Г. Н. Амандыкова, Ш. Е. Мухтарова, Н. Б. Ешмуханова


Қарым – қатынас жасауға бағытталған принцип



бет18/83
Дата07.01.2022
өлшемі180,9 Kb.
#20133
түріОқулық
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   83
1. Қарым – қатынас жасауға бағытталған принцип. Қазiргi заманғы шет тілін оқыту әдiстемесінің негiзгi арнайы (жеке пәндік) принципі болып есептеледi. Бұл принцип бойынша оқушыларға ағылшын тiлiн үйрету, тыңдап түсiну, сөйлеу iс – әрекеттерi арқылы ауызша сөйлеудi арттыру, оқу және жазу арқылы жазбаша қарым – қатынас жасау жүзеге асады. Тілді игеру – сол тілде сөйлеудің дағды мен біліктілігін игеру, тілді қарым – қатынас құралы ретінде пайдалану болғандықтан – қарым – қатынас жасау принципінің негізгі қызметі: қарым – қатынастық мақсат, міндетін, мотивін анықтау. Бұл принцип тілдік материалды іріктеуді, ұйымдастыруды, сөйлеу, үйрету жаттығуларының қарым – қатынастық бағытын, сабақтың ұйымдастырылуын және құрылымын анықтайды. Сабақта қарым – қатынас жасай білу үшін жақсы психологиялық жақдай жасау керек: балаларды жиі мақтап, олардың әр табысын атап, әр оқушыға жақсы сөз айтып, қателерін жаймен түзеп отыру керек.

Яғни, бұл принцип бойынша ағылшын тiлiнде оқыту бағдарламасы бiткенше сөйлесу, әңгiмелесу қарым – қатынасы үйренiп жатырған тiлде болып отыруы тиiс.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет