Государственного педагогического


Аннотация.  В  статье  рассматривается  национально-освободительное  движение  ХІХ  века  Южного  Казахстана.  Annotation



Pdf көрінісі
бет3/24
Дата03.03.2017
өлшемі2,16 Mb.
#5472
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24

Аннотация.  В  статье  рассматривается  национально-освободительное  движение  ХІХ  века  Южного 
Казахстана. 
Annotation. In article national-liberation movement in ХІХ a century of Southern Kazakhstan is considered. 
 
 
Г.Т.Тӛлегенова, Н.Ж.Рахишева  
                                
КЕНЕСАРЫ ХАН ЖЕТІСУДА. ЛЕПСІ КЕЛІСІМІ 
 
ӘОЖ 950 (574) 
           Т65 
 
     
Қазақстан  Тәуелсіз  мемлекет  ретінде  әлем  қауымдастығы  қатарынан  ӛз  орнын  тауып, 
алдыңғы қатарлы бәсекелестікке қабілетті 50 елдің бірі болуға талпынуда. Тәуелсіздік алған кҥннен 
бастап,  20  жыл  ішінде  біздің  ӛткен  тарихымызға  деген  кӛзқарас  ӛзгерді.  Егер  бҧрын  Қазақстан 
тарихы  Кеңес  елі  тарихының  қҧрамдас  бӛлігі  болса,  енді  ол  Тәуелсіз,  егеменді  елдің  отандық 
тарихына айналды. Осыған орай отандық тарих ғылымының алдына ӛткен тарихты ҥзінділер тҥрінде 

 
24 
емес,  мҥмкіндігінше  тҧтас  ҥрдіс  ретінде  қарастыру,  «ақтаңдақ»  беттерді  болдырмау    міндеттерін  
қойды. Осыған байланысты  еліміздің тарихын одан әрі тереңдете, кӛптеген деректік материалдарды 
ғылыми  айналымға  тарта  отырып,  зерттей  тҥскеніміз  абзал.  Соның  ішінде  патшалық  Ресейдің 
ҥстемдігі  тҧсындағы  Қазақстанның  қоғамдық-саяси  ӛміріндегі  қҧбылыстарға  да  баса  назар 
аударуымыз қажет. 
Отарлық  жағдайдағы  Қазақстанның  саяси-әлеуметтік  ахуалын  терең  тҥсінуде  жекелеген 
аймақтардағы  ерекшеліктерді  нақтылы  материалдар  негізінде  зерттеудің  маңызы  зор.  Жарты 
ғасырдан  астам  мерзімге  созылған  патшалық  билік  сол  тҧстағы  Жетісу  мен  Сырдария  облысына 
ӛзіндік  ӛзгерістер  ала  келгенін    Қазақстанның  оңтҥстік  ӛңірінде  орын  алған  ӛзгерістер  басқа 
ӛңірлердікінен ерекшелеу екендігін мақаламыздың ӛзекті мәселесі етіп алдық.   
 Әрбір тарихи кезең  — қайталанбайтын жалқы қҧбылыс. Патшалық билік тҧсындағы Жетісу 
тарихы  осы  пікірдің  дҧрыстығын  айғақтай  тҥседі.  Жетісу  тарихында  бҧл  кезенде  орын  алған 
ӛзгерістер  одан  бҧрынғы  да  және  одан  кейінгі  де  ӛзгерістерге  ҧқсамайды.  Сондай-ақ  ол  тура  осы 
мезгілде Қазақстанның басқа ӛңірлерін қамтыған жаңа енгізулерден ӛзгешелеу.  
Кенесары  Қасымҧлы  бастаған  қарсылық  жӛніңде  әңгімелерінде  алдымен  ауызға  оралатын 
мәселе,  әрине,  1837-1847  жылдар  аралығын  қамтыған  хан  әскері  мен  Ресей  әкімшілігі  арасындағы 
қарулы  қақтығыстың  тҥп-тӛркіні,  анығырақ  айтқанда,  қҧқықтық  негізі  жӛнінде  болмақ.  Сонымен 
қатар, Лепсі  келісімінің не ҥшін қажет болғандығы жайында мәселе қозғалған.  Біз де бҧл сауалды 
айналып ӛте алмаймыз. Мәселе бҧл оқиғаның себеп-салдары тек сіз бен біздің хабардар болуымызға 
ғана саймайды, ол анағҧрлым тереңде жатыр, яғни осы және одан кейінгі кезеңдерде де азаттық ҥшін 
кҥрес жолында мерт болған бабаларымыздың тӛгілген қаны мен кӛз жасы бізді бҧл сауалға неғҧрлым 
дәл де терең жауап беруге міндеттейді. 
Кене  хан  қозғалысына  қатысты  толық  ашылмаған  бҧлыңғыр  бір  мәселе  бар.  Ол  Кенесары 
ханның  біраз  жҧртты  зорлықпен  ӛзімен  бірге  алып  жҥргендігіне  және  кӛтерілісті  қолдамаған 
ауылдарды шапқанына байланысты. Кӛтеріліс барысында орын алған мҧндай оқиғаларға қандай баға 
беруге болады? Біріншіден, бҧл мәселеге қатысты тҧжырымды мҥмкін болғанша сол заманға тиесілі 
ҧғым-тҥсінік  аясында,  сондай-ақ  отарлаушы  жақ  пен  оған  қарсылық  кӛрсетушілер  арасындағы 
егестің  ушығуы  барысында  қалыптасқан  нақты  жағдайды  еске  ала  отырып  жасаған  жӛн.  Орыс 
билігінің  қазақ  даласында  орнығуымен  бірге  ӛзгерістердің  жергілікті  халықтың  сот  ісін  де 
қамтығанын  айтып,  билер  сотының  қазақ  халқының  салт-дәстҥрімен  біте  қайнасқанын  негіздей 
отырып, сот жҥйесіне енгізілмек ӛзгерістерде бҧл жағдайдың ескерілуге тиістігін жақтайды.  
Кене  хан  әскерімен  және  ауылдарымен  Жетісу  жеріне  келетін  болыпты  деген  сӛз  Омбы 
әкімшілігіне  1842  жылы  жеткен  болатын.  Бҧл  хабар  оған  ӛте  жайсыз  тиюінің  мынадай  бірнеше 
себептері бартын. Біріншіден, орыс әкімшілігінің әлі де болса Ресейге қосылып ҥлгермеген Ҧлы жҥз 
қазақтарының  Кене  хан  соңынан  еріп  кетуі  мҥмкін-ау  деген  қаупі  кҥшейе  тҥсті.  Бҧл  жағдай  сӛзсіз 
Ресейдің Орталық Азияға тереңдеп ену мҥмкіндігін тарылта тҥсетін еді. Екіншіден, Жетісудың Кене 
хан  қолына  кӛшуі  енді  ғана  Ресей  ҥшін  қолайлы  сипат  ала  бастаған  орыс-қырғыз  қатынасына  да 
жағымсыз ықпал етуі ықтимал болатын. Ҥшіншіден, бҧл жағдай Ресейдің Қытай және Орталық Азия 
хандықтарымен  сауда  қатынасына  айтарлықтай  нҧқсан  келтірері  айқын  еді.  Міне,  осы  баяндалған 
жағдайларды  ескере  отырып,  Сібір  әкімшілігі  осы  1842  жылдан  бастап-ақ  Жетісу  мен  қырғыз  елі 
арасында Кенесары ханға қарсы тҥрлі айла-шарғыға кірісіп кеткен болатын. 
Полковник  Вишневский  араға  екі  кҥн  салып  Аягӛз  округтік  приказіне  жолдаған  хатында 
"қҧпия  бақылаулар  орнату  арқылы  Кенесарының  Ҧлы  жҥзге  дәл  қандай  уақытта  келетіндігі,  қалай 
қарсы алатындығы, сондай-ақ оның бҧдан былайғы пиғылы" жӛнінде ақпар жинауды тапсыра келіп, 
ол "Ҧлы жҥз қазақтарының бізге деген жаулық ниетін сезе отырып Кенесарының оларды бізге қарсы 
айдап салуы ықтимал" деген тҧжырым жасап, кӛктем шыға Лепсі мен Қаратал арасындағы Ресейге 
қарайтын қазақтарды қорғауга арнайы әскер бӛлімшесі шығарылатындығын хабарлайды. 
Қазақ  қоғамының  ішкі  ӛзара  қатынасынан  жақсы  хабардар  полковник  Вишневскийдің  бҧл 
арада халықты "біздікі" және "ӛзгеге" беліп, олардың алғашқысын "достық", ал соңғысын "жаулық" 
ниеттегілерге  жатқызуы,  әрине,  жайдан-жай  еместін.  Келесі  қҧжаттан  полковниктің  мҧндай  сҧрқия 
ойынға білек тҥріне кіріскендігі анық байкалады. 
Шекара бастығы Вишневскийдің колынан шыққан бҧл қҧжаттан хат иесінің Кене ханның "екі 
жҥз  рулары  арасындағы  алауыздықты  пайдаланып  кетуі  ықтимал  деп"  қауіптенуін,  астарында  шын 
мәнінде  олардың  арасындағы  жер  және  мал  ҥшін  болып  тҧратын  ӛзара  талас-тартысты  ушықтыра 
тҥсу  бар  екендігін  аңғару  қиынға  тҥспейді.  "Ҧлы  жҥз  қазақтары  онсыз  да  біздің  болыстарымызды 
мазалауда", әсіресе "Лепсі мен Қаратал арасындағы біздің болыстарға абай болуды есксртіп, ӛздерін 
басындырмайтыңдай  шаралар  қарастыруды"  тапсырады,  "кӛктемге  қарай  кӛмекке  ҥлкен  отряд 

 
25 
шығарып,  ӛзіміздің  болыстарды  Ҧлы  жҥз  қазақтары  тарапынан  болуы  мҥмкін  қастандықтан 
қорғайтын" жағдай туғызуға уәде береді. 
Сондай-ақ  бҧл  хатта  полковник  Вишневский  Кене  хан  және  Ҧлы  жҥзбен  "кҥресте"  ӛзінің 
кімдерге  иек  артатындығын  да  ашық  білдіреді.  Ол,  әрине,  аға  сҧлтанның  ӛзі  мен  болашақ  оның 
орнын  басатын  шекаралық  Орта  жҥз  болыстарының  "қамқоршысы"  сҧлтан  Барақ  Солтыбаев.  Бір 
ескерерлік  жай  осы  хатта  және  басқа  қҧжаттарда  Вишневский  сҧлтан  Б.Солтыбаевты  ӛзіне  аса 
сенімді адам ретінде атайды. Бараққа және баска "ҥкімет пен халық мҥддесіне" қызмет жасағандарға 
басшылардан лайықты сыйлықтар сҧрайтындығын да ескертеді. 
Оқиға  кӛп  кҥттірген жоқ.  Араға  бар  болғаны  бір  айға  жетер-жетпес  уақыт  салып  Лепсі  мен 
Қаратал  арасындағы  кҥзетте  жҥрген  Вишневскийдің  әскер  бӛлімшесінің  қолдауына  сҥйенген  Барақ 
Солтыбаев  сҧлтан  қараша  мен  желтоқсан  аралығында  Қаратал  бойындағы  Сӛк  Абылайханов 
билеуіндегі  ҥйсін  болысына  барып  ойран  салды.  Жоғарыда  баяндалғандай,  сҧлтанның  қанды 
жорығына  мыңға  жуық  адам  қатынасты.  Билік  орындары  тарапынан  қоштау  болмаса,  мҧнша 
адамның  атқа  қонуы,  әрине,  мҥмкін  еместін.  Жәбір  кӛргендердің  арыз-хатында  баяндалғандай, 
олардың ауылдары орналасқан жер ҥстін ӛліктер жапты. Бҧл, әрине, билік орындарының қолдауына 
сҥйенген  содырлардың  еркінсуі  еді.  Қҧжаттарда  берілген  фактілерді  талдай  отырып,  Сӛк 
Абылайханов  қарауындағы  ауылдарда  орын  алған  бҧл  трагедияның  бір  ҧшы  шекара  қазақтарының 
бастығы  полковник  Вишнев-скийге  келіп  тірелетіндігін  байқауға  болады.  Орыс  әкімі  бҧл  шараны, 
белгілі  дәрежеде,  бір  жағынан  орыс  билігіндегі  қазақ  руларының  қандай  кҥшке  ие  болатындығын 
кӛрсетуі ҥшін, екінші жағынан әлсіреген, сынған ҥйсіндер тайпасының орыс билігінс ҥрейлене қарап, 
қолтығына  кіре  тҥсуі  ҥшін  ҧйымдастыруы  да  әбден  ықтимал  еді.  Біз  қарастырып  отырған  мезгілде 
Вишневский  сияқты  шекара  бастықтарының  бағындыру  арсеналында  мҧндай  әдіс-айланың  болуы 
мҥмкін  екендігін  ең  жоғарғы  шенеуніктердің  қолынан  шыққан  қҧжаттардан  да  байқауға  болады. 
Сондай  қҧжаттардың  бірінде  1846-жылы  9-тамызда  (2312)  канцлер  граф  Нессельроде  Соғыс 
министріне  Жетісудағы  саяси  жағдайға  байланысты:  "...вообще  усиление  средств  в  местах, 
ближайших  к  кочевьям  киргизов  Большой  Орды,  тем  необходимее,  что  с  одной  стороны  служат  к 
вашему обеспечению наших округов Средней орды, а с другой могут благотворно действовать и на 
умы  киргизов  Большой  орды,  которые  видя  наши  средства  и  достаточную  силу,  чтобы  отразить 
всякие  злонамеренные  покушения,  через  это  самое  более  будут  держать  себя  в  границах  должного 
повиновения и избавят правительство от дальнейших действии..." – деп жазды. [9, 63б.] 
Ресми  қҧжаттарда  қазақ,  жеріндегі  берекесіздікті  жойып,  әділеттік  орнатгым  деп 
масаттанатын  орыс  билігі  жоғарыда  баяндалған  трагедияны  тексерусіз  қалдырды,  ал  оны 
ҧйымдастырушъшар  мен  орындаушылар  жауапқа  тартылудың  орнына  қызмет  бабымен  ӛсті. 
Вишневский келесі жылы жоғарғы биліктен генерал-майор атағын алып, Кенесары ханға қарсы Сібір 
әкімшілігі  тарапынан  ҧйымдастырылған  шараларға  тікелей  басшылық  жасады.  Генерал-майор 
Вишневский ӛзінің сыбайласы сҧлтан Барақ Солтыбаевты да "қамқорсыз" қалдырған жоқ. Ӛз ретінде 
ол тҥрлі "ерліктері" ҥшін хорунжий әскери атағын алып, Аягӛз приказының аға сҧлтаны дәрежесіне 
кӛтерілді. 
Жетісу  жҧрты  Кене  ханды  қалай  қарсы  алды?  Осы  мәселеге  қысқаша  тоқталып  ӛтейік.  Бҧл 
сауалға біржақты жауап беру оңайға тҥспейді. Дегенмен, тарихи деректерді тексере отырып, мынаны 
байқауға болады. Жетісуға келгенге шейін-ақ Кене хан мен оның әскері, жанына ерген батыр-лары 
жӛніндегі хабар, дақдырт қазақ даласына кең тарап, аңызға айналып ҥлгірген еді. Соған байланысты 
халық арасындағы оның беделі аса жоғары болғандығы еш кҥмән туғызбайды. Ал ел билеген тӛрелер 
мен малды байлар жӛнінде оны айту қиын. Олар Кене хан әскері келсе, малымнан, тыныштығымнан 
айырыламын  деп  қорықты.  Бҧл  ретте  Жамбыл  ақынның  естелігіндегі  "Ол етектен  алған "иттерден" 
жеңілді  ғой.  Қазақтың  алауыздығы  оңған  ба?  Кенесарының  тілеуіндемін  деп  жҥрген  байлардың, 
тӛрелердің  барлығы  да  патша  әскеріне  болысып  кетті,  елдің  ішіне  іріткі  салды"  -деген  пікірдің 
шындықтан тым алшак еместігін байқауға болады. 
Қара  халықтың  кӛңілі  Кене  хан  жағында  екендігін  орыс  әскер  адамдары  да  жақсы  білген. 
Мәселен,  Жетісудағы  Кенесары  қимылын  бақылау  ҥшін  қойылған  есауыл  Нюхалов  ӛзінің 
басшыларына  берген  есебінде:  "Әли  мен  Сӛк  сҧлтандар  кӛмекке  қанша  қарулы  қазак,  бере 
алатындығы белгісіз, олардың сӛзі бҧлыңғыр, менің езім де олардан мҥмкін болғанша аз адам алмақ 
ниеттемін, ӛйткені бҧл халық біз ҥшін жаңа болғандықтан әлі бейтаныс, сенімсіз, сондай-ақ булардың 
арасында Кенесары сҧлтанға деген ықыласы жақсылары кӛп екендігі маған мәлім"  - деп жазды. [7, 
105 б.] 
1845-жылдың  қысын  Қаратау  маңында  ӛткізген  Кене  хан  әскері  және  ауылдарымен  келесі 
1846-жылы шамамен кӛкек айында Іледен ӛтіп, Кӛксу ӛзені бойындағы Майтӛбе және Кҥреңкей атты 

 
26 
мекендерге келіп тоқтайды. Бҧл Сӛк сҧлтан билігіндегі негізінен жалайыр тайпасының ауылдары еді. 
Кене  хан  келіп  орналысқан  соң  оған  амандасуға  келгендердің  алдында,  әрине,  жергілікті  жҧрттың 
басшылары  Абылайханов  Сӛк  сҧлтан,  Әділов  Әли  сҧлтан,  соның  алдында  ғана  Омбыда  болып 
қайтқан Нҧрақов Мәнке би және жалайыр жҧртының басқа да бас кӛтерерлері бар еді. 
Бҧл арадан Кенесары ӛз адамдарын Лепсі бойындағы болыстарға, Тарбағатайға аттандырып, 
ӛзін қолдауға шақырады. 
Кенесары  әскерінің  Аягӛз  округының  іргесіне  келіп  орын  тебуі,  әрине,  сібірлік  орыс 
басшылығының  мазасын  алғандығы  анык,  Н.Леденев  "Кенесарының  Аягӛз  округіне  жақын  келгені 
жӛніндегі хабардың Омбыда ҥрей туғызғандығын" айтады. Шекара қазақтарының бастығы генерал-
майор  Вишневский  есауыл  Нюхаловка  жолдаған  хатында  "Кенесары  Жетісуда  тҧрғанда  мҧнда 
тыныштық, әрине, орнамайды, ал егер оған кішкене ғана табысқа жетуге жағдай туғызсақ, онда тек 
ҥйсіндер ғана  емес,  сонымен  бірге  біздің  матайлық  болыстарымыз  да  соған  барып қосылары  хақ"  - 
деп кӛрсетті. 
Жетісудағы ӛз ықпалына қауіптің тенгенін терең тҥсіне отырып, сібірлік басшылық орталық 
биліктің  тікелей  қолдаумен  жедел  әрекетке  кӛшті.  Генерал-майор  Вишневский  1-маусымға  Лепсіге 
Аягез  округіне  қарасты  болыс  билеушілерін,  Аягӛз,  Қарқаралы  және  Кӛкпекті  приказдарының  аға 
сҧлтандарын,  сондай-ақ  1845-жылы  мамыр  айында  Ресей  билігінс  кіруге  ықылас  білдіріп  ӛтініш 
жазған  ҥйсін  және  дулат  руларының  билеушілерін  шақырды.  Бірақ  Вишневский  тӛре  белгілеген 
жиналыс  Лепсіде  1  маусым  кҥні  болмай  қалды.  Мәнке  би  Ҧлы  жҥз  билеушілерінің  1-маусым  кҥні 
белгіленген  жерде  болмау  себебін  олардың  генерал  Вишневскийдің  ӛзінің  шақырған  жерге  келмей 
қалуы ықтимал деген кҥдікте болғандығымен байланыстырады. Ал шын мәнінде мәселе анағҧрлым 
кҥрделі болатын. Кене ханның әскері және соңына ерген ауылдарымен Жетісу жеріне келуі Ҧлы жҥз 
рулары арасында терең қобалжу туғызған болатын. Ондай қобалжуды алғашқы айларда ел билеуші 
тӛрелер мен бай-билер де бастарынан кӛшірді. Соған байланысты ел арасынан бірауыздылық кетті, 
елдің пікірі екіге жарылды. 
Ҧлы жҥз, оның ішінде Жетісу елі арасында байқалған бҧл кӛңіл-кҥй белгілі дәрежеде генерал 
Вишневский  арқылы  Омбы  генерал-губернаторлығына  да  жеткен  еді.  Сібір  әскер  корпусының 
командирі  князь  Горчаков  тура  осы  жағдайға  байланысты  ӛз  тҧжырымын  1846-жылы  24-маусымда 
Соғыс  министріне  жолдаған  есебінде  былайша  білдірді:  "...Қаратауға  келген  Кенесарының  әрекеті 
және оны таяуда ғана Ресейдің қамқорлығын сҧрағандардың (Ҧлы жҥз руларын айтып отыр - авт.) іш 
тартып  қарсы  алуы  біздің  Ҧлы  жҥз  қазақтарымен  ара  қатынасымызды  тым  кҥмәнді  жағдайға  тіреп 
отыр. [10, 98 б] 
Мҥмкін,  қазір  де  кӛптеген  округтардаы  сҧлтандар  арасында  қҧлия  қолдаушылары  бар 
Кенесары арқылы Ҧлы жҥз қазақтары солардың кӛмегімен болашақта бізді қазақ даласынан біржола 
қуып  шығудан  ҥміттенбесе  де,  әзірге  біздің  қарудың  кҥші  шекелеріне  тие  қоймаған  бҧл  тайпалар 
ӛздеріне тән жеңіл ойлықпен ең болмаса арзан да бай олжаға кенеле қояйық деген пікірде болуы да 
ықтимал. 
Бҧдан ары генерал-губернатор Соғыс министріне "азиаттармен жемісті келіссӛз жҥргізудің ең 
сенімді әдісі ҥрей туғызу" екендігін айта келіп, "егер ...Ҧлы жҥз қазақтары Кенесарымен одақ қҧрып 
шабуылдай бастаса", онда ӛзінің не істейтіндігін императордан білуді, сондай-ақ одан "Кенесарыны 
алғашқы болып колдаушыларды" "ӛз ауылдарында" жазалауға рҧқсат әперуді сҧрайды. 
Лепсі  кездесуіне  қайта  оралайық.  Бірнеше  кҥнге  созылған  бҧл  кездесу  1846-жылы  шамамен 
19-23-маусым  аралығында  Лепсі  ӛзенінің  жоғарғы  ағысы  бойында  ӛтеді.  Қҧжаттардың  кӛрсетуіне 
қарағанда,  бҧл  Орта  жҥздің  ҥш  округы  (Қарқаралы,  Кӛкпекті  және  Аягӛз)  және  Ҧлы  жҥз  ру  басы 
сҧлтандары мен ел билеушілерінің басын қосқан ҥлкен жиналыстың кҥн тәртібінде бірнеше мәселе 
тҧрды.  Олардың  ішіндегі  ең  негізгілері,  әрине,  біріншіден  Ҧлы  жҥзді  Ресей  қҧзырына  қабылдау 
жӛніндегі орыс патшасының жарлығын жиналғандарға жария ете отырып, Ҧлы жҥз билеушілерінен 
ант  қабылдау  және,  екіншіден  (бҧл  орыс  әкімшілігі  ҥшін,  әрине,  негізгісі),  Жетісу  және  Ҧлы  жҥз 
жеріне келген Кенесары Қасымҧлына қатысты ел басшыларының пікірін біліп, мҥмкін болса, оларды 
хан мен оның әскеріне қарсы қою еді. 
Генерал  Вишневский  жиналысты  Ресей  императорының  Ҧлы  жҥзді  Ресей  қҧзырына 
қабылдағандығы  жӛнінде  жарлығымен  жиналғандарды  таныстырудан  бастады.  Ондай  шешімнің 
болғандығы жӛнінде генерал Вишневский Мәнке биге сол 1846-жылы 7-маусым кҥні хабарлайды. Біз 
архив қорларынан, қҧжаттық жинақтардан орыс патшасының Ҧлы жҥз қазақтарын Ресей империясы 
қҧрамына  қабылдағаны  жӛніндегі  жарлық  мәтінін  кездестіре  алмадық.  Демек,  ондай  жарлықтың 
болмауы  да  ықтимал.  Олай  дейтініміз  мемлекеттік  канцлер  Нессельроде  1846-жылы  16-кӛкектегі 
Ҧлы  жҥздегі  саяси  жағдайға  байланысты  патшаға  жолдаған  баяндамасында  Омбыға  Ҧлы  жҥз 

 
27 
билеушілерінің  бірі  Әділев  Әли  сҧлтаннан  Нҧрақов  Мәнке  би  бастаған  ӛкілеттіктің  империя 
қҧрамына  алу  туралы  ӛтінішпен  келгендігін,  сондай-ақ  оларға  князь  Горчаковтың  (Батыс  Сібір 
генерал-губернаторы)  жағымды  жауап  бермегендігін  және  губернатордың  бҧл  позициясын 
императордың  қолдауын  ӛтінген.  Ал  бҧдан  кейінгі  екі  ай  ішінде  ондай  шешімнің  қабылдана  қою, 
әрине,  екі  талай  еді.  Демек,  Лепсі  кездесуінде  орыс  патшасының  Ҧлы  жҥзді  Ресей  қҧзырына 
қабылдағаны жӛніндегі мәлімдеме жасап, генерал Вишневский таза саяси алаяқтық жолға тҥсуі әбден 
мҥмкін.  Бҧл  қадамға  бара  отырып  ол  жалғыз  мақсатты,  яғни  Кене  хан  тарапынан  тӛнген  қауіп 
жағдайында Ресей мен Ҧлы жҥз арасында шҧғыл бетбҧрысқа қол жеткізу еді. 
Жиналғандар,  әсіресе  Ҧлы  жҥз  билеушілері  бҧл  хабарды  жақсы  қарсы  алғандығы  анық. 
Ӛйткені  орыс  билігі  мен  қаруы  нақты  кҥш  екендігін,  олардан  бҥкіл  қазақ  ерлігіне  сҥйсінген  Кене 
ханның  ӛзі  де  ығатынын,  ығыса  отырып  оның  ең  ақыры  осында,  Жетісуға  келгенін  жиналған  ел 
басылары  іштей  тҥсінетін.  Жиналғандарға  бір  сәт  ру  мен  ру,  ауыл  мен  ауыл,  кӛрші  қырғызбен 
арадағы  жер  мен  мал  ҥшін  таусылмайтын  жанжалдан,  ең  ақыры  жылда  қылышын  сҥйретіп  келіп 
алым-салық  жинайтын  Қоқанның  зорлығы-нан  осы  орыс  билігі  мен  қаруына  сҥйене  отырып 
қҧтылармыз деген ойдың да келуі әбден ықтималтын. 
Осы ҥмітке май қҧя тҥскендей басты хабарды айтып ҥлгіре салысымен, генерал Вишневский 
жиналған апайтӛс дала шонжарларынын біразына орыс патшасы атынан сыйлықтар ҥлестірді. Басты 
сыйлық  Ҧлы  жҥз  сҧлтандардың  ішіндегі  жасы  ҥлкені  және  ықпалдысы,  қалың  дулатты  билейтін 
Абылайханның немересі Әділҧлы Әли тӛреге тиді. Оған орыс патшасы атынан подполковник әскер 
атағы және Андреев лентасындағы алтын медаль берілді. Бҧдан басқа бірі Александров және бесеуі 
Анна  лентасындағы  тағы  алты  алтын  медаль  басқа  да  Ҧлы  жҥз  билеушілерінің  мойнына  тағылды. 
Тағы бір Анна лентасындағы алтын медаль осы кездесуді даярлау ісінде "тер тӛгіп" қызмет кӛрсеткен 
Аягӛз округі приказының заседателі Бекқожа Жҥсіпбаевка берілді. 
21-маусым  кҥні  кездесуге  келген  Аягӛз,  Кӛкпекті  және  Қарқаралы  округтері  аға 
сҧлтандарының, Ҧлы жҥздің дулат, албан, суан, шапырашты және жалайыр рулары сҧлтан, билерінің
сондай-ақ  жиналған  кӛп  жҧрттың  алдында  Ҧлы  жҥз  қазақтарын  орыс  билігіне  қабылдау  салтанаты 
болып  ӛтті.  Осы  жӛнінде  жазған  Н.Леденев  бҧл  шараның  екі  бӛліктен,  яғни  Ҧлы  жҥздің  Ресей 
қҧрамына қабылданғанын ресми тҥрде жариялаудан және "Ҧлы жҥздің халық кӛсемдерінен, сенімді 
екендіктерін  білдіре  отырып,  Кенесарыны  ӛз  жауым  деп  санайтын  міндеттеме  алудан"  тҧрғанын 
жазады. [3, 55 б.] 
Осы  арада  мынадай  жайға  кӛңіл  аударуға  тура  келеді.  Лепсі  кездесуіне  қатысқан  Орта  жҥз 
және  Ҧлы  жҥз  билеушілері  мазмҧны  жағынан  ӛзара  айырмашылығы  бар,  міндеттемеге  жақын  екі 
қҧжатқа қолдарын қойған. Олардың алғашқысына қол осы 1846-жылдың 19-маусымында, ал соңғы-
сына  маусымның  23-де  қойылған.  Кездесуге  қатысқан  екі  жҥз  билеушілерінің  ортақ  қҧжатқа  емес, 
бӛлек  қҧжаттарға,  сондай-ақ  бір  кҥнде  емес,  араға  ҥш-тӛрт  кҥн  салып  қол  қоюларының  арғы 
астарында қандай сыр жатқанын болашақта анықтай тҥсу, әрине, артық болмас еді. 
Осы  қҧжаттардың  мазмҧны  жӛнінде  қысқа  ғана  айта  кетейік.  Қарқаралы,  Аягӛз,  Кӛкпекті 
округтарының  аға  сҧлтандары  мен  болыс  басқарушылары  Сібір  қазақтарының  шекара  бастығы 
генерал-майор  Вишневскийдің  қатысуымен  ӛз  қолдарымен  19-маусымда  бекіткен  алғашқы  қҧжатта 
ӛздеріне мынадай міндеттеме алады: "...1) Қарқаралы, Аягӛз және Кӛкпекті округтерінін халқы ӛзара 
бейбіт  қатынаста  болып,  заңға  қайшы  келетін  тонаушылық,  барымта  және  ҧрлық  әрекеттер 
жасамайды.  2) Билік  орындары  орнатқан  заңға  әрқашанда  мойын  сҧнатын  болады.  3)  Болыстардың 
бірінде жыртқыш қазақтар тобы шыға қалса, әркім де ол жӛнінде жақын кӛшіп жҥргендерге айтып, 
ескертіп  және  бәрі  бірігіл,  бірауыздан  жыртқыштар  тобын  жоюға  жҧмылып,  болган  істі  Ресей 
ҥкіметіне хабарлайды...". [4, 54 б] 
Бҧдан да басқа аталған округтерге қарасты болыстардың ішкі ӛміріне қатысты тағы екі баптан 
тҧратын бҧл қҧжаттың ең ӛзекті бабы осы ҥшіншісі еді. Ол баптың Кене хан әскерінің осы тӛңірекке 
жақын  келіп,  хан  адамдарының  Орта  жҥз  округтеріне  келіп  қайтуына  байланысты  орыс  билігіне 
қарсы  шығып  кетуі  мҥмкін  бҥлікті  қайткенде  де  болдырмауға  тырысу  пиғылынан  шыққандығын 
оңай-ақ байқауға болады. 
Араға  ҥш  кҥн  салып,  яғни  23-маусым  кҥні  Ҧлы  жҥз  билеушілері  қол  қойған  келесі  қҧжатта 
патша  әкімдерін  мазалаған  бҧл  пікір  ешқандай  да  бҥкпесіз  ашық  айтылған  еді:  "1846-жылы 
маусымның  23-кҥні  Ҧлы  жҥз  руларының  тӛмендегі  аты-жӛні  аталған  сҧлтандары  мен  билері 
жалайыр,  дулат,  албан,  суан,  шапырашты  атынан  мынаны  айту  ҥшін  ӛз  мӛріміз  бен  тамғамызды 
қойдық:  Қарқаралы,  Аягӛз  және  Кӛкпекті  округтерінің  аға  сҧлтандарымен  кеңесе  отырып  бірауыз 
шешімге келген, сондай-ақ шекара бастығы генерал-майор және кавалер Вишневскийдің қатысуымен 
біздің  жаққа  келген  бҥлікшіл  сҧлтан  Кенесары  Қасымҧлы  мен  оның  пікірлестерін  берік  сеніммен 

 
28 
жалпы  халықтық  тыныштықты  бҧзушы  біздің  жауымыз  санап,  онымен  ешқандай  да  қатынас 
жасамай, Кенесары мен оның пікірлестерінің біз тҧрған жерден кетуін талап етеміз. Қазір, сондай-ақ 
ол  бізден  ҧзаған  соң  да,  егер  оның  Орта  жҥз  қазақтарына,  әсіресе  жақын  маңдағы  округтердің 
қазақтарына  қарсы  жаулық  әрекетін  байқап  немесе  естіп  қалсақ,  онда  тура  сол  сәтте  бҥлікшілдің 
қастык қимылдарына жол бермеу мақсатында хабар береміз". Міндеттемеге Сӛк Абылайханов және 
подполковник сҧлтан Әли Әділов бастаған барлығы 11 сҧлтан, 27 би мен 1 молла қолдарын қойған. 
Олардың  арасында  белгілі  тӛре  тҧқымдарынан  басқа  Сары  Алтайҧлы,  Диқамбай  Қапсалаңҧлы, 
Тіленші Балпықҧлы, Бейбіт Кенбабаҧлы, Қотыраш Ӛмірҧлы сияқты жалпы елге танымал тҧлғалар да 
бар еді. {1, 95 б} 
Бҧл  мҧрағаттық  қҧжаттың  бҧдан  бҧрын  зерттеушілердің  назарына  тҥскенімен,  бірақ  арнайы 
ғылыми  талдауға  алынбағаны  әрине,  ӛкінішті-ақ.  Ӛйткені  оның  астарында  кым-қиғаш  мҥдделерден 
тҧратын  кҥрделі  ӛмірдің  табы  жатыр.  Лепсі  кездесуінің  қорытындысы  болған  бҧл  қҧжат  белгілі 
дәрежеде  Жетісуға  жеткен  Кене  хан  қозғалысының  қайғылы  тағдырын  біржола  шешумен  бірге, 
Жетісу  мен  Ҧлы  жҥздің  ӛмірін  орыс  мемлекетінің  доңғалағына  біраз  мерзімге  мықтап  байлап  та 
берді. Осы тҧжырымға келе отырып аталмыш қҧжаттың зерттеушілер тарапынан әлі де болса талдана 
тҥсуге лайық екендігін айта кеткенді жӛн кӛреміз. 
Сонымен, біз жоғарыда Лепсі келісіміне қол қойған Ҧлы жҥз кісілерінің біразын атадык. Ал 
келіссӛзге  қатыспай,  онда  қабылданған  қҧжатқа  кол  қоймаған  тҧлғалар  жӛнінде  не  айтуға  болады? 
Ондай тҧлғалар бар болса, кімдер еді? Кене хан Жетісуға келіп ат басын тірегенде, арып-ашып келген 
хан мен оның адамдарына қол ҥшын берген сҧлтан Рҥстем Бӛкейҧлы болатын. Орынбор губернаторы 
Обручев  1846-жылы  30-қыркҥйекте  Соғыс  министріне  жолдаған  хатында  Жетісуда  Кене  ханмен 
кездесіп  қайтқан  би  Дәулеткелді  Беспаевтан  алған  хабарына  сҥйене  отырып:  "...Кенесары  ӛз 
ауылдарымен  Іле  ӛзеніне  жетіп,  оның  оң  жағасына  ӛтіп,  Ҧлы  жҥздің  сҧлтаны  Рҥстемнің  ауылына 
қосылды",-деген фактіні келтіреді. Обручев хатында Рҥстем сҧлтанның әкесінің атын білмейтіндігін 
айтады. Ал шын мәнінде Рҥстем Абылай ханның ҧрпағы, Орта жҥздің соңғы ханда-рының бірі Бӛкей 
ханның  немересі  болатын.  Орыс  тілді  деректердің  Рҥстем  сҧлтанды  Кене  ханның  туысы 
атайтындығы  да  сондықтан  еді.  Рҥстем  Бӛкеев  Кене  ханмен  Кекіліктідегі  соңғы  тҥнге  шейін  бірге 
болды. 
Жетісуда  Кене  ханды  шын  кӛңілден  қарсы  алған  тҧлғалардың  бірі  -  шапырашты  Тойшыбек 
батыр.  Бҧл  -Ҥлкен  Ақсай  ӛзенінің  Қарасу  ӛзенімен  тоғысатын  жеріне  қоқандар  салған  атақты 
Тойшыбек  бекінісінің  иесі.  Ӛзі  де  және  ҧлдары  Байсейіт  пен  Жанғаш  та  орыс  билігінің  Жетісуға 
енуіне қарсылық кӛрсеткен. Н.А.Аристовтың кӛрсетуіне қарағанда, Байсейіт Тойшыбеков Ҧзынағаш 
шайқасына қоқандықтар жағында қатынасқан. Әкесі Тойшыбек кейін Пішпек бекінісіне ӛтіп, сонда 
кедейшілікте ӛлген. Жамбыл Жабаев ӛз естелігінде Кене ханның Іледен тӛмен тҥскенде Қордайдағы 
осы Тойшыбек батырдың ауылына тоқтағанын айтады. 
Ҧлы  жҥз  жерінде  Кене  ханға  қолдау  кӛрсеткен  тҧлғалар  жӛнінде  кейінірек  тағы  да  сӛз 
болады.  Ал  бҧл  арада  Лепсі  келісіміне  байланысты  айналып  ӛте  алмайтын  бір  мәселе  -Кене  хан 
Жетісуға  келген  соң  бҧл  ӛңірде  ел  арасында  терең  рухани  жарылыстың  орын  алғандығы.  Бҧдан 
бҧрын  да  Кене  хан  қозғалысына  байланысты  Казақстанның  басқа  да  ӛңірлерінде  кӛрініс  берген 
қоғамдық ойдағы ӛзара қабыса алмайтын екі жақты пікір енді Жетісуда да байқалады.{8,76 б} 
Енді  Лепсі келісімінің  салдары жӛнінде.  Әрине,  Лепсі  келісіміне  колдарын  койған  Ҧлы  жҥз 
билеушілері  Кене  хан  бастаған  азаттық  козғалысқа  орыс  әкімшілігі  тарапынан  ең  соңғы  соққы 
берілгенін,  ол  соққыға  ӛздерінің  де  қолдау  жасап,  бас  изегендерін  тҥсінбеуі  мҥмкін  емес,  тҧсінді, 
сезбеуі  мҥмкін  емес,  іштей  езіліп  сезді.  Тек,  әрине,  бәрі  бірдей  емес.  Лепсіде  ӛткен  келіссӛздің 
нәтижесін естіген Кене хан мәселенің қандай бағыт алғаның терең ҧғынды. Бҧл кезде ол шамамен бір 
жағында Балқаш, ал екінші жағынан Іле ӛзені ағатын, ал ҥшінші беті батпақты кӛп ҧсақ кӛлдермен 
қоршалған, соған байланысты жергілікті халық "Камау" деп атап кеткен жарты аралға орналасқан еді. 
Шамамен  жарты  аралдың  ҧзындығы  70,  ал  кӛлденеңі  5-тен  12  шақырымға  шейін  созылады  екен. 
Жалпы алғанда, бҧл Кене ханның кӛлігі мен малына аса қолайлы қоныс бола қоймағандығы анық. 
Лепсі келісімінен соң Кене хан ауылдарымен Іле бойлап жоғары кӛтеріліп, Қытай шекарасына 
таяу  маңдаға  Ҥйгентас  атты  жерге  келіп,  ағасы  Саржанның  ҧлы  Қҧдаймендені  жанына  би  Шоқпар 
Бақтыбайҧлы мен Сҥйдақ қожаны, сондай-ақ сыйлық ҥшін деп 9 арғымақты қосып Кытай ҥкіметінен 
оның  жеріне  енуге  рҧқсат  сҧрап  қайтуға  аттандырады.  Араға  бір  ай  салып  оралған  елшілік  ханға 
Қытай  билік  орындарының  Кене  ханды  қабылдап,  орыс  патшасымен  арақатынасын  бҧзып  алуға 
барғысы келмейтіндігі туралы айтқан жауабын жеткізеді.  Қытай елшілігі әкелген хабар Кене ханды 
тҧйыққа тіреген еді. 

 
29 
Бҧған  қосымша  тамыз  айында  "Омбы  жақтан  Кене  ханға  қарсы  қаруланған  әскер  қолдары 
шығыпты, олар жақын арада Аягӛзге келіп жетеді екен" деген қауесет ел арасына кең тарап кеткен 
болатын. Бҧл қауесетке "Аягӛз округінен Болен Шанхаев пен Барақ Солтыбаев, ал Қаратал бойынан 
Сӛк  Абылайханов  пен  Әли  Әділев  сҧлтандар  бастаған  қазақ  қолдары  Аягӛзден  шыққан  орыс 
әскерімен  бірігіп  Кене  ханмен  соғысуға  аттанады  екен"  деген  сӛздер  қосылады.  Жалпы  бҧл 
айтылғандардың бәрі де негізсіз еместін. [5, 108б.] 
1846 жылы 19 шілдеде канцлер Нессельроде Соғыс министріне жолдаған хатында Ҧлы жҥзге 
жақынырақ  шекарада  "олардың  арасында  бҥлікшіл  Кенесары  жҥрген  шақта"  "әскер  кҥштерін 
топтастыру пайдалы шара болар еді" деген пікірді айта келіп, тіптен "егер мҧқтаждық туса, әскердің 
бӛлігін  тереңірек,  яғни  сҧлтан  Сӛк  Абылайхановтың  қонысына шейін  апару"  орынды болмақ  деген 
ойды білдіреді. Осы қҧжатта Нессельроде Сібір басшылыгына "Ҧлы жҥз қазақтарының бӛлігі Қытай 
иелігіне ене кӛшіп  жҥреді (тіптен қайсыбірі  Ҥйгентастан  асып,  Қытай  қарауылдарынан  да  ӛтіп),  ал 
одан  ары  олардың  ізіне  тҥсу  мҥмкін  емес,  ол  жақта  Кенесары  немесе  сол  сияқты  қаскҥнемдер 
әрқашанда  ӛзіне  сенімді  бой  тасалайтын  орын  таба  алады",-  деп  кӛрсетіп,  мҧндай  жағдайға  жол 
бермеуге нҧсқайды. 
Міне,  осы  баяндалған  фактілердің  бәрі  қосыла  келіп  қыркҥйекте  Кене  ханды  соңына  ерген 
елімен  коса  Қамал  жарты  аралынан  кӛтеріліп,  Іледен  ӛтіп,  Шу  жаққа  бет  алуға  мәжбҥр  етеді.  Ол 
жӛнінде  губернатор  Горчаков  Соғыс  министріне  1846-жылы  22-қазанда  жолдаған  есебінде  шекара 
бастығы Вишневскийдің хабарына сҥйене отырып: "ҥйсін және жалайыр билеушілері Әли Әділев пен 
Сӛк  Абылайханов  сҧлтандар  Қаратал  ӛзенінде  жанына  ерткен  қарулы  қазақтарымен  келіп  оған 
(Вишневскийді айтып отыр - М.Қ.) қосылды, мақсаты қазақтарга кӛмектесу. 
Бірақ  Кенесары  орыстардың  жақындап  қалғанын  сезіп,  адам  жетуге  қиын  қонысын  тастап, 
Іледен ӛтіп, шамамен ҧзақтығы 15 кӛш Шу бойына қарай қашты", - деп жазды. [3, 87б.] 
Губернатор  Горчаков  Кене  ханның  орыс  қолынан  ығысып  тӛмен  қарай  бет  алуын  орыс 
билігінің  Жетісу  қазақтарының  кӛз  алдында,  іске  асқан  аса  маңызды  моральдық  жеңісі  ретінде 
бағалады.  Белгілі  дәрежеде  бҧл  жасалған  тҧжырым  шындықтан  алыс  еместін.  Оны  біз  Жамбыл 
Жабаевтың  естеліктерінен  оқимыз:  "Ақырында  Кенесары  Ҧлы  жҥзге,  Алатауға  қарай  беттеп  кӛшті, 
әуелі Балқашта, Іленің қойнауында, жалайырдың шетінде жатты. Бҧл жер жҧттан шалғай еді. Орыс 
әскерімен  белдесуге  кҥш  жию  ҥшін:  "Қамауда  жатып  хал  болмас,  қолына  кдлың  ел  қонбас",  -деп, 
Кенесары соңынан ерген елмен, батырларымен Ілені кесіп ӛтіп, Шу бойын ӛрлей кӛшпеді ме? Сонан 
Қордайда  шапырашты  Тойшыбек  батырдың  ауылына  тоқтады  ғой.  Атағы  жер  жарган  Кенесары, 
Наурызбай  келді  деген  соң,  Ҧлы  жҥз  дулат  елі  қалмай  жиналды,  кҥні-тҥні  Кененің  ауылын 
босатпады. Дулаттың батыры Сыпатай да, шапыраштының ерлері Саурық, Сҧраншы да, қоңыраттан 
шыққан Байзақ та, тӛре Рҥстем де қалмай келді,"  - деген тарихи шындыққа табысатын ел арасында 
сақталған  фактілерді  баяндай  отырып,  Кене  ханның  тура  осы  мезгілдегі  кеңіл-кҥйін  еш  қатесіз 
беретін  мынадай  қызық  жағдайды  баяндайды:  "Кенесары  екі  кҥн  ҧдайы  ешбір  адаммен  сӛйлеспей, 
маңдайын  ҧстап,  ауыр  ойланып,  темен  қарап  отырып  алды.  Рҥстем  тӛре  де,  Сыпатай  батыр  да 
Кенесары  отырған  ақбоз  ҥйдің  алдынан  анадай  жерден  тҥсіп,  "алдиярлап"  қолын  қҧсырып,  рҧқсат 
сҧраудан  басқа,  бір  ауыз  тіл  қатуға  бата  алмаған.  Келгендердің  бәрімен  Наурызбай  ғана 
сӛйлескен".[2, 35б.] 
Кене  ханның  Іледен  кӛтеріле  кӛшуге  мәжбҥр  болғандығы,  орыс  кҥштерімен  болған  егесте 
жеңіліс  тапқандығы  жӛніндегі  хабар  қырғыз  билеушілеріне  де  жетеді.  Н.Леденев  еңбегіндегі 
"Кенесарының  жеңіліс  тапқандығы  жӛніндегі  хабар  тез  арада  оның  қас  жауы  қарақырғыздарға  да 
жетеді.  Олар  жағдайдың  барысын  білу  ҥшін  сҧлтан  Әли  Әділевке  адам  жіберген  болатын. 
Қарақырғыздардың  Кенесарыдан  кек  алмақ  ниеті  бар  екендігін  білген  Нюхалов  жедел  тҥрде 
Кенесарыға қарсы қаруланған рулардың манаптарына хат жолдап, оларды орыс пен қырғыздың ортақ 
жауы Кенесарыны біржола қҧртуға шақырады", - деген кӛрсетуі тура осы шақта Кене ханның бҧл екі 
жауының ӛзара тҥсіністік тапқанын айғақтайды. 
Кене  ханның  Жетісуда  жеңіліс  табуы  ол  бастаған  қозғалыстың  осы  уақытқа  шейінгі  даму 
логикасының  жиынтығы  болатын.  Басқаша  болуы  мҥмкін  еместін.  Ӛйткені  Кене  хан  әскері  атқа 
қонғанда патшалық билік қазақтың Кіші жҥз және Орта жҥз жеріне терендеп еніп, ӛзінің кҥш-қуаты 
мен қарымын жергілікті халыққа танытып ҥлгірген болатын. Кене хан Орта және Кіші жҥз арасында 
жҥргенде-ақ  халықтың  бірауыздан  ресейлік  басқыншыларға  ҧйымдасқан  жауап  соққы  бере 
алмайтындығы  анық  байқалғантын.  Халықта  ондай  кҥш  кӛрсетуге  негіз  боларлык  қуатты  эконо-
микалық  мҥмкіндік  те,  рухани  тҧтастық  та,  ресейлік  қалыптасып  қалған  идеологиялық  мәдениетке 
қарсы тҧрарлық саяси таным да жоқ еді. Міне, сондықтан да Кене хан Ҧлы жҥз жеріне басқа қазақ 

 
30 
жерінен  жеткілікті  қолдау  таба  алмай,  шаршап-шалдығып  жетті.  Ал  мҧнда  келгенде  Ресей  ҥкіметі 
Кене ханмен тиімді идеологиялық және әскери кҥрес жҥргізуге даяр еді. Оны мынадан байқаймыз. 
Ресей билігі Жетісу мен Солтҥстік Кырғызстанда ӛзін тәжірибелі отарлаушы ретінде кӛрсетті. 
Ол ӛзін экономикалық мҥмкіндігі темен, ӛзара ауызбірлігі жоқ, дҧрдараз, оның ҥстіне ортағасырлық 
Қоканнан  қорлық  кӛрген  қазақ  пен  қырғыздарға  жарылкауыпы,  камқор  "әке"  ретінде  кӛрінуге 
тырысты.  Олардың  бітпейтін  ӛзара  дауына  тӛрелік  айтты,  барымтаға,  ҧрлық-қарлыққа  қарсы 
екеңдігін байқатып, тәртіпке шақырды. Жергілікті халықтың кӛзі, еті ҥйренгенше қылышын сҥйретіп 
алым-салық жинай қойған жоқ. Ең негізгісі халықтың бас кӛтерер тӛрелері мен билері, манаптарын 
сылап-сипап  бауырына  тартып,  тҥрлі  әскери  атақтарын,  сый-сияпатын  берді.  Орыс  билігінің  бҧл 
стратегиялық әдісі ӛз нәтижесін берді, ӛзін толық ақтады. 
Сонымен бірге орыс әкімшілігі қазақ пен қырғыз арасындағы жҥз, руаралық қатынастардың 
қырсырын ӛз мамандарына арнайы зерттетіп, халықтың әлі де болса пісіп-жетілмеген ҧлттық таным, 
сана-сезімдегі  кемшіліктерін  ӛз  отарлаушылық  мақсатына  ҧтымды  пайдалана  білді.  Бҧл  істе  орыс 
билігінің  жҥгін  ел  ішіңдегі  ӛресіз  сҧлтандар  мен  феодалдар  біраз  "жеңілдете"  тҥсті.  Бҧл 
айтылғандарға қосымша, Кене ханның ӛзі де қырғыздарға қатысты ірі кемшіліктерге жол берді. Оның 
әскері қырғыз ауылдарының малын барымталады, мҥліктерін тонады, тҥрлі қатыгездіктерге ҧрынды. 
Кене хан ӛзіне қарсылас ретінде қырғыз халқының мҥмкіндігін тура бағалай алмады, тәкәппарлыққа 
ҧшырады. Ханның мҧндай мінезі қырғыз елінің намысына тиді, Абылай заманынан бері келе жатқан 
іштегі  кегін  оятты.  Сондай-ақ  Кене  ханның  қырғыз  елін  бағыңдырған  кҥнде  де  қуатты  мемлекет 
қҧрып,  орыс  отаршылдығына  қарсы  тҧруы  екіталай  еді.  Орыс  басшылығына  қарсы  кҥресте  қазақ 
ҧлты  ішінде  болмаған  ауызбірліктің  дербес  ел  болып  қалыптасып  қалған  қырғызбен  болуы,  әрине, 
кҥмәнді болатын. Кене хан бастаған қозғалыс барысында жалпы қазақ халқының, әсіресе оның саяси 
басқарушы  тобының,  саяси  кемелдігінін  әлі  де  болса  жетімсіздігі,  тӛмендігі,  жеке  дербес  мемлекет 
қҧру  қажетгігін  терең  ҧғыну  дәрежесіне  кӛтерілмегеңдігі  анық  байқалды.  Біздің  тҥсінігімізше,  тек 
осы  контексте  ғана  Кене  хан  бастаған  қозғалыстың  халық  тарихында  алатын  орны  мен  оның 
трагедиялық сипатын тура ҧғынуға болады. 
Кенесары Қасымов - ХІХ ғасырдағы қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы кҥрес басшысы. 
_________________________ 
1.
 
Тынышпаев М. Киргизы и освободительное движение // Русский  
Туркестан.  1906. 1 января;  Соныкі. История казахского народа.- АлмаАта, 1993. 
2.
 
Жиренчин К.А. Политическое развитие Казахстана в XIX - начале XX веков. -Алматы, 1996. -352 с. 
3.
 
Ремнев  А.  В.  У  истоков  Российской  имперской  геополитики:  Азиатские  "пограничные 
пространства" в исследованиях М.И. Венюкова / Исторические записки. -М., 2000.- № 4. С. 344-369. 
4.
 
Аристов  Н.А.  Усуни  и  кыргызы  или  кара-кыргызы.  Очерки  истории  и  быта  населения  западного 
Тянь-Шаня  и  исследования по его исторической географии. -Бишкек, 2001. С.582   
5.
 
 Ремнев  А.  В.  У  истоков  Российской  имперской  геополитики:  Азиатские  "пограничные 
пространства" в исследованиях М.И. Венюкова / Исторические записки. -М., 2000.- № 4. С.   369. 
6.
 
Венюков  М.И.  О  новом  разделении  Азиатской  России  //  Известия  Русского  географического 
общества. -1972. -№ 8.- С. 322. 
7.
 
Материалы  по  истории  политического  строя    Казахстана.  Т.  1.  Сборник  составлен  кандидатом 
исторических наук М.Г.Масевич.- Алма-Ата, 1960.  
8.
 
Койгелдиев М.Қ Ресей билігіндегі Жетісу. Астана,2004 
9.
 
Қойгелдиев М. Алаш қӛзғалысы.- Алматы, 1995. 286. 
10.
 
Шонанҧлы Т. Жер тағдыры — ел тағдыры.- Алматы, 1995.  
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет