Насихаттау. Дінге қатыстылық белгілеріне қарай адамның
айырықшалығын,
артықшылығын
немесе
толыққанды
еместігін насихаттау – қандай да бір діни топтың басқа діни топпен
салыстырғанда ерекше қасиетке, белгіге, қабілетке ие екені туралы
немесе діни топ өкілдері арасындағы басқа конфессиялармен
салыстырғанда олардың жақсы (үстемдігі) немесе нашарлығы
(толыққанды еместігі) тұрғысынан ажырататын қасиеттердің бар
екені туралы сенім қалыптастыруға мақсатты түрде бағытталған
сөйленісті білдіреді. Мұндай сапалық өзгешеліктердің негіздемесі
түрлі діни конфессия өкілдерін иерархиялық өзгешелігі бойынша
қарсы қоюдың əдісі ретінде пайдаланылады. Белгілі бір дін
өкілдеріне жағымсыз баға беру («құдайсыздар», «адасқандар»,
«жұмаққа бармайды», «құдайды сатып кеткендер») те к олардың
зорлық зомбылық əрекеттерді қолдайтын қатынасты қалыптастыруға
немесе аталған тұлғаларға қарсы жек көру немесе жаулық қарым-
қатынастарды негіздеуге я ақтауға бағытталған болса ғана
экстремистік деп танылады.
Заңда «дінге деген қатынас» деп аталатын белгі бөлек
қарастырылады.
Осы
себеппен
адамның
айырықшалығын,
артықшылықтығын жəне толыққанды еместігін оның атеистік
ұстанымымен байланыстырып, насихаттаған материалдар экстре-
мистік деп танылады.
Достарыңызбен бөлісу: |