Халық ауыз әдебиеті емтихан билеттері билет №1 Фольклордың өзіне тән басты ерекшелігі Тұрмыс-салт жырлары


БИЛЕТ №15 1.Фольклор – сөз өнері



бет15/21
Дата09.12.2022
өлшемі106,19 Kb.
#56163
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21
БИЛЕТ №15
1.Фольклор – сөз өнері.
2. Миф, оның түрлері.
1-сұрақ
Фольклор – ең алдымен сөз өнері. Сондықтан фолклорлық жанрларды жіктегенде әдебиеттану терминдері мен ұғымдарына сүйенеміз. Фольклордағы жанрлар мен түрлер тарихи қалыптасқан, тұрақты сипатқа ие. Фольклорлық тектер мен түрлер, жанрлар арасындағы ерекшеліктер айтушы мен тыңдаушы үшін сондай–ақ зерттеуші үшін де маңызды.
Фольклор – жазба әдебиеттің іргетасы. Онсыз ешбір елдің әдебиеті кемел болмақ емес. Бүгінгі күні фольклор мәселесінің өзектілігі күннен күнге артып, барған сайын оған деген жан-жақты қызығушылық артуда. Этнография, тарих, тіл білімі, тіпті әдебиет тарихы сияқты гуманитарлық ғылымдардың ешқайсысы фольклорсыз өмір сүре алмайды. Яғни, ол – халықтың сан ғасырлық көркемдік ақыл-ойының жемісі, жазу білмеген тұстағы халықтың көркем тарихы. Фольклор қай замандардың көшінен өтсе де, әрбір кезеңнің жанды эстетикалық құралы ретінде талай уақыт сынынан да, талай ғасырлар асуынан да мүдірмей, шашырамай осы күнге жетіп отыр. Жалпы, фольклор халықты біріктіретін мәдени-интегралды жүйе ғана емес, этностық, тұтас халықтың дүниетаным ерекшеліктерін айқындайтын философиялық-адами феномен.
Әдебиет пен фольклордың байланысының тамыры тым тереңде жатыр. Екеуі де сөз өнері болғандықтан бір-бірімен тығыз байланыста дамитыны сөзсіз. Қазіргі заман әдебиетінде фоль­клорлық элементтер рөлі шығарманың көркемдік идеялық концепциясының мазмұнын байытып қана қоймайды, халықты адамгершілік рухта тәрбиелеуде де үлкен маңызға ие. Көркем әдебиеттің фольклормен байланысын тек этно-генетикалық жағынан ғана емес, сонымен қатар тарихи-әлеуметтік тұрғыдан да біртұтас қарастырған дұрыс. Сонда ғана оның көркем әдебиетпен біте араласып кеткен қасиеттерін, оның көркемдік ерекшеліктерін тереңірек ұғамыз. Сондай-ақ фольклор мен қазіргі әдебиеттің бірінен-бірі туындап, дамып жататын жанрлық принциптерін де ескерген дұрыс.
2-сұрақ
Миф. Соңғы уақытқа дейін қазақ фольклорында миф бар деген тұжырым айтылмай келді. Тек мифологиялық түсініктер, мотивтер, кейіпкерлер деп жалпылама айтылды. Еңбек етудің арқасында алғашқы адамның сана-сезімі оянып, табиғатқа саналы түрде әсер ете бастаған кезде, айналаны қоршаған түрлі құбылыстарға назар аударып, оларды өздерінше түсіндіре бастаған. Мысалы: күн мен түннің алмасуы, түнде ай мен жұлдыздың көрінуі т.б. осы сияқты құбылыстардың барлығы алғашқы адамды таң қалдырған.
​С.А Қасқабасов мифке: «Миф – дүниенің, жаратылыстың әр түрлі құбылыстар мен жердің жаратылуын, адамзаттың алғашқы қалай пайда болғанын және аңдар мен құстардың шығу тегі мен мінез-құлқын, ерекшеліктерін түсіндіріп, баяндайтын прозалық шығармалар» (65 бет), – деген анықтама береді.
​Жердің қай түкпіріндегі адамдар болсын дамудың төменгі сатысында аспанды, күнді, айды, жұлдызды тәңірі көріп сыйынбағаны жоқ. «Тәңір» ескі тибет тілінде «аспан» деген мағынаны береді. Аспанның көк аталуы, «көк соққыр» қарғыс әлі қолданылады.
Миф бойынша, дүниенің осы күнгі көрінісі – жер беті, аспан шырақтары, аңдар мен құстардың, өсімдіктердің түрлері адамдардың өмір-салты т.б. – атам заманында болған оқиғалар мен тіршілік еткен мифтік адамдардың іс-әрекетінің нәтижесі.
Мысалы: күн – қасиетті. Қазақ «күн күркіреді» деп оны тәңірінің дауысына балаған. «Күн астында Күнсұлу», «Ай астында Айсұлу» ертегілерінде күннің қызы бар. Шығыс елдерінде Шолпан жұлдызы - Зуһра.
​Мифтегі оқиғалардың болатын шағы – мифтік дәуір. Ол қасиетті уақыт деп есептелген. Мифтік сана бойынша заттың мәнін ұғу үшін оның шығу тарихын білу керек. Қай заттың болмасын шығу тегін білмей, оны пайдалануға болмайды.
​Мифтік санаға рух пен табиғаттың бірлігі тән. Табиғаттағы дүниенің бәрі тең деген алғашқы мифтік сана әлемдегі жанды және жансыз, өлі мен тірі нәрсені жіктемеуден шыққан. Бұл түсінік анимизмді, яғни дүниедегі барлық нәрсенің жаны бар деген сенімді тудырған.
​Мифтік сананың алғашқы кезеңінде адам өзі мен жануардың арасына жік қоймаған. Мифтердегі жартылай адам, жартылай жануаркейіпкерлер осы түсініктің сілемдері. Мсылаы, Кентаврлар.
​Мифтік құбылушылық. Көптеген аспан және тотемдік мифтерде тірінің өліге айналуының басты себеббі-қатты шаршағандық.
С. Сейфуллиннің «Көкшетау» поэмасында:
Болыпты баяғыда Жеке батыр...
Тау бағып жатады екен тігіп шатыр.
Бір күні қарауылда қалғып кетіп,
Сол батыр бүгінгіше ұйықтап жатыр.
Сол батыр осы күні бір үлкен тау.
Көз жұмған көкке қарап сыры үлкен тау.
«Ұйықтаған батыр» дейді таудың атын.
Адамша көлбеп жатқан қыры үлкен тау.
Қазақ мифі грек, австралиялықтардан өте көне емес. Халықтың қоғамдық дамуына сәйкес өзгерген, бұрынғы түсініктерін жаңартқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет