Ключевые слова: культура, компетентность, система оценки, кредитная система, контроль, знаний,
навыков,цена.
Summary
Torgaeva K.B. – undergraduate, Kazakh state women pedagogical university
Myrzakhanova A.B. - undergraduate, Kazakh state women pedagogical university
Types of pedagogical competence of students
In the article the actual problem of the present: the importance of the implementation of the student's competence in
consciousness through culture and pedagogy are also considered forms of pedagogical control. On receipt of the sovereignty
of our country became stronger political, economic and cultural ties with other countries, which was an indicator of the
importance of learning a foreign language, defining its goals and pointing to the need to train the students understanding of an
alien world in the process of learning foreign language. Learning foreign languages should not apply only to the features
encountered in the study of language system, but, along with them, it is necessary to resort to the language features of their
native language. Understanding other cultures, to develop their own, to understand the actions and words of other cultures, it
is necessary to compare their culture with the culture of other nations, is clearly unable to find their similarities and
differences.
They do not know their own world, their language, their culture, can not achieve intercultural competence. In order to be
able to find the location of other people in society, culture, few learn the language of the people, you must learn the culture of
the people speaking the language. To teach students to creative activity, new information technologies, personal and
intercultural relations, it is necessary to prevent the emergence of conflicts and their solutions have to be flexible.
Keywords: culture, competence, evaluation system, credit system, control, knowledge, skills, and price.
ӘОЖ 802.0 =00:371.15
СТУДЕНТТЕРГЕ КӨПТІЛДІ БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН
ДАМЫТА ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
ВЕСТНИК КазНПУ имени Абая, серия «Педагогические науки», № 3(51), 2016 г.
79
Раманова Л.Б.
–
PhD докторант,
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
e-mail:
lyakosh_k_88@mail.ru
Мақалада тілдік саясаттың негізгі форматының идеясы тілдің үшбірлігі, атап айтқанда, мемлекеттік тілді дамыта
отырып, орыс тілін қолдап, ағылшын тілін үйрету арқылы биология пәнін оқытудың мәселелері қарастырылған.
Жаһандану тұсында үштілді оқыту ең өзекті мәселенің бірі болып отыр, бұл мақалада үштілділіктің маңызды-
лығы және тұлғаны үштілді білім беру негізінде қалыптастыру жайы берілген. Сондықтан өмірден өз орнын таңдай
алатын өзара қарым-қатынаста өзін еркін ұстап, кез келген ортаға тез бейімделетін, белгілі бір ғылым саласында
білімі мен білігін көрсете алатын, бәсекеге қабілетті, көптілді және көпмәдениетті құзіреттіліктерді игерген
полимәдениетті жеке тұлға қалыптастыру келтірілген. Жоғары оқу орындарында студенттердің көптілді білім беру
жағдайында кәсіби құзырлылығын қалыптастыру компоненттерін қалыптастыру үшін дамыта оқыту мәселесін
қарастыру мақаланың өзектілігін арттыра түседі.
Тірек сөздер: интербелсенді, жаһандану, кәсіби құзыреттілік, көптілді, көпмәдениетті, когнитивтік, психология-
лық және мотивациялық компоненттер, коммуникативтік қатынас, мультимедиа, ұлтаралық қатынас, патриотизм,
халықаралық стандарт
Қазақстан Республикасының шетелдермен халықаралық байланыстары күннен-күнге арта түсуде. Сол
байланыстарды дамыту үшін шет тілін білетін мамандар қажет-ақ.
Президентіміз Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауындағы білім беру жүйесінде үш тілдің —
мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін, ұлтаралық қатынас тілі ретінде орыс тілін және әлемдік экономикаға
үйлесімді кірігу тілі ретінде ағылшын тілін меңгерген, бәсекеге қабілетті маман даярлау міндетін атап
көрсеткенін білеміз. Бұл дегеніміз оқу орындарына жаңа міндеттер, жаңа талап, жаңа мақсаттар қойып
отыр дегенді түсіндіреді. Негізгі мақсаты – өмірден өз орнын таңдай алатын өзара қарым – қатынаста өзін
еркін ұстап, кез келген ортаға тез бейімделетін, белгілі бір ғылым саласында білімі мен білігін көрсете
алатын, көптілді және көпмәдениетті құзіреттіліктерді игерген полимәдениетті жеке тұлға қалыптастыру.
Тек қана жоғары оқу орындарында ғана емес, сонымен бірге, мектептерде де көптілді білім беру үшін
тілді терең меңгерген мұғалімдер дайындау жұмысы да дұрыс шешілуі тиіс. Бір жағынан мемлекеттік
тілдің қызмет аясын кеңейту бізде шешімін таппай жатқан мәселе. Ол ұлттық келісім мен қазақстан-
дық патриотизмді нығайтудағы рөлін арттыру ең басты мәселелердің бірі [1].
Тілдік форматтың негізгі идеясы тілдің үш бірлігіне негізделген. Ол мына кескін арқылы нақтыланып
берілген (1-сурет).
1-сурет. Тілдің үш бірлігі
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасындағы көптілді білім беру жоғары білім беру саласының негізгі
бағыттарының бірі болып саналады. Көптілді тұлғаны қалыптастыру жолында жоғары оқу орнының рөлі
зор, себебі негізгі құндылықтар мен өмірлік қағидалар осы уақытта қалыптасады. Жоғары оқу орнында
студент өзінің мәдени-ұлттық, этникалық қажеттіліктерін жүзеге асырып, оның бойында гуманистік,
жалпы адамзаттық қасиеттердің қалыптасуына қолайлы жағдай және орта жасалады. ҚР БҒМ ұсынған
Тілдің үш
бірлігі
Қазақ
тілі
(дамыту)
Орыс тілі
(қолдау)
Ағылшын
тілі (үйрену)
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Педагогика ғылымдары» сериясы, № 3(51), 2016 ж.
80
мәліметтеріне сәйкес жоғары оқу орындарында көптілді білім беруді еңгізу 2008 жылы басталған. 360
мың күндізгі оқу бөлімінің студенттерінің 1,4%-ы шет тілінде оқиды, ал 40,5 мың адамды құрайтын
профессор-оқытушы құрамының 8,3% шет тілін меңгерген. 2011 жылы бакалавриат деңгейінің типтік оқу
бағдарламасына «Кәсіби қазақ (орыс) тілі» мен «Кәсіби шет тілі» пәндері енгізілді. Халықаралық
стандарттарға сай тілдерді оқудың деңгейлік моделі енгізілуде, институционалды және арнайы акредит-
теуден ЖОО-ры үш тілде өтуі мүмкін, ЖОО-на арналған негізгі оқулықтарды мемлекеттік тілге аудару,
құрастыру мен басып шығару бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде [2].
Көптілді білім – көп мәдениетті тұлғаны қалыптастырудың өзегі. Ана тілінен басқа шетел тілдерінің
бірін білу тұлғаның ой-өрісін кеңейтеді. Маманға шет тілін меңгеру кез-келген шетелдік ортада өзін еркін
ұстап, жаңа кәсіптік ақпараттар легіне немесе жалпы ақпараттық ғаламшарға бейімделу мүмкіндігіне жол
ашады. Әр адамның түрлі әлеуметтік қызметтерінде жеткен жетістіктерінің нәтижелері түрлі болмақ, сол
себептен шетел тілін оқытудың мақсаты тек нақты білім іскерліктерін біліп қана қоймай, сондай тілдік
тұлғаны қалыптастыру болып табылады, оған шет тілі «өмір заңдылықтарында» және «нақты жағдаят-
тарда қарым-қатынас жасай алу үшін» қажет болмақ [3]. Сондықтан қазіргі таңда мектептерде шет тілін
бастауыш сыныптардан бастап оқыту енгізілуде. Себебі, ағылшын тіліне ерте жастан оқытудың тілді
жақсы әрі еркін меңгеруге тигізер әсері мол. Ол адамның интеллектуалдық, тәрбиелік және рухани әлеуе-
тін жақсартады. Көпжылдық зерттеу көрсеткендей, ағылшын тіліне ерте жастан оқыту балалардың жалпы
және тілдік дамуын реттейді, бастауыш мектепте тәрбиенің жалпы білімдік құндылығын көтереді, бала-
ларды өзге ұлт мәдениетін білуге және құрметтеуге үйретеді. Ғалымдардың зерттеулері көрсеткендей,
үлкен адамға қарағанда кішкентай бала ағылшын тілін тез меңгереді. Баланың ағылшын тілін үйренуге
деген қабілеттілігі өсе келе бәсеңдейді. Дегенмен, сол көптілділік іргетасы ана тілден қалануы керек.
Мысалы, жапондар секілді. Олар баласын қашан жапон тілінде дұрыс сөйлей білгенше өз тілінде оқытып,
үйретіп, содан кейін ғана барып басқа тілді білуге ден қоя бастайтын көрінеді [4,5].
Себебі осы саладағы ағылшын тілін оқыту жұмысы әлемдік талапқа сай болмай отыр. Осыған байла-
нысты келешекте осы мәселені шешу үшін нақты іс-шаралар өткізілу керек екендігі айтылып та жүр, іске
асырылып та жүр. Сондықтан жоғары білім беруді жаңартудың негізгі құжаттарында ең негізгі мақсат
білікті маман даярлау деп көрсетілген болатын. Ал, ол жауапкершілігі мол, өз мамандығы бойынша
халықаралық стандарт деңгейінде тиімді іс-әрекетке қабілетті болуы, әлеуметтік және кәсіби бейімділігі
жоғары, үш тілді: мемлекеттік тілді-қазақ тілін, ұлтаралық қатынас құралы ретінде орыс тілін, дүниежүзілік
экономикалық кеңістікке кірігу тілі ретінде ағылшын тілін еркін меңгерген тұлға болуы керек.
Үш тілді білім беру жүйесіндегі жоғары білім беру орны Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
білім беру стандарты талаптарына сәйкес студенттердің оқу дәрежесін алуына барынша қолайлы жағ-
дайлар жасайды. Ең алдымен, жоғары оқу орны оқу жұмысын әдістеме жағынан қамтамасыз етуге
жауапты. Осы мақсатта:
1. Әрбір студентті қамтамасыз ету үшін анықтамалар.
2. Әрбір пәннен студенттер мен оқытушылар үшін оқу-әдістемелік кешендер.
3. Әрбір пәннен дәрісхана жұмыстарын жүргізуге арналған материалдар: дәріс көшірмелері, тәжіри-
белік және зертханалық сабақ жоспарлары, оқу құрал жабдықтары.
4. Студенттердің өзіндік жұмыстарына арналған материалдар: үй тапсырмалары, мәтіндері, әр пәннен
бақылау мен тексеру сұрақтары, тақырыптық баяндамалар және курстық жұмыстар, электрондық оқу
құралдары.
5. Білімді бақылауға арналған материалдар: жазбаша бақылау жұмыстары, тестілер, емтихандық
билеттер және т.б.
Тәжірибе жұмысын жүргізуге арналған материалдар: тәжірибе жұмысын жүргізу үшін әдістемелік
нұсқаулар және жоспарлары, есеп беру, құжат түрлері әзірленеді
Осыған байланысты біздің модель құрудағы мақсатымыз - университет студенттерінің арнайы және
экономикалық дайындықтарын жетілдіру (1-кесте).
1-кесте. Тіл маманы студенттерінің кәсіби бағыттылығын
дамыту моделі
Мазмұндық
сипаттама
Студенттердің кәсіби бағыттылығын дамыту
Таным
Қарым-қатынас
Өзін-өзі
Тұлғалық
ВЕСТНИК КазНПУ имени Абая, серия «Педагогические науки», № 3(51), 2016 г.
81
Психологиялық
сипаттама
жетілдіру
көріністері
Когнитивтік
компонент
- жаңа әлеуметтік-
экономикалық
қатынаста кәсіби
қызметтің қоғамдық
маңызын түсіну -
білу;
- таңдаған кәсібі
саласында кәсіп-
керлік іс-әрекеттің
мүмкіндігін
түсіну-білу;
- нарық кәсіби
өнімінің және білім
ұсынысын
түсіну - білу.
- кәсіби қызметтің
байлығын
және
көп
бейнелігін түсіну-білу;
- тіл кәсібі саласында
нәтижелі
қызмет
ету
факторы ретінде ынты-
мақтастықтың
рөлін
түсіну - білу
- тіл кәсібінің бәсе-
келестік
өлшем-
дерін түсіну -білу ;
- өз іс-әрекетінің
жағымды
және
жағымсыз
жақ-
тарын түсіну-білу;
- болашақ кәсіби
қызметінде тұлға-
лық өсу жолдарын
түсіну-білу
өзін-өзі
бағалау
Мотивациялық
компонент
- жаңа әлеуметтік -
экономикалық жағ-
дайда кәсіпке қызы-
ғушылық білдіру;
- нарық саласында өз
білімін ұсынудың
жолдарын табуға
талаптану;
- өмірде тұлғалық
маңызды
мақсаттарын
барынша жүзеге
асыру.
- тұлғаға объект және
субъект ретінде көңіл
бөлу;
- тұлғааралық қатынасқа
ұмтылу;
-
іскерлік
қарым-
қатынастыққа ұмтылу.
-
білім
беру
саласында
жетістіктерге
жетуге ұмтылу;
-өзінің
жеке
тұлғалық
өзгешелігін
көрсетуге ұмтылу;
-білімін заман та-
лабына сай жетіл-
діріп отыру
Біліктілік
Мінез-құлық
компоненті
-кәсіби қызметінде
білімін қолдана
білу.
- қарым-қатынас жасай
білу,
тәжірибесінің
болымды
жақтарымен
алмасу
- көздеген мақса-
тына
барынша
жету үшін өз іс-
әрекетін түзету
Белсенділік,
өз
мақсатын
жүзеге асыру
Қорыта айтқанда, қазіргі Қазақстандық жоғары оқу орындарының үш тілді білім беру жағдайында
кәсіби бағыттылықты дамытудың ерекшеліктеріне студенттердің білім алу траекторияларын өз
беттерімен тиянақты жоспарлауы; бірыңғай халықаралық жоғары білікті еңбек нарығында бәсекелестік
қабілетке дайындығын дамыту. Сондықтан, «Өзге тілдің бәрін біл, өз тілдіңді құрметте» демекші жас
ұрпақтың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін, өзге тілдерді оқып білуге деген қызығушылығы мен
талпынысын арттыруымыз керек және де сол арқылы Отанға деген патриоттық сезімі жұдырықтай
жүректерінде оттай лаулап тұратын тұлға тәрбиелеуді – басты міндетіміз деп білуіміз керек.
1. Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы. Орта мектепте оқыту процесінде көптілділікті
дамыту мәселелері / Әдістемелік құрал. – Астана 2013.
2. http://www.akorda.kz/kz/category/poslaniya_narody. Қазақстан Республикасы Президентінің Ресми сайты.
3. http://baq.kz/kk/regional_media/post/45590. Университет тынысы газеті. Көптілді білім берудің бүгінгі
жағдайы мен өзекті мәселелері. 17 қаңтар. 2014.
4. http://www.group-global.org/ru/publication/view/3526. Сулейменова Г.М. Үш тілді меңгеру – полимәдениетті
тұлға қалыптастыру кепілі. 19.04.2013
5. К вопросу изучения межпредметных связей в профессиональной подготовке студентов языковых
специальностей. - Вестник КарГУ. - 2007.- №1(45). – С. 79 -81. (Соавтор Г.К. Нургалиева)
Резюме
Раманова Л.Б. – PhD докторант, Кызылординский государственный университет имени Коркут Ата
Особенности обучение для развития профессиональной компетентности студентов в условиях внедрения
полиязычного образования
В статье рассматривается вопросы об языковой формате. Основной идеи языкового формата является
триединства языков, а именно: государственный язык для развития, русский язык - для поддержки, а английский –
для изучения. На основе данной идеи излагается в статье методы обучения предмета «Биология».Известно, что в
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Педагогика ғылымдары» сериясы, № 3(51), 2016 ж.
82
эпохе глобализации и кибернетики полиязыковое обучение является одним из актуальных проблем, в данной статье
рассматриваются его важность и воздействие на формирование личности. Актуальность статьи заключается в том,
что рассмотрены вопросы формирования профессиональной компетентности студентов высших учебных заведений
в условиях полиязычного образования. Таким образом, формирование поликультурной, конкурентноспособной,
компетентной и развитой личности в жизни и науке является основной целью данной статьи.
Ключевые слова: информационная технология, интерактивный, полиязычие, поликультура, психологические и
мотивационные компоненты, коммуникативное общение, международный стандарт, межнациональное общение,
мультимедиа, патриотизм, профессиональная компетентность.
Summary
Ramanova L.B. – PhD students, The Korkyt Ata Kyzylorda State University
Features of training for the development of professional competence of students in the conditions of the introduction
of multilingual education
The article deals with questions about the language format. The main idea of the language format is a trinity of languages,
namely the national language for the development of the Russian language - to support, and English - for the study. On the
basis of this idea is presented in the article "Biology" subject teaching methods.
It is known that the multilingual education is one of the most urgent problems in the period of globalization and
cybernetics. This article considers its importance and impact on the formation of individualsRelevance of article is that
questions of formation of professional competence of students of higher educational institutions in the conditions of
polylingual education are considered. Thus, formation of the polycultural, competitive, competent and developed personality
in life and science is a main objective of this article.
Key words: information technology, interactive, multilingualism, polyculture, cognitive, psychological and motivational
components, communicative communication, international standard, international communication, multimedia, patriotism,
professional competence.
УДК 37.013.77
КРЕАТИВТІЛІК - ТҰЛҒАНЫҢ МАҢЫЗДЫ САПАСЫ РЕТІНДЕ
Мустояпова А.С.
–
п.ғ.к., доцент .
С.Бәйішев ат.Ақтөбе университеті Ақтөбе қ., altyn-ac@mail.ru
Мақала студенттердің креативтілігін қалыптастыру мәселесіне арналған. Психология мен педагогика ғылымында
шығармашылық туралы әртүрлі зерттеулер жүргізіліп келеді. Бұл зерттеулердің ерекшеліктерінің бірі – шығармашы-
лық феноменін анықтау, талдау, саралау болып табылады. Педагогикалық-психологиялық зерттеулерде осы мәселе-
ге сәйкес терминологиялық аппарат жетілдіріле бастады. Креативтіліктің ерекше феномен екендігін шет ел ғалым-
дарының зерттеулері мен қазіргі зерттеулерде креативтілікті жеке тұлғаның интеллектуалдық және тұлғалық ерек-
шеліктері ретінде қарау беталысы айқындалды. Бұл креативтілік мәселесіне деген әр түрлі бағытталғандықты көрсе-
теді: ол әрине, барлық тұлға бірдей жете алмайтын шығармашылық әрекет, рефлекция және субъективті өз-өзін
бағалау негізіндегі тұлғалық маңызды жаңа сапа деп зерттеледі.
Түйін сөздер: креативтілік феномені, шығармашылық іс-әрекет, креативтілікті қалыптастыру, жеке сапалық қасиет.
Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық бағыттарына сәйкес білім беру жүйесін
дамыта отырып, әлемдік білім кеңістігіне ықпалдастырудағы негізгі бағдар – адамды қоғамның ең
маңызды құндылығы ретінде танып, оның рухани жан-дүниесінің дамуына, көзқарастары мен шығарма-
шылық әлеуетінің, танымдық біліктілігі мен мәдени құндылықтарының жоғары деңгейде дамуына, жеке
тұлғасының қалыптасуына жағдай жасау.
Бұл міндеттерді жүзеге асыру еліміздегі жоғары оқу орындарында оқыту процесінің мазмұндық
болмысына жаңа әдіснамалық тұрғыдан негіздеуді талап етеді. Мұндай жаңа әдіснамалық жүйе дәстүрлі
оқыту процесінt жаңа бағыт қоудың қажеттігін көрсетіп, студенттердің оқу-танымдық, шығармашылық
іс-әрекетін ұйымдастыра отырып, креативтілігін қалыптастыруда білім мазмұнының ұлттық негізде
берілуін жаңа өркениеттік бағдар тұрғысынан жетілдіруді қарастырады.
Студент бойындағы креативтілік қабілеттерін дамытуда, олардың өшуіне жол бермеу оның рухани
күшін нығайтып, шығармашылықпен жұмыс жасауға бағыттайды, өмірден кәсіби қызметте өз орнын
табуға көмектеседі. Өйткені, қазіргі кезде орын алап отырған жұмыссыздық салдарынан жоғары оқу
орнын бітірген түлектер кәсіп немесе жұмыс таба алмай отыр. Түлектердің кәсіби құндылық бағдары
ВЕСТНИК КазНПУ имени Абая, серия «Педагогические науки», № 3(51), 2016 г.
83
мектеп қабырғасынан бастап қалыптаспағандықтан мамандық таңдауда қателескен, олар мамандық
таңдаудың орнына мен пән таңдағандары да кездеседі. Осының бәрі жеке тұлғалық қасиеттері мен
сапалардың қалыптаспағандықтарынан туындайды. Осыдан келіп, шығармашылық іс-әрекетке бейімделу
мен креативтілік мәселесінің тіпті болашақ мамандық таңдауда кәсіби бағдарына да, өзін-өзі тану, өзін-өзі
жетілдіру, өзектендіруде де маңыздылығы көрінеді.
Болашақ маман ретінде студенттің өз болмысын тануға ұмтылысына көмектесіп, тереңде жатқан талап
тілегін, қабілеттерін дамыту, сол арқылы оған рухани күш беру белсенділігін арттыру білім беру ісінің
негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.
Қарастырып отырған зерттеулер аясында С.А. Букш пікірі қызығушылық тудырады, ол шығармашы-
лық жеке тұлғаның өзін-өзі дамуының, әлеуметтік өмірде адамның жүзеге асырылуының тәсілі болып
табылатындығын айтады [1].
Шығармашылық принцип әрекеттің белгіленген шекарасын, кедергілерін игеру, адам алынған ақпарат,
білім және өзінің өзекті мүмкіндіктері шегінен шыққан кезде, адамға тән өзін өзі трансценденциялау
қабілетімен ұйғарылады. Практикада шығармашылық жетістіктер жеке тұлғалық қана емес, әлеуметтік
мәнге ие екендігі дәлелденіп, психологиялық-педагогикалық зерттеулерде осы мәселені өзекті етуі
себепті қазіргі психология мен педагогикада шығармашылық іс-әрекет саласында зерттеулердің белсенді
түрде жүріп жатқаны байқалады.
Бұл бағыт креативтілік – бұл білімнің, әрекеттің және тілектің толық өрістеуі деп есептейтін
Р.Арнгейм еңбектерінде мейлінше айқын көрінеді [2]. Психологиядағы эвристика мәселесін зерттей
отырып, В.Н. Пушкин: «соның көмегімен мәселе шешілетін, жаңа стратегия жасалып шығарылатын,
қайсыбір жаңашылдық байқалатын психологиялық процесс... эвристикалық іс-әрекет деген атауға ие» деп
жазды [3].
Креативтілік сипаттамалары белгілі бір нәтиже немесе кәсіби іс-әрекеттерде көрінетін психикалық
қасиеттер кешенімен байланысты. Я.А. Пономорев, Е.Р. Торренс және т.б. креативтілік элементі ретінде
түрлі қабілеттерді бөліп көрсетеді [4,5]. Олардың пікірінше, негізгі қабілет идеялардың проекциялану мен
генеризациялану мүмкіндігінде көрінеді.
Д.Б. Богоявленская креативтілікті жеке тұлғаның «шығармашылық дарындылығы» ретінде қарастыра
келе, шығармашылықты талдау бірлігі – интеллектуалдық белсенділікті (шығармашыл тұлғаның таным-
дық және мотивациялық сипаттарын олардың бірлігінде бейнелеп көрсетеді) және интеллектуалдық
белсенділіктің үш деңгейін: стимулдық - өнімді, эвристикалық және креативтілік деп ажыратады [6].
Алғашқы деңгейге интеллектуалдық белсенділігі танымдық ынта және жігерлілікпен жұмыс жасау
барысында да бастапқы берілген тәсіл шеңберінде қалатын адамдар жатқызылады, олардың іс-әрекеті
сыртқы стимулмен анықталады. Эвристикалық деңгейдегі адамдарға өз іс-әрекетінің құрамы мен құры-
лымын талдау, түрлі міндеттерді өзара салыстыру тән, бұл жаңа шешімдерге ашуға жетелейді. Интеллек-
туалдық белсенділіктің креативтілік деңгейіндегі адамдар құбылыстардың себептерін түсінуге тырысады,
ал бұл өз кезегінде, зерттеудің жаңа мақсаттарына айналады, талдау процесін тереңдетеді.
Егер стимулды-өнімді деңгейлі тұлға берілген тәртіп шеңберінде жұмыс қарқынын арттырып, іс-
әрекетті ұғынбай көшірсе, эврист оны жаңа тәсілдермен орындайды, ал креативті субъект мәселені
теориялық тұрғыда түсіну үшін пән мазмұны тереңіне бойлайды.
Креативтілік, шығармашылық ойлауды қамтамасыз ететін жағдайлар арасынан ынталандыру, өзекті
сұрақ көптігіне орай мадақтау, ізденімпаздық жағдаятын туғызу.
Психологиялық зерттеулерде креативтілік терминімен мәселені өз бетінше ілгерілетуге, көркем идея-
лардың мол санын генеризациялауға және оларды үлгіден тыс шешуге мүмкіндік беретін индивидтің
интеллектуалдық және жеке тұлғалық ерекшеліктері кешені деп түсіндіріледі.
Демек, бұдан шығатын тұжырым: креативтілік - ерекше және бірегей феномен ретінде сипатталатын
бұрынғы зерттеулермен салыстырғанда, қазіргі зерттеулерде креативтілікті әрбір жеке тұлғаға тән
индивидтің интеллектуалдық және жеке тұлғалық ерекшеліктер кешені мен шығармашылық процесінің
биік сатыдағы көрінісі ретінде қарастыру тенденциясы айқын көрінеді. Бұл креативтілік мәселесіне түрлі
тәсілдерді кез келген жеке тұлғаға тән нәтиже ретінде, шығармашыл тұлғалар жететін, объективті әлеу-
меттік мәнді жаңа нәтиже ретінде, рефлексия мен субъективтік өзін-өзі бағалау негізіндегі жеке тұлғалық
мәнді сапа ретінде де зерттеліп жатқандығын дәлелдейді.
Креативтілік - тұлғаның өзін-өзі дамытудағы маңызды фактор. Адамның креативтілік процеске
дайындығы оның тәжірибеге деген ашықтығымен анықталады.
Креативтілік - адамның шапшаң, нақты ойлау, жоғары қызығушылықтарға негізделген бай қиял, ойы
ұшқыр және проблеманы жылдам түсіну қабілетімен танылады. Креативтіліктің негізгі шартының бірі –
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Педагогика ғылымдары» сериясы, № 3(51), 2016 ж.
84
тұлғаның өзін-өзі ұстауы мен өзіне деген сенімділігі. Креативтілік тек қана ойлау операцияларының сапа-
сымен ғана емес, тұлғалық мінездемемен, креативтілік кезеңдеріне қажетті білім, білік, дағдыны меңгеру
деңгейімен ерекшеленеді.
Шығармашылық - жаңаны жасаудағы процесс, креативтілік – адамның ішкі ресурсы, әлеуеті.
Креативтілікте қалыптасқан ойлау жүйесінен бас тарту болып есептелінеді.
Сонымен, білім беру кезеңдері тарихына талдау жасау бүгінде ең алдымен адамның шығармашылық
мәні мен рухани-адамгершілікті дамытуға бағытталған жаңа білім беру парадигмаларын жасау қажет-
тілігін түсінуге алып келді. Бұл ретте білім беру парадигмасының негізгі міндеттері табиғат пен қоғамның
заңдарын оқыту ғана емес, сонымен бірге, әлемнің шығармашылық тұрғыдан қайта жасалуының гуманис-
тік әдіснамасын меңгеруге көмек беру және «адам-табиғат-қоғам» жүйесіндегі қарым-қатынастарды
үйлесімді ету болып отыр. Мұндай міндеттердің негізгі мақсаты адамның шығармашылық әлеуетін сақ-
тау мен дамыту болып табылатын креативтілік бағыт ұстанған білім беру ғана шеше алады.
Шығармашылықтың әрекет есебіндегі тиімділігі жеке тұлғалық қасиет ретінде креативтілікпен
байланысты.
Креативтілік ұғымы педагогикалық-психологиялық әдебиеттерде кең мәнінде былайша түсіндіріледі:
- танымдық мақсатқа жетуге, жаңалықтарға, басталған шығармашылық істі, оны аяқтауға шыдамды-
лықпен немесе оған қызығушылығы болмаса да, жалғастыруға ұмтылысты;
- жаңаны ойлап табуға немесе жаңа идеяны ұсынуы;
- танымдық және шығармашылық әрекетте қиындықты жеңуді;
- ақыл-ой әрекетінің жоспарлылығы мен бірізділігі;
- танымдық мақсатқа жету тәсілдерін, баламаларын іздеу;
- көңіл-күй белгілері (алдағы танымдық және шығармашылық әрекетке орай қуаныш сезімі, ойлап
табу принципінде қиындықты жеңуге даярлық, танымдық және шығармашылық мақсатқа қол жеткізудегі
шаттық, бір нәрсе ойлап табу мүмкіндігіне ырзалық сезімде болу, шығармашылық әрекет басындағы
жақсы көңіл-күй; оның жақсы аяқталатындығына сенім; сәтсіздік және т.с.с. жағдайларда шыдамдылық);
- бақылаудың ішкі аясы, өз мүмкіндіктері мен қабілеттерін танытуға құлшыныс;
- шығармашылық бастамаларда дербес әрі тәуелсіз болуға;
- өзін, өз ісін қорғай алуға, дүниетанымын кеңейтуге, өзінің шығармашылық қабілеттерін және т.с.с.
дамытуға ұмтылыс.
Демек, берілген түсініктер ойдың қозғалысын, оның талдаудан (стимульды-нәтижелі деңгей), ерекше
(эвристикалық деңгей) жалпы деңгейге (креативті деңгей) бірізді өтуін бейнелейді. Олардың бөлінуі
мәселені қою ерекшелігінің, «кенеттен» ашылулардың тетіктерін анықтауға мүмкіндік береді.
Студенттердің креативтілігін қалыптастыруда шығармашылық орта құрудың маңызы зор.
Шығармашылық көзі – танымдық қызығушылық, интеллектуалдық қабілет, білім, ойлау стилі, тұлға-
лық мінездеме, мотивация және қоршаған орта. Осылардың болуы, жетілген түрі мен жоғары деңгейінің
студент бойында болуы оның кез келген іс-әрекетіне интеллектуалдық белсенділікті дамытып, шығарма-
шылыққа жетелеп, креативтілігінің қалыптасуына әсерін тигізеді.
Жоғары мектептегі оқыту процесінде оның креативті іс-әрекеті студент тұлғасын дамытуда бірнеше
бағытта маңызды қызмет атқарады:
біріншіден, студенттің интеллектуалдық қабілетінің, шығармашылық ойлауының, зерделілігінің
артуын, ақыл-парасатының қалыптасуын қамтамасыз етеді;
екіншіден, танымдық ізденістің негізін қалайды, студенттің жан-жақты дамуына жол ашады;
үшіншіден, жаңаны ойлап табады, білім, білік, әрекеті мен қызығушылығын толық түрде іске асырады;
төртіншіден, шығармашыл жеке тұлға қалыптасып, кәсіби білім мен біліктілігінің дамуын қамтамасыз
етеді; психологиялық даярлығын жетілдіреді;
бесіншіден, шығармашылық орта пайда болады соның негізінде әлеуметтік немесе кәсіби бағдар бері-
леді, ал ең бастысы мотивациялық әрекетінің, жағымды қарым-қатынасының қалыптасуына мүмкіндік
жасайды.
Сонымен қатар шығармашылыққа негізделген оқу-танымдық жұмыстарды орындау, инттеллек-
туалдық даму студенттің жеке тұлғасына әсер етуінің күші мен тереңдігін қамтамасыз етеді. Студент
саналылықпен қызығушылықпен атқарған қызметі тану немесе оқудың мәнін түсінуге ұмтылуы оның
тұлғалық дамуына жол ашады.
Студент үшін оқу, кәсіби білім мәні құндылықтар, идеалдар жүйесіне байланысты, осының арқасында
студенттің санасында оқуға түспес бұрын-ақ оның мәні жөнінде түсінік қалыптасады, жоғары мектепте
ВЕСТНИК КазНПУ имени Абая, серия «Педагогические науки», № 3(51), 2016 г.
85
оқу барысында бұл көптеген өзгерістерге ұшырайды. Жетістікке жетудің бір жолы ретінде шығармашы-
лықты қарастырсақ, оның мәні күрделі құрылым ретінде, оған: студенттің әлеуметтік ортасы, креативті-
лігі, жаңа идея табуға ұмтылысы, отбасындағы экономикалық жағдай, қабылданған адамгершілік
құндылықтарға сүйенетін оқудың объективті мәнін оның саналы сезінуі кіреді.
Жеке тұлғаның өзін-өзі дамытудың барлық мәселелеріне шығармашылық қатынасын талап етерлік
өзін-өзі жүзеге асыруда шығармашылық бастаулардың танылу түрі мен тәсілдері акмеологиялық мәде-
ниеттің қалыптасуымен тығыз байланысты, ал акмеологиялық мәдениеттің дамуы, өз кезегінде, жеке
тұлғаның өзіндік дамуына шығармашылық көзқарас танытуымен ұйғарылады. Болашақ маманның кәсі-
біне шығармашылық көзқарас қажеттігі ендігі кезекте міндет ретінде қарастырылған жөн. Жеке тұлғаның
акмеологиялық мәдениет деңгейі төмен болған сайын, соғұрлым өзін өзі дамыту тиімсіз, акме және өзін
өзі жүзеге асыруға қол жеткізу мүмкіндігі де аз.
Креативтілігі қалыптасқан студенттер жоғары мектепке білім алушының жеке білім алу өрісін құруға,
білім алу мақсатын қоюға, оқытудың мазмұны мен нысандарын таңдауға, яғни өзіндік білім алуды
жобалауға қатысуға мүмкіндігі бар, өз білімінің субъектісі ретінде көрінеді. Студенттің іс-әрекеті оның
жеке басының әлеуетін іске асыруға негізделген және оның оқылатын пәндер мен салаларға сәйкес
келетін білім алуын талап етеді.
Демек, терең білім мен креативті тұрғыда шешім қабылдауы, арнайы біліктер студенттің білімді
теориялық, танымдылық негізде қорытуына мүмкіндік беріп, интеллектуалдық белсенді ойлауын жандан-
дырып, шығармашылыққа ұмтылдырады. Студенттің белсенді танымдық ойлауы мен креативті бағдары
арқылы кез келген іс-әрекет «сана сүзгісінен» өтіп, оның ақыл-ойында жүйеленіп, бекіп, оның танымдық
әрекеттерді ұйымдастыру біліктері түрінде көрініс береді.
Достарыңызбен бөлісу: |