Бұл кестеден «Томарашы» отарындағы малдар арасында аурулар «Байғабыл» отарындағы
малдар арасындағы аурулардан жоғары болып тұрғаның көруге болады. «Томарашы» отарында
2008-2010 жыл аралығында статистикалық мәлімет бойынша малдардың 39% ауруға ұшыраған.
Ал Байғабыл отарында малдардың 20,2% ауырғандығы белгілі.
Бұл да малдардың санитариялық гигиеналық сапасы әр түрлі су көздерін пайдаланудың
нәтижесі болуы керек. Осы зерттеудің нәтижелерін қортындылай келсек, ауыз суының санитарлық
гигиеналық сапасы малдардың ет өніміне, қондылығына жалпы ағзаға әсер ететіндігін көруге
болады.
ЖОЖ 619:614.94
профессор, Садуақасов М.С.
аға оқытушы, Қойгелдинова А.С.
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті
Семей қ.
ЗООГИГИЕНАЛЫҚ ТАЛАПТАРҒА СӘЙКЕСТІРІЛМЕЙ САЛЫНҒАН
ҚОРАЛАРДЫҢ МАЛ ДЕНСАУЛЫҒЫН ТӨМЕНДЕТІП ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАРДЫҢ
ШЫҒУЫНА ӘСЕР ЕТЕДІ
Мақалада типтік және шаруашылық әдістерімен салынған ғимараттардағы
микроклиматтың негізгі көрсеткіштерін зерттеудің мәліметтері және осы ғимараттардың ірі
қара малдың жұқпалы және жұқпалы емес ауруларға деген тұрақтылығына ететін әсері
көрсетіледі.
В статье указаны данные исследований основных параметров микроклимата помещении,
построенных типовым и хозяйственными методамы и их влияние на резистентность организма
крупного рогатого скота к заразным и незаразным заболеванием.
The article gives information of basic parameters of microclimate of premises built by standard and
economics methods and their influence on resistance of cattle
’
s organism to infectious and non-infectious
diseases.
Зерттеу «Шона» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде жүргізілді. Зерттеуге
шаруашылықтағы екі қора алынды. №1 қора типтік жоба бойынша салынған 100 бас ірі қара
малына арналған. Қораның ұзындығы 50 м, ені 12 м, биіктігі 2,4 м жалпы кубатурасы 1440 м
3
.
Қора ішінде малдар байланып ұсталады. Нәжісті қырғыш транспортерлер арқылы тазалайды.
Сиыр қорадағы ауа алмасу шатыр тіркеулері бойымен орналасқан беттерінің ауданы 0,6х0,6 м
болатын 4 дана ауа шығару құбырлары арқылы жүзеге асады. Ал № 2 қорада жергілікті арзан
материалдардан шаруашылық әдіспен тұрғызып, онда арнайы ауа алмастыруға арналған құбырлар
жоқ, ауа төбеде әр жерде қалдырылған тесіктер арқылы алмастырылады. Қорада желдетуді есіктер
ашылған кездерде ғана жүргізіледі де, қораның суып кетуін апарып соғады. Қора 2004 жылы мал
тұратын жердің жетіспеушілігіне байланысты шаруашылықтың өз қолымен тұрғызылды.
Екі қорадағы малдардың жасы мен өніміне байланыстырып, олардың әр сағатта демі мен
бөлінетін су буы мен көмірқышқыл газдарының мөлшерін негізге алып, оған норматив бойынша
қажет ауа шығаратын және кіргізетін құбырлардың беттерінің ауданы мен санын есептеп
анықтадық, яғни №1 типтік жобамен салынған сиыр қорасында әр сағат сайын 5757 м
3
таза ауа
203
кіргізіп, сондай мөлшерде ескі ластанған ауаны шығарып отыру қажет болса, ол үшін 4 дана
бетінің ауданы 60х60 см ауа шығатын, 22 дана әрқайсысының бет ауданы 20х20 см таза ауаны
кіргізетін құбырлар қаралуы қажет екенін табамыз. Бұл көрсеткіштер нормативті берілгендерден
алшақтығы жоқ болса, №2 сиыр қорасындағы есептеу нәтижесі ауа алмастыратын жүйенің онда
қаралмағандығын көрсетеді. Соның салдарынан екі қораның микроклиматының негізгі
көрсеткіштерінің елеулі айырмашылығы бар екені байқалады. (Кесте 1)
Кесте 1 - Зерттелген сиыр қораларындағы микроклиматтың негізгі көрсеткіштері
Қора түрлері
Көрсеткіштер атауы
№1
№2
Ауа температурасы, ºС
6,9±0,3
7,1±0,7
Салыстымалы ылғалдылық, %
75±1,3
79±2,5
Көмірқышқыл газы, %
0,18±0,02
0,28±0,02
Аммиак, мг/ м
3
18±1,5
27±2,3
Қораладың ауасының температурасының тәуліктік ауытқуын арнайы құрал термографтың
жазуы мен анықтағанда, типтік жобамен салынған №1 сиыр қорасында айтарлықтай нормативтік
көрсеткіштерден айырмашылығы болмай, ол 6,9±0,3ºС шамасында болса, шаруашылық әдіспен
жобасыз салынған №2 қорада бұл көрсеткіш едәуір ауытқуда 7,1±0,7 ºС аралығында болғандығы
көрінеді. Яғни бұл қора ауасының температурасы жиі өзгеріске түсіп, ауысуы қорада арнайы ауа
алмастыру жүйелерінің жоқтығына негізделіп, қорадағы технологиялық процесстердің азық
тарату, көң шығару т.б., жүргізілген кездерінде ауа температурасының тосыннан төмендеп, ал
түнгі мезгілдерде есік-қақпалардың жабылып және ауа шығаратын құбырлардың қаралмауының
салдарынан, малдардың демі мен бөлінген жылудың нәтижесінде, ауа температурасы жоғарылап
кететіндігі байқалады.
Мұндай ауа температурасының жиі ауытқуы болуы, мал организмінің бұл өзгерістерге жуық
арада бейімделе алмай, температураның жоғарылауы кезінде денеден жылудың таралуын
арттырып, ал түзілуін тежейді, малдың тәбеті төмендеп, төзімділігі нашарлайды өнімділігінің
азаюына әкеп соғады. Ал тосыннан ортаның температурасының төмендеуі әсіресе жас төлдер
арасында, суыққа ұрындырып, әр түрлі жұқпалы аурулардың шығуына себепші болатыны белгілі.
Сол сияқты ауа температурасының өзгерісіне байланысты салыстырмалы ылғалдылықтың
мөлшері де әр түрлі шамада болатыны белгілі.
Тәжірибеде көрсетілген қоралардың ауасындағы салыстырмалы ылғалдылық әр тәулік
ішіндегі ауытқуын апталық гигрорафтың жазғаны бойынша талдағанда арнайы типтік жоба мен
тұрғызылған қораның ауасында ылғалдылықтың мөлшері 75±1,3%, яғни 65-85% шамасында
болса, екінші шаруашылықтың өз қолымен салынған сиыр қорада, оның ауытқуы 79±2,5%
көрсеткіштерді көрсетеді. Бұл қорадағы ауа температурасының өзгеруі мен қосылып, ондағы
малдардың организміне жоғарыда айтылғандай кері әсерін тигізеді, резистенттілігін төмендетіп,
жас бұзаулардың өсуін тежейді, жұқпалы аурудың шығуына себепші болады.
Осы қоралардың ауасындағы кейбір газдардың мөлшерін анықтаудың нәтижелерін талдасақ,
бірінші қораның ауасында көмірқышқыл газының концентрациясы 0,18 ден 0,2 %, яғни
нормативті қалыптан елеулі ауытқуы болмаған болса, екінші қораның ауасында оның мөлшері
нормадан кей мезгілдерде екі еседен артық боп, (
0,27х0,02) көтерілгендігі көрінеді.
Типтік жоба мен салынған қораның ауасындағы аммиак нормативтік көрсетуден жоғары
болмай, әр куб.м. шаққанда 10-25 мг аспаса, екінші қорадан одан 2-2,5 есеге дейін артық
болғандығы байқалады.
Қораның санитарлық жағдайы малдарды ұстау тәсіліне тікелей байланысты болды. Мысалы,
сиырды тақтай орындарында байлап ұстап, астына құрғақ төсеніш салып, оны уақытында
алмастырып тазалап отырғанда малдың денесі ластанбай, одан алынатын өнімнің сапасы
жоғарылайды және әр малға жекелеме күтім көрсетіліп, олардың физиологиялық ерекшелігін
ескеріп азық рационы жасалып қоректендіруге мүмкіншілік туады.
Ал, жергілікті арзан материалдардан типтік жобасыз, шаруашылық тәсілде салынған қорада
сиырларды бос, қалың төсеніште ұстағанда, олардың денелері ластанып, соның салдарынан
өнімнің санитарлық сапасы да төмендейді. Мұны мен қоса сиырлар байлауысз бос жүрген кезінде
бір-бірін қуғындап, мазалап, стерсс туғызып, типті кейбір кездерде денелеріне жарақаттар түсіріп,
ал буаз аналықтарға іш тасатуға дейін жағымсыз әсер тигізетіндігі белгілі.
204
Малдарды бос қалың төсеніште ұстағанда, олар жекелеме орындарда байлап ұстаған
қорадағы ауаның температурасы мен ылғалдылығына қарағанда төмен болды да, мл организміне
зиянды әсер етіп, әсіресе өкпесінен суық өтіп, оның қабынуына апарып соқса, сауын сиырлардың
астынан сыз өтіп, желінсау ауруын туғызады (Кесте 2)
Кесте 2 - Әр түрлі жағдайларда ұсталатын малдардың ауру көрсеткіші
Сиыр қоралар
№
Мал арасынан шыққан аурулардың түрі
№1
№2
1
Желінсау ауруы
2
5
2
Тыныс алу жолдары аурулары
3
6
3
Жыныс жүйесі аурулары
9
13
4
Асқазан аурулары
7
11
5
Әр түрлі жарақаттар
8
12
6
Барлығы
29
47
Кестеде көріп отырғанымыздай, әртүрлі қора жайларда ұсталаған малдар арасында жыл
бойы ауру пайызы №2 сиыр қорасында №1 сиыр қорасына қарағанда екі еседей жоғары. Типтік
жолмен салынған №1 қорада асқазан аурулары шаруашылық жолмен салынған №2 қораға
қарағанда 60% төмен, жыныс жүйесі аурулары 40%-ға төмен. Осыдан көретініміз зоогигиеналық
талаптардан ауытқу, норматив ережелерін сақтамау мал арасында ауру түрлерінің көбеюіне әсерін
тигізеді. Типтік жобамен салынған қорадағы ауаның құрамындағы аммиак және көмірқышқыл
газдарының концентрациясы төмен болып, мал организміне зиянды әсер етпеген болса, екінші
қорада, керсінше тыныс жолдарының ауруы 0,5 есе артық болатындығы байқалған.
Әдебиеттер
1.Антонов П.П. Улучшение микроклимта животноводческих зданий. Животноводство, 1986, №2, С.54-57
2. Волков Г.К. Зоогигенические нормативы для животноводческих объектов. М.: Агропромиздат, 1986, С.5-
40
3. Марков Ю.М. Улучшает проектирование и строительство комплексов. Ветеринария, 1984, №2, С.26-29
ЖОЖ 619:616.99:614.31:637.5:636:294
профессор Дүйсембаев С.Т., аға оқытушы Қойгелдинова А.С.
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті
Семей қ.
МАРАЛ ШАРУАШЫЛЫҚТАРЫНДА ЖАСЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ДИКРОЦЕЛИЙ
ЖӘНЕ ЭЙМЕРИЙЛЕРМЕН ЗАҚЫМДАНУЫ
В статье приводится данные о заражении маралов дикроцелиями и эймериями.
The article deals with infection by Dicrocoelium lanceatum and Eimeria
Марал етінің тағам ретінде танылмауы, сапасының төмендеуіне біршама себептер әсер етеді.
Олардың арасында негізгі себептердің бірі ретінде маралдардың - инвазиялы ауруларға ұшырауы
болып табылады.
Көптеген зерттеушілердің тұжырымдары бойынша маралдар организмінде түрлі паразиттер
тоғышарлық етеді. Олар топталып бір мезгілде зақымдап паразитоценоз қалыптастырады.
Солардың ішінде маралдар денесінде кеңінен таралып, ауыл шаруашылығы экономикасына үлкен
зиян тигізетіні - дикроцелиозды-эймериозды инвазиясы.
Э.И.Прядко, В.И.Тетерин, В.А.Моль және т.б. жарып-сою деректеріне сүйене отырып
дикроцелийлермен маралдар 7 айлығынан 20 жасқа дейінгі уақытта зақымданғандығын байқаған.
Дикроцелийлермен зақымдану жылдың барлық мезгілдерінде кездесіп отырады, бірақ көктемде
сирек кездеседі. Ересек маралдарда ЗЭ - 46,5%, ЗИ - 433 жұмыртқа, 1-3 жас аралығындағы
маралдарда ЗЭ - 24,3%, ЗИ - 114 жұмыртқа, қозықаларда ЗЭ - 2,7 % кездеседі [1].
Э.И.Прядко Шығыс Қазақстанда дикроцелиозға шалдығу аналық маралдарда 18,5%,
бұғыларда 46,5%, 1-3 жас аралығындағы жас маралдар 14,3%, қозықаларда (1 жасқа дейінгі
маралдарда) 2,7%-ға дейін кездесетіндігін дәлелдеген [2].
С.Т.Дүйсембаевтың деректері бойынша дикроцелийлермен ең көп зақымданатыны ересек
бұғылар мен аналық маралдар. Қазақстан бұғыларының арасында олардың зақымдану
экстенсивтілігі (ЗЭ)-82-90% құраса, 1-3 жас аралығындағы жас маралдардың ЗЭ-50-80%,
қозықалардың (1жасқа дейінгі маралдардың) арасында ЗЭ-20-40% кездесетіндігін байқаған [3].
205
С.Т.Дүйсембаев және М.М.Искаков маралдарда эймерийлердің 2 жаңа түрін анықтап,
Қазақстан маралдарының жалпы эймерийлердің 5 түрімен, яғни E. catoni; E. uskameni; E. cervi; E.
robusta; E. gallivaleria зақымдалатынын анықтаған. Зерттеушілердің еңбегінде маралдың жас
қозықаларда жоғарыда көрсетілген түрдің барлығы да, зақымдайтынын байқаса, ал 1-3
жастағыларында негізінен E. catoni; E. uskameni; E. cervi; E. robusta, аталықтары мен
аналықтарында - E. uskameni; E. robusta; E. gallivaleria зақымдайтынын айтады [4].
Сондықтанда, біздің алдымызға қойған мақсатымыз маралдардың жасына байланысты
дикроцелий және эймерийлермен зақымдануын анықтау.
Ғылыми зерттеу жұмыстары Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің
ветеринариялық санитария кафедрасының зертханасында және ШҚО марал шаруашылықтарында
жүргізілді.
Өз зерттеулерімізде біз маралдардың дикроцелий және эймерийлермен зақымдануы олардың
жас ерекшеліктеріне байланысты әртүрлі деңгейде болатынын анықтадық. Марал жасына
байланысты
дикроцелиозды-эймериозды
инвазияларына
шалдығуы
келесі
кестедегі
көрсеткіштермен сипатталады [1 кесте].
«Бекті алқа» шаруашылығында дикроцелий және эймерийлердің ересек маралдарда
зақымдану экстенсивтілігі 85,2%, микроскоптың бір көру алаңында дикроцелийлермен зақымдану
интенсивтілігі 1-8 жұмыртқадан кездессе, ал эймерийлермен ЗИ 2-52 ооцистадан тұрады; 1-3 жас
аралығындағы жас маралдардың 82,5%, дикроцелийлермен ЗИ 1-6 жұмыртқа кездесіп,
эймерийлермен ЗИ 2-45 ооцистаны құрады; 1 жасқа дейінгі қозықаларда ЗЭ 78,3%,
дикроцелийлермен ЗИ 1-5 жұмыртқаға дейін кездесіп, эймерийлермен ЗИ 3-32 ооцистадан
ұшырасты.
«Жоғарғы Катунь» шаруашылығында дикроцелий және эймерийлердің ересек маралдарда
зақымдану экстенсивтілігі 76,6%, дикроцелийлермен зақымдану интенсивтілігі 2-5 дана
жұмыртқадан кездессе, ал эймерийлермен ЗИ 3-22 ооциста шамасында байқалды; 1-3 жас
аралығындағы жас маралдардың ЗЭ 70,6%, дикроцелийлермен ЗИ 1-4 жұмыртқаны құраса,
эймерийлермен ЗИ 2-18 ооцистадан тұрады; 1 жасқа дейінгі қозықаларда ЗЭ 62,3%,
дикроцелийлермен ЗИ 1-4 жұмыртқаға дейін, ал эймерийлермен ЗИ 1-12 ооцистадан кездесті.
«Жазоба» шаруашылығында дикроцелий және эймерийлердің ересек маралдарда зақымдану
экстенсивтілігі 72,8%, дикроцелийлермен зақымдану интенсивтілігі 4-9 жұмыртқа кездессе, ал
эймерийлермен ЗИ 4-46 ооцистадан ұшырасты; 1-3 жас аралығындағы жас маралдардың ЗЭ 70,5%,
дикроцелийлермен ЗИ 3-10 жұмыртқа шамасында кездесіп, эймерийлермен ЗИ 2-36 ооцистадан
байқалды; 1 жасқа дейінгі қозықаларда ЗЭ 68,6% дикроцелийлермен ЗИ 1-8 жұмыртқаға дейін, ал
эймерийлермен ЗИ 1-28 ооцистадан тұрады.
«Шұбар Ағаш» шаруашылығында дикроцелий және эймерийлердің ересек маралдарда
зақымдану экстенсивтілігі 76,8%, дикроцелийлермен зақымдану интенсивтілігі 4-7 жұмыртқа
кездессе, ал эймерийлермен ЗИ 5-41 ооцистаны құрады; 1-3 жас аралығындағы жас маралдардың
ЗЭ 74,7%, дикроцелийлермен ЗИ 4-6 дана жұмыртқадан кездесіп, эймерийлермен ЗИ 5-37 ооциста
деңгейінде ұшырасты; қозықаларда ЗЭ 69,8%, дикроцелийлермен ЗИ 2-6 жұмыртқаға дейін, ал
эймерийлермен ЗИ 1-23 ооциста болды.
ЖШС «Енгу Абзал» дикроцелий және эймерийлердің ересек маралдарда зақымдану
экстенсивтілігі 70,8%, дикроцелийлермен зақымдану интенсивтілігі 2-4 жұмыртқадан кездесіп, ал
эймерийлермен ЗИ 6-23 ооцистаны құрайды; 1-3 жас аралығындағы жас маралдардың 67,4%,
206
Кесте 1 - Марал жасына байланысты зақымдануы көрсеткіштері
Ересек маралдар (бұғы және аналық марал) 1-3 жас аралығындағы маралдар
Қозықалар
Зақымдану интенсивтілігі
(ЗИ)
Зақымдану
интенсивтілігі (ЗИ)
Зақымдану интенсивтілігі
(ЗИ)
Шаруашылықт
ың атауы
За
қы
м
да
ну
э
кс
те
нс
ивт
іл
ігі
(
ЗЭ
)
Д
ик
ро
це
ли
йл
ерм
ен
Э
йм
ер
ий
ле
рм
ен
За
қы
м
да
ну
э
кс
те
нс
ивт
іл
ігі
(
ЗЭ
)
Д
ик
ро
це
ли
йл
ерм
ен
Э
йм
ер
ий
ле
рм
ен
За
қы
м
да
ну
э
кс
те
нс
ивт
іл
ігі
(
ЗЭ
)
Д
ик
ро
це
ли
йл
ерм
ен
Э
йм
ер
ий
ле
рм
ен
«Бектіалқа»
85,2±3,6
1-8
2-52
82,5±4,6
1-6
2-45
78,3±5,9
1-5
3-32
«Жоғарғы
Катунь»
76,6±2,7
2-5
3-22
70,6±3,8
1-4
2-18
62,3±7,3
1-4
1-12
«Жазоба»
72,8±9,4
4-9
4-46
70,5±5,6
3-10
2-36
68,6±4,9
1-8
1-28
«Шұбар Ағаш»
76,8±6,2
4-7
5-41
74,7±8,2
4-6
5-37
69,8±8,2
2-6
1-23
ЖШС «Енгу
Абзал»
70,8±3,6
2-4
6-23
67,4±9,9
2-3
5-19
64,3±12,0
1-3
1-9
ЖШС
«Қалихан»
86,4±6,4
1-12
5-51
80,7±5,3
1-9
5-47
74,6±12,5
1-6
5-33
207
дикроцелийлермен ЗИ 2-3 жұмыртқадан ұшырасып, эймерийлермен ЗИ 5-19 ооциста деңгейінде
кездесті; қозықаларда 64,3% теңеліп, дикроцелийлермен ЗИ 1-3 жұмыртқаға дейін ұшырасып, ал
эймерийлермен ЗИ 1-9 ооцистаны құрады.
ЖШС «Қалихан» шаруашылығында дикроцелий және эймерийлердің ересек маралдар
арасында зақымдану экстенсивтілігі 86,4%, дикроцелийлермен зақымдану интенсивтілігі 1-12
жұмыртқаны құрап, ал эймерийлермен ЗИ 5-51 ооцистадан кездесті; 1-3 жас аралығындағы жас
маралдардың ЗЭ 80,7% құрап, дикроцелийлермен ЗИ 1-9 жұмыртқа шамасында байқалып,
эймерийлермен ЗИ 5-47 ооциста кездесті; қозықаларда ЗЭ 74,6% дикроцелийлермен ЗИ 1-6
жұмыртқаға дейін болып, эймерийлермен ЗИ 5-33 ооцистадан кездесті.
ҚОРЫТЫНДЫ
1.Дикроцелиозды-эймериозды инвазиясында әр жастағы маралдар, оның ішінде бұғылар мен
маралдар – ЗЭ 76,6-86,4%, 1-3 жас аралығындағы маралдар 64,4-78,6%, ал қозықалар 52,3-68,3%
құрады.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1 Прядко Э.И., Тетерин В.И., Моль В.А. Зараженность пантовых оленей гельминтами по возрастам и
сезонам года // Изв. АН. КазССР. - Алма-Ата, 1965. - Вып.4. – С. 58-61.
2 Прядко Э.И. Пути формирования и зоогеографический анализ гельминтофауны оленей // «Известия АН
Каз ССР. Серия биология». - 1972. - №46. - С. 39-46.
3 Дүйсембаев С.Т. Марал гельминтоздарындағы мал дәрігерлік-санитарлық сараптау. – Семей, 2001. – Б.44-
45.
4 Дюсембаев С.Т., Искаков М.М. Эймериоз маралов Восточного Казахстана // Вестник СГУ им. Шакарима.
– Семипалатинск, 1995. - №3. – С.150-153.
ЖОЖ: 619:616-092:612.017.1-008.64:636.22/.28
Жайлаубаева А.Р., Жетпісқан Қ.
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті
ПРОБИОТИКТЕР ЖӘНЕ ЕКІНШІ ҚАТАРДАҒЫ ИММУНДЫҚ ТАПШЫЛЫҚ.
В данной статье сказано, что пробиотики стимулируют иммунную систему независимо от
того, что явилось причиной иммунодефицита. Причем пробиотики нормализируют разные
уровни иммунной системы- как местный иммунитет слизистых, так и гуморальный или общий
иммунитет.
In given article it is told procbiotiks stimulirus immune system regardless of the fact that was at the
botton immbne and profioriks normalize different levels of immune system both local immunity mucous
and numoral immunity the general immunity.
Пробиотик дегеніміз- емдік қасиеті бар биологиялық белсенді азықтық қоспа.Олардың
құрамында тірі микроорганизмдер бар.Жануарлардың қалыпты микрофлорасы теріде, асқазан-
ішек түтігінде мекен етіп, денсаулықты нығайтуда аса маңызды. Микроорганизмдердің қызметтері
алуан түрлі: ішек жұмысын реттеу, протеин, көмірсу, май алмасуларына қатысу, биологиялық
белсенді заттарды (дәрумен, аминқышқылдар, ферменттер) өндіру, токсиндерді бейтараптау және
т.б. Сонымен қатар көптеген аурулардың қоздырғыштарына қарсылық көрсетеді. Пробиотиктер-
бірінші кезекте алдын алу, алдын алу емдеуден арзан. Пробиотиктерді алдын алу үшін қолданған
дұрысырақ, ал иммунитет жетіспеушілігін жануардың туғаннан кейін. Бұл маңызды және
экономикалық тиімді, препарат төлдің салмағын ескріп беріледі.
«Ветом» сериясының пробиотиктерін тек ғана алдын алу үшін ғана емес сонымен қатар
бактериялар, вирустар туғызатын жіті ауруларда қолдануға болады, өйткені арнайы емес вирусқа
қарсы төзімділік айтарлықтай интерферон жүйесінің жұмысқа қосылуына байланысты. Бұл
препараттарға бейімділік жоқ. Патогенді микрофлора бактерияға бейімделе алмайды. Организмге
инфекцияның және бактериялардың ену жолы бір, бұл маңызды. Құс шаруашылығында
жүргізілген зерттеулер нәтижесінде «Ветом» тобының пробиотиктерін қолданған кезде етті
бағыттағы балапандардың өсімі жоғарлап, жағымсыз себептерге қарсы тұрулары жақсарған.
Бұзауларға, торайларға ішек жекелей немесе топтастыру арқылы алдын алу немесе емдік
мақсатта жұқпалы емес жіті асқазан ішек аурулары және инфекциялар тудыратын ауруларда
сонымен қатар иммунитетті қуаттандыру және сау ұрпақ алу мақсатында қолданылады.Құстар мен
жануарларға препаратты ішке енгізеді. Жекелеп немесе азық арқылы топтастырып (сүтпен,
уызбен, суытылған қайнаған сумен және т.б.) береді. Емдік мақсатпен препаратты тәулігіне 2
208
реттен 12 сағаттық аралықта 1 кг тірі салмағына 50 мг немесе тәулігіне 1 рет 1 кг салмағына 75 мг
мөлшерінде береді. Мөлшерін және қолдану ережелерін сақтаған жағдайда жағымсыз әсерлері
байқалмайды. Ерекше көрсетілімдер жануар және құстардан алынған өнімдер препаратты
қолданғаннан кейін азықтық мақсатта шексіз қолданылады. Пробиотиктер тек ғана ауруларды
алдын алып қоймай сонымен қатар иммундық жетіспеушілікті де реттейді.
Әсіресе соңғы жылдары малдардың организмінде жиі дамыйтын иммундық жетіспеушілікке
көп көңіл бөлінуде. Ветеринария саласында өте көп көңіл бөлінуде. Иммундық тапшылық
дегеніміз - организмнің иммундық жауабының бұзылуы. Ондай бұзылу бір бағытта, бір
механизмде бірнеше механизмнің дұрыс істелмеуінен болады. Олар көбінесе арнайы емес
иммундық жүйенің фукционалдык белсенділігінің бұзылуынан немесе нақтылы иммундық
жүйенің дұрыс жұмыс істемеуінен туындайды. Мұндай жағдайда мал ауруларының ауыр түрде
жүруі немесе жиілеуі байқалады. Олар созылмалы түріне айналып, сапрофитты микроорганизмдер
патогендік қабілеттілікке ие болып ауруды одан ары асқындыра түседі.
Иммундык жүйеде кездесетін патологияның түрлері:
1)
Иммундық тапшылық - организімнің иммундық жауабының бір немесе бірнеше
механизімінің дұрыс жұмыс істемеуі салдарынан ондағы иммунологиялық статус
көрсеткіштерінің қалыптан ауытқуы.
2)
Аллергиялық жағдай оның биологиялык маңызы - организімде белгілі бір затқа қарсы
денелердің түзілуі.
3)
Аутоиммунды жағдай - морфологиялық және функционалдық ауытқуы бар
құрылымдарға қарсы денелердің түзілуі.
Арнайы иммундык тапшылықтар иммундық жүйенің В - және Т -торшалар деңгейіндегі
өзгерістермен сипатталады. Өзгерістердің деңгейі мен орналасуына байланысты басымырақ
гуморальдық, торшалық немесе аралас иммундық тапшықтарды ажыратуға болады.
Мал организімінде бірінші қатардағы және екінші қатардағы иммундық тапшылықтарды
ажыратуға болады.
Бірінші қатардағы иммундық тапшылық туа біткен, генетикалық негіздегі органзмнің
иммундық жауап бере алмауы. Иммундық жүйенің бұзылғандығы бірінші қатардағы иммундық
тапшылықтарда айқынырақ білінеді.
Екінші қатардағы иммундық тапшылық жүре пайда болатын, организімнің ауруға
шалдығуы салдарынан ондағы зат алмасуының бұзылуынан пайда болады. Олар, сондай - ақ,
цитотоксикалық препараттардың, иондаушы радияцияның әсерінен, жаңа туған төлге ана сүті
арқылы да дамуы мүмкін.Иммундық тапшылықтың дамуында көптеген сатыларды бақылауға
болады. Ондай сатылардың дамуы ұрықтың сүйек кемігіндегі торша элементтердің жетілу
барысындағы дефектілеріне байланысты.
Екінші қатардағы иммундык тапшылық жануарлардың туғаннан кейінгі мерзімінде көп
иммунодепрессанттардың ықпал етуінен де пайда болуы мүмкін.
Иммундық тапшылық организімде қорғаныс функцияларының жиірек бұзылуымен
сипатталады.Екінші қатардағы иммундық тапшылық жануарларда инфекция және тоғышарлар
тудыратын ауруларда, малдар уланғанда, қолайсыз физикалық факторлар әсер еткенде, зат
алмасуының бұзылыуынан болатын ауруларда және басқада себептерден пайда болады.
Иммундық тапшылық көп себепті ауруларда жиі анықталады.
Мал организімінде аурудың салдарынан туындайтын иммундық тапшылықтардың
иммунологиялық жетіспеушіліктің негізінде, әр түрлі механизімдер жатыр. Олар:
1)
Клетка-супрессорлардың шамадан тыс белсенділігі;
2)
Организім мен ауру себептеріне ортақ антигендік детерминанттар;
3)
Макрофагардың қызметінің бұзылуы;
4)
В-торшаларының поликлонды белсенділігі;
5)
Лимфоциттердің функциясын қажытатын факторлар иммундық тапшылықтың осылай
жіктелуі бүгінгі күнгі ғылыми жетістіктерге тікелей байланысты.
Организімнің иммундық жауабының генетикалық, биохимиялық және торшалық
жаңалыктарының ашылуларына байланысты иммундық тапшылықтың жіктелуі де жетілдіріле
бермек.
Достарыңызбен бөлісу: |