Глоссарий академия



бет13/14
Дата12.04.2023
өлшемі30,95 Kb.
#81884
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Оқу бағдарламасы – білім беру мазмұнын оқу пәні деңгейінде бекіту құралы, педагог пен білім алушыларды оқулықтарды, оқу құралдарын және техникалық оқыту құралдарын құрастырушылардың қызметін бағыттайды.
Оқу-әдістемелік кешен (ОӘК) – педагогикалық үдеріс жағдайында оқытудың тұлғалық-бағдарлы деңгейін қамтамасыз ететін оқу құралдарының ашық жүйесі.
Оқулық – ғылым мен мәдениеттің қазіргі жетістіктері деңгейінде белгілі бір саладағы білім негіздері жүйелі түрде баяндалатын кітап; оқу әдебиетінің негізгі және жетекші түрі.
Біліктілік – бұл меңгерілген білім, өмірлік тәжірибе және игерген дағдылар негізінде практикалық және теориялық әрекеттерді саналы және дербес орындауға дайындық. Әмбебап (жалпы) құзыреттер – кез келген маман қызметінің ерекшеліктерін сипаттайды және әлеуметтік-тұлғалық және жалпы мәдени, жалпы ғылыми, инструменталдық болып бөлінеді.
Университет – жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын даярлау (мамандықтар) бағыттарының кең спектрі бойынша іске асыратын жоғары оқу орны; жоғары білікті қызметкерлерді, ғылыми және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерді даярлауды, қайта даярлауды және (немесе) олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асырады; ғылымның кең спектрі бойынша іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді орындайды; өз қызметі саласында жетекші ғылыми және әдістемелік орталық болып табылады.
Іргелендіру – адамның қазіргі өмір сүруге теориялық және практикалық дайындығының өзара байланысын күшейту.
Білім беру ұйымдарының оқу жоспарының барлық пәндері бойынша теориялық білімді терең және жүйелі меңгеруге ерекше мән беріледі.
Кәсіби элитаны қалыптастыру – қазіргі экономикалық жағдай және ғылыми-техникалық жетістіктерін практикалық пайдалану жолдарын іздеу қажеттілігі осы жағдайларда жұмыс істеу үшін жоғары білікті персоналды даярлауды талап етеді. ХХІ ғ. Қазақстанның саясатына, экономикасына және мәдениетіне үн қосатын кәсіби элитаны қалыптастыру мәселесі өзекті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет