналған. Олар тыңдауға және оқуға арналған текстер арқылы берiледi.



Лингвистика әдiстемеге оқытудың лингвистикалық компонентiн анықтауға мүмкiндiк бередi. Шет тілін оқыту мазмұнының лингвистикалық компонентіне тiлдiк және сөйлеу материалдары кiредi.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет