Геометриялық оптика түсініктері. Жарықтың таралу заңы



бет35/40
Дата07.01.2022
өлшемі2,53 Mb.
#20448
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40
Абсолют қара дене. Температуралық жарық теориясы үшін абсолют қара дененің сәуле шығарғыштық қабілетін білудің мәні зор, өйткені сол арқылы кара емес денелердің сәуле шығарғыштығын іздестіруге болады. Ол үшін әрине ах функциясын білуде қажет. Бұл функцияларды табу мәселесін қарастырудан бұрын абсолют қара денеге біраз тоқталған жөн болады.

Табиғатта толқын ұзындығы қандай екеніне қарамай барлық сәулелерді түгел жұтатын абсолют қара дене кездеспейді. Қара дене деп саналатын нақты денелер тек көрінетін сәулелерді ғана жақсы жұтады, соның өзінде де оларды толық жұтпайды. Мысалы, қара күйе көрінетін жарықтың 0,99 үлесін ғана жұтады, инфрақызыл жарықты нашар жұтады. Алайда абсолют қара дене ролін атқара алатын денені колдан жасауға болады, мысалы кішкене тесігі бар үлкен қуыс дене абсолют қара дене орнына жүре алады.





3-сурет. Абсолют қара дене сәуле

шығарғыштық қабілетінің толқын

ұзындығына тәуелділігі.
Бүл графиктерге қарағанда абсолют қара дененің сәуле шығарғыштық қабілеті онын, температурасы көтерілген сайын күшейе түседі. Әрбір қисықтың бір максимумы (-дің бір максимал мәні) болады, температура артқан сайын ол максимум қысқа толқындар алқабына қарай ығысады. Бүл айтылғандар температура көтерілгенде дененің, жарқырауы, демек жарықтылығы да, қауырт күшейетіндігін, сонымен қабат шығарылатын сәуле түсі де өзгеретіндігін қуаттайды. Егер дене температурасы төмен болса, -дің максимал мәні ұзын толқындар алкабында жатады, дене инфрақызыл сәулелерді мол шығарады. Көрінетін сәулелер үлесіне келетін энергия аз болады, көз жарықты сезбейді. Дене температурасы шамамен 600°С-ға жеткенде ғана көзге әсер ететін ұзын толқынды, қызғылт түсті жарық шығады. Температурасы одан әрі көтерілгенде денеден шығатын көрінетін сәулелер күшейе түседі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет