Глоссарий академиялық күнтізбе


Сайлаушы – сайлауда, референдумда және т.с.с. бір үміткер үшін немесе басқа  мәселе бойынша дауыс беруге құқығы бар адам.  Саммит



Pdf көрінісі
бет16/22
Дата19.02.2023
өлшемі403,13 Kb.
#69181
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   22
Сайлаушысайлауда, референдумда және т.с.с. бір үміткер үшін немесе басқа 
мәселе бойынша дауыс беруге құқығы бар адам. 
Саммит – сыртқы саяси келісімдер жүргізіп, шешімдерге келу үшін мемлекеттердің 
жоғарғы басшыларының кездесуі. 
Санкция – 1) жоғарғы сатыда тұрған мекеме, ұйым және т.с.с. тӛменгі сатыдағыларға 
бір мәселені жүзеге асыруға рұқсат етіп, бекітуі; 2) бейбіт ӛмірді немесе ресми келісімді 
бұзған мемлекетке қарсы халықаралық ұйымның қолданған шарасы. Мысалы, БҰҰ 
жарғысында халықаралық шартты бұзған жаққа қарсы Қауіпсіздік Кеңесінің шешімі 
бойынша дипломатиялық, экономикалық, әскери жазалау шаралары қарастырылған. 
Саясат – алғашында мемлекеттік және қоғамдық істер немесе мемлекеттік басқару 
шеберлігі деген мағынаны білдірген. Кейін келе оның мағынасы кеңейді және мынаны 
білдіреді: 1) ӛз мүдделерін іске асыруға, қорғауға бағытталған және саяси билікті басып 
алуға, қолында ұстауға, оны пайдалануға тырысушылықпен байланысты мемлекеттер, 
топтар, ұлттар, үлкен әлеуметтік топтардың арасындағы қатынастар саласындағы 
азаматтар мен жеке адамдар билігінің мекеме, бірлестіктердің қызметі; 2) мемлекеттің 
істеріне қатысу, оның қызметінің түрін, мақсат, мазмұнын анықтау; 3) адамзат қоғамының 
даму тарихында бұл ұғым кӛбінесе шебер жасырылған басшылар мен оның 
сыбайластарының ниеттерін, мақсаттарын және амал-әрекеттерінің түрлерін білдіреді; 4) 
әдеттегі тілде – адамдардың ӛзара қатынастарында белгілі бір мақсатқа жетуге 
бағытталған іс-әрекеттің сипаты; 5) мемлекеттік және қоғамдық ӛмірдің күнделікті 
мәселелер немесе оқиғалар жиынтығы. 
Саясат ғылым – біріншіден, саясат қоғамдық-саяси ӛмірдің маңызды бір саласы 
жӛнінде білім кӛзі болып, ол туралы жан-жақты ғылыми мағлұмат береді, екіншіден, 
нағыз адамгершілік саясат қоғамдық даму заңдылықтарына сай пайда болады, оларды 
ашып, іске асырғанда басшылыққа алады, ғылымға негізделеді, саяси жұмыс жемісті болу 
үшін ғылыми терең зерттеулер жүргізу қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет