Гімелер, аудармалар



Pdf көрінісі
бет54/106
Дата29.07.2023
өлшемі4,32 Mb.
#104908
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   106
ойланып
)
,
бұл елде Қарагөздің сол Сырымнан басқа теңі жоқ. 
Сұңқарын қарға шықпаса, арғымақ жабы болмаса, Қарагөздей 
бәйтеректің басын шалар қанат-қияқ жоқ. Мен мәнісін білмедім.
М а т а й . Өзге біреуді айтпасаң, Сырым деудің орны жоқ.
Н а р ш а . Сырым демеймін. Бірақ «мен» деген дос – сендер-
ден тілейтінім – осы жарамның атын атап, тегін танып беріңдер! 
Қарагөздей тектіге кез болмасам етті? Кез болған соң, оңынан 
келсем етті! Мына шерді зіл-қара тастай көтеріп жүргенше, 
шыққыр жаным шықса етті!
А с а н . Асыл жігіт, азба! Жасырынған жау жатағы табылар! 
Тек қана сыр ұшығын берік ұста! Аруағың әлі-ақ басады.
Жүріп кетіседі. Аздан соң сахнаға сәнді киінген бір қыз, бір келіншек 
шығады. Екеу де жұқа қара жібек шапан жамылған. Қарагөз бен Ақбала.
А қ б а л а . Ұшығыңа жеткізбеген бір баласың ғой, әйтеуір. 
Наршаны менсінбейді дегенді жұртқа не деп айтарды білмей-
17–1247


258
мін. Осы елдегі бас көтерген жас жігіттің талайы тоғыз-
тоғыздан жолын алып, сенен бір ауыл жылы жауап әпер де-
генде, жалғыз сөзге зар болып едік. Аяғыңа бір күн отыртқан 
жоқ едің. Қашаннан келе жатқан іс еді мұның? Сені жолдан 
тайғызған кім? Соны айтшы.
Қ а р ө г ө з . Кім екенін айтпаймын. Осы жерде бүгін түсін 
көресің. Бұл істің басталғаны кеше ғана... Қара түнді жамылып, 
жан сырын ашысқанға бір-ақ жұма. Содан бері екі-ақ көрістік... 
(
Пауза.
) Бізді қосқан жай желік пен құмарлық емес! Саған ай-
тар ең үлкен шыным осы.
А қ б а л а . Атын аташы, ол кім?
Қ а р а г ө з . Ұзақ сапарға аттанарда өмірбойға, біржолға 
жеңгелік қарыз өте дейтін тілегім болса, сол осы!
А қ б а л а (
тоқтап тұрып
)
.
Жасыңнан сырың өзге жансың 
ғой, Көзжақсым! Мені шегелемей қоясың ба!..
Бес-алты сал келе жатады. Ортасында – Сырым.
Көзжақсым-ау, мынау Жуас қайнағаның баласы ғой. Мол-
да жігіт келе жатыр, ойбай! Бұлар бірдеңе сезген бе? Аңдып 
жүрмесін бізді? Әлде әлгі келетіндерді аңдып жүр ме?
Қ а р а г ө з . Шыдай тұр... Бұлар жаулық қылмайды... Сырым 
бізге жау емес.
А қ б а л а . Не дейді? О да біле ме? Бұл тентек еді ғой
бірдеме деп, пәле бастап жүрмесін?
Салдар бұларға тура жүреді... Тегіс сәнді киінген. Қарагөз Сырымға қарсы 
жүріп.
Қ а р а г ө з . Сырым... Жүрегім!..
С ы р ы м (
құшағын жайып қарсы келе жатып
)
.
Қара 
түндей қасірет ортасында жалғыз шырақ-жарығым, маңдайдағы 
жұлдызым! Торға түскен ақ тотым... келші, күнім! (
Екеуі 
құшақтасады. Салдар күле қарасып, қосыла домбыра тартып 
қалады.
)
А қ б а л а . Көзжақсым, мынау ойының ба, шының ба?! 
Алыс тан тапқан ба десем, жаңа көрдің бе осы тентекті?
С ы р ы м . Ақбала, айыбыңды ал, жаным, тек жазғырма! 
Ол – Қарагөз, мен – Сырым. Қарагөздің Сырымнан артық жары 
болушы ма еді? Сәулемнің менен өзге теңі кім? Мен жылап 
жүріп тілеп алған.


259
Қ а р а г ө з . Жеңеше, Ақбала... сүйгенім Сырым болмаса, 
мен жалғызбын дер ме едім? Сенен көмек сұрар ма едім?
А қ б а л а (
төмен қарап
)
.
Білмедім, шырағым... Тек әжең 
мұны қарғағаны қайда?
Қ а р а г ө з . Әжемнің қарғағаны жетістіріп пе еді мені?
А қ б а л а . Тек түбін өзің біл, Көзжақсым!..
С ы р ы м (
Қарагөзге
)
.
Ақбала да біздік екен ғой, сәулешім! 
Сен жалғыз емессің! Салдарым, Қарагөз әні кәне?!
Ақбала төменде, Сырым мен Қарагөз құшақтасып тас басына өрлейді.
Д у л а т (
өлеңдете сөйлеп
)
.
Күзетші біз отырған сыртта барлап,
Маңайда дұшпандар жүр жындай сарнап.
Екі асық, ынтық болған мұратқа жет,
Жау жатсын іші күйіп онда зарлап!
Қошемет сөз айтамыз сендерге арнап,
Қостайды салдар сізді асық жарлап.
Мақұлдар теріс десе, жолын алсын,
Береміз қалы кілем, қара нарлап!
Сырым күрсінеді. Салдар Ақбаланың айналасына жиналып, ақырындап ән 
салып отырады.
С ы р ы м (


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет