П
Пікір – қара. болмыстың тілдік интерпретациясының типтері.
Р
Ру жəне рулық алауыздық
–
ҚР ҚК 174 бап нормасы рулық ала-
уыздықты жандандыруға байланысты жауапкершілікті қарастырады.
Ру – əлеуметтік қауымдастықта өзінің шығу тегін бір атадан тарата-
тын (əке жағынан немесе шеше жағынан) қан жағынан туыстар тобын
танытатын алғашқы формаларының бірі. Ру ұжымшылдық қарым-қа-
тынас, өзара көмек беру, жалпыға бірдей жауапкершілік алу т.с.с. өзі-
не тəн қасиеттерімен сипатталады.
Көшпелі өмір салты ерекшеліктеріне негізделетін қазақ этносына
тəн сипат болып оның ру-тайпалық құрылымы табылады. ХХ ғасы-
рдың басына дейін қазақ этносы үш жүзге бөлінеді: Ұлы, Орта жəне
Кіші, жəне олардың əрқайсысы өз іштерінен ру-тайпалық топтарға
тармақталады. Мысалы, Ұлы жүз қазақтары келесі ру-тайпалық топ-
тарға тармақталады: жалайыр, ошақты, дулат, албан, суан, қаңлы,
сары-үйсін, шапырашты, сіргелі, шаңышқылы, ысты; Орта жүз қа-
зақтары қыпшак, арғын, найман, керей, уақ, қоңырат сияқты ру-тай-
палық топтарға тармақталса; Кіші жүз қазақтары əлімұлы, байұлы
жəне жетіру деген ірі үш ру-тайпалық бірлестіктен тұрады, олар өз
кезегінде шекті, төртқара, қаракесек, қарасақал, кете, шөмекей жəне
т.б. ажыратылады. Қазіргі уақытта ХІХ ғасырдың екінші жартысынан
бастап қазақ елін мемлекеттік басқару жүйесі территориялық ұйымда-
стыруға негізделсе де, қазақтың анықталған бір руға қатыстылығы ол
үшін маңызды орын алады.
Достарыңызбен бөлісу: |