Грек metaphora ауыстыру) троптың (құбылтудың) бір түрі. Құбылыстар мен заттардың ұқсастық белгілері негізінде астарлы мағынада қолданылуы


метафораның бағалауыш бейне тудыру қасиеті, бағаның кейіптелуі



бет8/10
Дата06.01.2022
өлшемі451,46 Kb.
#12958
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
метафораның бағалауыш бейне тудыру қасиеті, бағаның кейіптелуі. Метафораның бағалауыштық мəнге ие болып, жаңа мағына тудыру қасиеті жазушылардың шығармаларында да кездеседі. Бейнелі сөздердің қаламгер туындыларында көбіне кейіпкерлер сөзінде орын алуына байланысты, құбылыстар мен заттардың бағалары, олардың бағалауыштық қасиеттері оқырман танымы нəтижесінде көрінеді.Мүмкін жарты ғасыр саз балшықтай иленіп, санасын сасытып келген сары уайым, баяғы дəуренін, он мың жылқылы болыс болған заманын, көксеген көңіл шынымен-ақ алдаланғаны ма екен («Қайдасың, қасқа құлыным», 109-б.). Тірі болсақ, бір жерде кездесерміз, кездеспесек сыртыңнан тілеулес боп жүрермін, маңдайыңнан соры арылмаған бейшара («Сүйекші», 254-б.). Жұрттың бəрі қу боп кеткен бе, шаруақор пысық боп кеткен бе, əлде өзгелер ақылынан ақыл қосып, жалғыз бұл ғана шапанының етегі дəлектеп мағынасыз тіршіліктің соңына ессіз түскен бе, «осы көкнəр ішуші еді ғой» деп үмітпен барған көз таныстарының бірде-бірі ол пəтшаһарды əлдеқашан ұмытқан боп шықты («Тіршілік», 337-б.). Бал-бұл жанған өңінде үміт қуанышы көп тəтті сезімнің лебі есіп, аялы жанарына уайым ұялап, көпке дейін қиял құшағында отырды («Қыз ұзатқан», 54-б.). Сары уайым, өзегіңді тырналап, маңдайыңнан соры арылмаған, тіршіліктің соңына, үміт қуанышы, уайым ұялап, ит пəледен сияқты метафоралар бағалауыш, бейне тудырушы жаңа сөздер;

метафораның индивидуальды-авторлық дүниетануды, көркем сөз атрибуты екендігін жазушы шығармалары арқылы дəлелдуге болады. Мен болсам, мынау-іштей егесіп, сырттай ұғыспаймын деп, көзім көр, көңілім жер болып, қақпанға түскен арландай арсыл-гүрсіл жатқаным («Қайдасың, қасқа құлыным», 112-б.). «Көзін шел басыпты», — деген сөзіне алғашқыда жүрегім мұздап есімнен кетпей жүруші еді, кейінгі кезде оны ұмытып, көз ауруға əбден етім өліп алды («Əжем мен Емші жəне Дəрігер», 346-б.). Көмейге сөз тұншығып, кеседе шай суып қалды («Тіршілік», 346-б.).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет