Г. Н. Амандыкова, Ш. Е. Мухтарова, Н. Б. Ешмуханова


III тарау. Шетел тілінде тыңдап-түсіну, сөйлеу, оқу және жазу арқылы қарым – қатынас жасауға үйрету



бет78/83
Дата07.01.2022
өлшемі180,9 Kb.
#20133
түріОқулық
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   83
III тарау. Шетел тілінде тыңдап-түсіну, сөйлеу, оқу және жазу арқылы қарым – қатынас жасауға үйрету

Тыңдауға және сөйлеуге үйрету

Жоспар: 1. Тiл - қарым-қатынас құралы. 2. Тыңдау мен сөйлеудегi негiзгi қиындықтар. 3. Сөйлеу және ауызша жаттығулар. 4. Ауызша сөйлеуге қалай үйретуге болады? 5. Сөйлеуге үйрету әдiстерi.

1. Тіл – қарым-қатынас құралы Тiл - қарым-қатынас құралы. Тiл сөйлеу арқылы жүзеге асады, сөйлеу арқылы ғана дамып, өмiр сүредi. Бiз шетел тiлiн оқыту туралы айтқанда, оның ең алдымен қатынас құралы ретiнде оқимыз.

Сөйлеу екi жақты процесс. Ол бiрiншiден тыңдап түсiнуден, екiншiден сөйлеуден тұрады. Сөйлеудiң екi түрi бар:

1) диалогтық; 2) монологтық. Бағдарламада ауызша сөйлеуге мынадай талаптар қойылған: 1) Сөйлеу тiлiн түсiну; 2) Бағдарлама бойынша алынған мөлшерде шетел тiлiнде әңгiме жүргiзе бiлу, сөйлей бiлу. Бұл сөйлеудiң практикалық мақсаты болып табылады. Ауызша сөйлеу - шетел тiлiн үйретудiң және лингвистикалық материалды таныстыру құралы. Дыбыстар, сөздер, грамматикалық құрылымдар және сөздiк үлгiлері - сөздiктi меңгеру құралы, ол айту дағдыларын қалыптастырады. Сөйлеу сабақтың ең маңызды бөлiгi. Ауызша сөйлеу оқушылардың мәтiндi тыңдау мен оқу кезiндегi оқылған материалды тексеру құралы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет