Г. Н. Амандыкова, Ш. Е. Мухтарова, Н. Б. Ешмуханова


Тыңдау мен сөйлеудегi негiзгi қиындықтар



бет79/83
Дата07.01.2022
өлшемі180,9 Kb.
#20133
түріОқулық
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   83
2.Тыңдау мен сөйлеудегi негiзгi қиындықтар Тыңдау, түсiну, меңгеру оқушылар үшiн қиын процесс, себебi олар дыбыстарды жылдам айырып, ойында сақтап түсiнуi керек. Оқушылар бұл процестi өзiнiң туған тiлiнде өте жеңiл орындайды, ал шетел тiлiнде қатты қиналады. Сондықтан тыңдағанда өте зерек болуы керек және ойлай бiлуi керек. Ерiк-зейiнiн, еске сақтау қабiлетiн толық пайдалану дыбыстарды есте сақтауға көмектеседi.

Ол үшiн үш негiзгi факторды еске сақтау керек: 1) лингвистикалық материал Сөйлеу әрекетiнiң түрлерiн оқыту методология

фонетика лексика грамматика

тыңдау Сөйлеу Оқу жазу

77

2) материалдың мазмұны 3) материалды беру жағдайы Оқушыларға шетел тiлiн үйретуде негiзгi 3 қиыншылық бар: фонетикалық, лексикалық және грамматикалық.



1) Фонетикалық қиыншылықтар ағылшын тiлi мен қазақ тiлiнiң дыбыстық құрамының айырмашылығында. Оқушы ағылшын тiлiнiң дыбыстарын өз тiлiнiң дыбыстарына ұқсатып айтады. Көбiне мына дыбыстарды айту қиындық келтiредi.

¤-s -Z э:- ¤-t -V -е W-V S-Z э:-э Tr-ts t-ts а- Dr-d3 n- i:-I - a:-э u:-v Мына сөздердi қиындықпен айтады:

Worked-walked first-fast-forсed lion-line tired-tide bought-boat-board Интонациядағы айырмашылықтар да түсiнудi қиындатады. Мысалы: Good morning! Сондықтан тыңдау дағдыларын дамытатын дыбыстық мен интонациялық жаттығулар өте қажет.

2) Лексикалық қиындықтар - ол ағылшын тiлiнiң аналитикалық құрылысымен және инфинитив, көсемше құрылымдарының өте көп қолданылуына байланысты.

Мысалы: The horse is slipping. The horse is slееping. They worked till night. They walked till night.

Мiне осындай сөйлемдердi түсiну өте қиын, сөздердi шатыстырады. Мысалы: East-west take-put ask-answer Әсiресе послелогпен қолданылатын етiстiктер.

Put on: put off-put down, Take off: see off going for: etc. Ағылшын тiлiнде грамматикалық омонимдер де қиындық туғызады. Мысалы:to work-work, to answer-answer. –ed Past Ind. Participle II Бұлардың бәрiн тыңдап айыру қиын. 3) Сонымен қатар тыңдауға берiлген материалдың мазмұны да түсiнуге әсер етедi.Тыңдауға арналған материалды дайындау үшiн мыналарды ескеру қажет:

а) материал тақырыбын түсiнуге мүмкiн бе? Қандай қиын сөздер бар? б) материал түрi: Суреттеу ме әлде әңгiме ме? в) Материалды тыңдауға әзiрлiк. г) Материал үзiндi ме әлде толығ па? ж) Материал диалог түрiн де ме, әлде монолог па? Монологтық сөйлеу оңай, сондықтан тыңдауға тиiмдi. 4. Материалды тыңдау жағдайында керек нәрселер: 1) Сөйлеу жылдамдығы 2) Сөйлеу қарқыны: сөйлеу бастапқыда жай басталуы қажет. Сөз топтарынын арасында пауза болуы қажет. Тыңдаудың сонында қарқын қалыпты деңгейде минутына - 150 сөзге жетуi керек. Орташа қарқын -120 сөз: жай қарқын –90 сөз.

3) Қайталау жиiлiгi 1 немесе 2 рет. 4) Сөйлеп тұрған адамның барлығы, егер сол тiлді ана тілі ретінде сөйлеушi адам өзi болса өте жақсы. Ал ең қиыны - диалогты тыңдау.

5) “Көру” құралдарының болуы. Ол екi түрлi болады

78

а) заттар б) қимылдар. Көру, есту- тыңдауға көмектесуi қажет.



6) Сөйлеушiнiң даусы да тыңдаушыға әсер етедi. Мұғалiмнiң даусына үйренген оқушылар басқа дауысқа үйрене алмайды. Сондықтан мұғалiм барлық ерекшелiктердi ескеруі керек. Шетел тiлiнде сөйлеу-тiлдi игерудiң ең қиын бөлiгi, бiр екi сөзден тұратын сөйлем құрастыру үшiн сөйлеу дағдысы, машығы керек.

Бұл үшiн өте көп уақыт керек, ал мектепте оқушының өз ойын айтып түсiндiру де өте қиын. Мұғалiмнiң бұл үшiн қолданылатын әдiстерi өте аз. Оқушы жай ғана естiгенiн қайталайды, үлгi бойынша берiлген сөздердi жазады. Әрине, бұл механикалық жаттығулар өте қажет, бiрақ жылдан-жылға оларды сөйлеу машығынсыз қолдану ешқандай пайда бермейдi. Оқушы бiр нәрсе туралы айтқысы келсе, түсiндiргiсi келсе, сұрағысы келсе тiлдi пайдалануы қажет және оған мұғалiм көмектесiп отыруы қажет. Осы психологиялық фактор үнемi есте болуы керек.

Басқа фактор-психолингвистикалық фактор. Оқушы өз есiнде қалған сөздердi, фразаларды, сөйлеу үлгiлерiн грамматикалық, формаларды, құрылымдарды сөйлеу үшiн қолданады. Сондықтан мұғалiм белгiлi бiр тақырыпты, ситуацияны пайдаланып, сөздердi, грамматиканы үйрете отырып сөйлеуге ынталандырады.. Мұғалiм оқушыларды әзiрленген сөйлеуден әзiрленбеген сөйлеуге бiртiндеп әкелуi керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет