Құқықтық білім берудің міндеті – барлық іске жауапкершілікпен қарайтын, өз құқығын жете меңгерген, заңдарды ұғынып қана емес, сонымен бірге сыйлай білетін, құқықтық мәдениеті жетілген, адамгершілігі мол, білікті маман даярлап шығару. Қазақстан Республикасы мемлекеті және құқығы негізін оқытудың әдістемесінің негізгі міндеті – заң ғылымдарының негізінде оқушыларды терең құқықтық біліммен қамтамасыз ету және құқықтық саналы, құқықтық мәдениетті адамдарды тәрбиелеу.
Күтілетін оқу нәтижелері
- конституциялық және қалыпты заңдармен, өзге нормативтiк құқықтық актiлермен жұмыс iстей бiлу және олардың мазмұнын талқылай білу;