Байланысты: Бастауыш сыныптарда шет тiлiн оқыту.Амандыковаpdf
Оқушылардың сөздер мен сөздiктiң көмегiмен танысуы. Бұл жұмыс түрiне VII сыныптан бастап тартылады. Сөздiң мағынасын оқушылар сөздiктен өздiгiнен тауып, сөйлемдегi мағынасында қолданады. Оқу процесiнде жаңа сөздермен танысу жұмыстың негiзгi түрiне айналады. Жаңа сөздi игеру сөзбен бiрiншi танысудан басталады. Оны мұғалiм айтады, әрi қарай ол сөздi игерудiң нақты жүйесiн жасайды. Бастауыш оқу кезеңiнде сөздiң айтылу дағдысын, оның оқуда, жазуда, сөйлеуде қолданылуын қалыптастырады. Әрi қарай сөздермен лексикалық жаттығулар орындалады.
Жоғары сыныпта сөздiң жанама (ауыспалы) мағынасына назар аударады, фразеологиялық тiркестерге назар аударылады.